Қыз тәрбие-ұлт тәрбиесі

Қазақ халқы қыз баланы кішкентайынан мәпелеп, аялап қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылық әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген. Қазақ қазақ болғалы қыз сыйлаған. «Ұл- түтін, қыз күтім»деп қызға жақсыны кигізіп, дәмдіні жегізіп,жорғаны мінгізген.  Үйдің оң жақ төріне отырғызған.  «керіс естіген қыздың мінезінің мәні болмайды «деп  өрескел, бейпіл сөз сөйлемеген, анайы қылық көрсетпеген.  «Бақытты байланады, жолы кесіледі «деп қызға қол көтермеген.  Тіпті отырған қыздың аяғын аттамаған . Мұны кесір деп түсіндірген.  Өйткені еркектің де әйелдің де тарайтын түбі-қыз. Оң жақта отырғанда жүз жігіттің арманы болса да қызға бір азаматтың адал жан жары болу парыз ,деп жазады.

Міне кеше қазақ қыздары ата-анадан осылай  тәрбие алып ,өз отбасының ұйытқысы бола білген.

«Қызым үйде -қылығы түзде «демекші қыз баланың жүріс-тұрысы  мен киген киімі тәрбиенің  негізгі болып саналады . Жасыратыны жоқ кейбір әке  қызымен араласуғада уақыты жоқ . Осыдан барып қыз әкесінен суып, әкенің қызға деген,қыздың әкеге деген сыйластығы алыстай бастайды. Кішкентайынан әке мен ағаға емін еркін еркелей алмаған қыз кейбір ер азаматтан жылулық іздеп, жүріп кетіп жатады ашық-шышық киініп жатады ,бұның барлығы әке мен аға тәрбиесіне байланысты. Кейбір әкелер қыздарын қырық үйден тыймай емін еркін босатып қойады.  «Әйел -бесік иесі . Демек әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді » Ал қыз балаға келесек. Қыздың құндылығын құдайдың өзі көтеріп қойған.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *