«Ойыншықты  әңгімелеу»

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекет: Сөйлеуді  дамыту

Тақырыбы: «Ойыншықты  әңгімелеу».

Мақсаты:  Балаларды екі  ойыншық  жайлы  шағын әңгімелерді  бейнелеп  айта   білуге, жай  және  күрделі  сөйлемді  қолдану  арқылы ойларын дұрыс  жинақтап, қысқаша әңгіме құруға үйретуді жалғастыру.

Дамытушылық: Балалардың  тіл  байлығын  дамыту.

Тәрбиелік:  Балаларды  отбасын  сыйлауға, достыққа, туған жерін, елін, Отанын сүюге  тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Қажетті  көрнекіліктер: қазақы  көйлек киген екі қуыршақ.

Сөздік жұмыс:  отбасы.

Әрекет  кезеңдер  

Тәрбиешінің  іс – әрекеті

 

Балалардың іс – әрекеті

Мотива

циялық – қозғау

шылық

 

Ғажайып сәт:

Қонаққа  екі  қуыршақтың  келгенін  хабарлау.

Балалар қыызыға  қарайды.
Ұйымдас

тырушы

лық-

ізденістік

-Балалар, ең  алдымен  бізге  қонақ  келсе не дейміз?

-Балалар, амандасудың  да  көптеген  түрлері бар?

-Ендеше, біз  екі  қонағымызды  төрге  шығарайық.

-Балалар, екі  қыз  апалы – сіңлі екен. Яғни  екеуі де  бір  үйдің қызы екен.

Енді  осы  екі қызға қарап  отырып, шағын  әңгіме  құрайық.

Әңгіменің   тақырыбы:

«Айгөлек  пен  Айгүл»

-Иә, яғни Айгүл қазақтың ұлттық киімін киіп алыпты. Қараңдаршы  қандай  әдемі? Сендерде  қазақтың  ұлттық  киімін  кигенді  ұнатасыңдар ма?

-Біздің  ұлтымыз қалай  аталушы еді?

-Иә, біздің Республикамыздың  аты?

-Біздің жеріміз  қандай?

-Біз  туған  жерімізді , Отамымызды  жақсы  көреміз  бе?

-Біздің  жерімізде  басқа  ұлт  өкілдері  тұрады. Олар  қандай  ұлт өкілдері?

-Дегенмен  біз  барлық  ұлт өкілдерімен бірге тату – тәтті өмір сүріп жатырмыз.

-Ал енді, балалар, бізге келген екі қуыршақ қызды әңгімелейік. Айгүлдің шашы қандай екен?

-Балалар , енді сендер Айгөлек пен Айгүлдің ауылына барғыларың келе ме?

-Ендеше барлығымыз көз жұмамыз.

Көз жұму әдісі: Қысқы ауыл бейнесін елестету.

-Боран қалай дауыстайды екен?

-Иә, уілдейді.

Айгөлек пен Айгүлдің отбасында атасы әжесі, ағасы, жеңгесі, әпкелері, інілері бар екен. Сонда олар үлкен отбасылы ма? Әлде кіші отбасылы ма?

«Отбасы» өлеңін оқып беру.

Анаң – күнің , жүрегің,

Әкең – өмір тірегің .

Әжең – асыл ардағың

Атаң – дана қорғаның

Ағаң – қамқор асқарың

Інің – мөлдір аспаның

(М.Қуанышбеков)

-Амандасамыз.

-Сәлеметсіз бе?

-Аман – есенсіз бе?

 

 

-Сәлем! Ер адамдарға кіші ұлдар:

 

«Ассаламағалейкум!! – деп амандасады.

-Қош келдіңіздер!

 

-Әрине ұнатамыз.

-Біздің ұлтымыз қазақ.

-Біздің Республикамыз Қазақстан деп аталады.

-Біздің жеріміз үлкен , байтақ.

 

-Әрине, жақсы көреміз. Себебі біз осы жерде туылғанбыз.

-Орыс, татар, кәріс, ұйғыр, өзбек, қырғыз т.б.

 

-Айгүлдің шашы қара, бұрымды, қолаң және ұзын болып өріліпті. Көздері дөңгеленген, қиғаш қасы, қыр мұрынды, әдемі аузы бар. Ол үнемі өзінің қасынан сіңнісін  тастамайтын қыз екен. Оның сіңнісінің аты – Айгөлек .

-Уууууууууууууууууу

 

-Олар үлкен отбасылы екен.

 

Тақпақты педагог соңынан қайталап отыру арқылы жаттап алу.

Рефлек

сиялық-

түзету

шілік

Екі ойыншыққа сипаттама бере білу керек. Сипаттама  ең әдемі  сөздермен  жеткізе  білу керек.

Күтілетін  нәтиже:

Біледі: мақал – мәтелді білу;

Игереді: әңгімелеуді игереді;

Меңгереді: сурет  арқылы тақпақты жылдам жаттап алуды біледі;

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *