Қыздар жиналысы. Тақырыбы: «Үлгілі үйдің қыздары»

Казиева Анаргул Мендешевна

Мақсаты: қыздарды  ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету; өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру; қызарды  инабатты қыз болып өсуге баулу.

Тазалық – денсаулық негізі,

Денсаулық – байлық негізі.

Мақал

Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

Жеке бас тазалығының ережелері:

— Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

— Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

— Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

— Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;

— Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;

— Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;

— Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;

— Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің-ақ қолынан келеді;

— Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

— Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;

— Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;

— Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;

— Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;

— Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;

— Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;

— Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына дереу  қой;

— Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киім ілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *