Қоғамдағы педагогтың мәртебесі

«Қоғамдағы педагог мәртебесі»

 

«Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» деп ғажайып дүниенің сырын ашқан, өмірдің қыр-сырын меңгеретін де ұлық тұлғалар. Ендеше ұстаз білімнің отын жағып, бал-шырын нәрін шәкірт бойына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген педагог болу — адам бойындағы ұлы қасиет. Ол жүректің батырлығын да,сезімнің ақылдылығын да, мінездің жайлылығын да,білімнің байлығын да топтастырып, бір арнаға тоғыстыратын, бір сөзбен айтқанда ұстаз-асыл қасиеттердің жиынтығы.

Жалпы педагог мәртебесін арттыру кешенді түрде жүзеге асырылуы қажет және ол қазір біздің мемлекетімізде іске асырылып жатыр. Қазақстан Республикасындағы педагогтерінің еңбегін бағалаудың, ынталандырудың жаңа тәсіліне көшті. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев халыққа жолдаған Жолдауында «Педагог мәртебесін арттыру» мәселесі бойынша Үкіметке жауапты тапсырмалар жүктеп, қазіргі уақытта сол мәселелер бойынша арнайы заң қабылданып, іс- шаралар жүзеге асырылуда.

Педагог мәртебесін арттыру жолында қоғамдық көзқарасты өзгертудің тағы бір жолы – оларды қағазбастылықтан босату. Қазіргі таңда көптеген оқу орындар мен мектептер және балабақшалар заманауи цифрлық форматқа көшсе де, әлі де қағазбастылықтан арыла алмай отыр. Егер педагог бұған жұмсайтын энергиясын балаларға пайда беретін басқа нәрсе ойлап табуға жұмсаса, мүмкін бұл балалардың тұлғалық , танымдық дағдыларын жақсартуға жақсы жол ашатын еді . Бұқаралық Ақпарат Құралдарында педагогтердің жеткен жестістіктерін , тәжірибесін ,білім жолында өзін-өзі құрбан етуі мен жоғары гуманизмін көбірек дәріптесек, халық алдындағы педагог мәртебесі қайтадан өз тұғырына көтеріледі деген үкілі үмітіміз бар!

Педагог мәртебесіне байланысты мәселелерді шешуде негізгі үш жол бойынша ілгерілеу анықталды. Бірінші жол-жаңа деңгейде педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру, екінші жол – жалақыны арттыра отырып материалдық ынталандыру, үшінші жол-педагогтің беделін арттыру үшін имидждік жұмыс жүргізу, мұғалімнің оң имиджін қалыптастыру. Талдау сол күндері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мұғалімдер мен жалпы білім туралы теріс ақпарат болғанын көрсетті. Сондықтан мақсатты имидждік жұмыс өзекті болып қала береді.

«Ел есіңде бір жыл қалғың келсе — ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой — өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының кеңеюіне біздің педагогтардың сіңірер еңбегі орасан. Сондықтан да Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты болсын десек бірегей педагог мамандығын қадірлей білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық. «Білерім — бір тоғыз, білмейтінім — тоқсан тоғыз» демекші, білген сайын білмейтінің көп екенін түсінесің. Сондықтан да шығар белестерім әлі алда. Білімімді кеңейтіп, тәжірибе жинау керекпін деп педагогтарымыз ешқашан өзін білгіш қып көрсетуге тырыспайды. Шын білімдінің зейін — зердесі кең, алыстан қарасаң — кербез, жақыннан қарасаң – кішіпейіл болып келеді. Жүзіне үңілсең — мейірімді, жанына үңілсең — шуағы көрінбек. Біз аянбай жұмыс істейміз. «Бұл – болашағымызға құйылған инвестиция!» деп білеміз. Педагог тұғыры – қоғам мен мемлекет тұғыры. Қай мемлекет ұстаздарына қатысты қандай саясат ұстанса, мемлекеттің беделі де соған сай қалыптасады. Сондықтан еліміздегі мұғалім беделін арттыра түскен заң жобасының қабылдануы ұстаздар мерейін өсіре түсті. «Алты алаштың басы біріксе, төрдегі орын – ұстаздікі» деген халқымызда мұғалімді қадірлеуге байланысты тамаша дәстүр бар.
Әрине білім саласының өзіндік, кәсіби тұрғыда қиындықтары бар. Шын ұстаз шәкірттерінің алдында ешқашан да жалған, жасанды, жүйесіз әрекетке бармайды. Жалпы, әділдік пен тазалықтың бастауы – мектеп. Осы тетік ұмытылмаса, қоғам қай жағынан да көштен қалмайды.
Басты тетік – ұстазда. Үнемі ізденісте жүрген, шеберлігін үнемі шыңдайтын, мәдениеті, адамгершілігі, бар бітім-болмысы жоғары азамат – шәкірттің ғана ұстазы емес, қоғамның ұстазы. Отанымызда ұстаз абыройы артқан сайын, білім мен ғылымның, тәрбие мен мәдениеттің абыройы артатыны сөзсіз.
Дана бабаларымыз балаға білімнен бұрын тәрбие берілуі керек екенін мұнан мың жыл бұрын айтып кеткен. Отбасы тәлімі мен елдік тәрбие – білім жүйесінің әрі өзегі, әрі айнасы. Қазақстанның отаншыл ұл-қызын оқытудың мақсаты мен мазмұны жылдан-жылға айқындалып келеді. Атап айтсақ, мақсат – бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру, ал білімнің мазмұны – елдік тәлім-тәрбие мен адамзат ақыл-ойының інжу-маржаны деп білеміз.

«Егер педагог өте жан-жақты еңбекшіл тұлға болса, онда артынан ерген жас ұрпақта үлгі алып өсетіні белгілі. Міне, сондықтан педагогтің өзіне құнтты болуы, өзінің мінезі-құлқы мен іс-әрекеттері, дүние жүзіндегі бірде-бір адамда болмайтындай, ең күшті бақылауда болатынын сезінуі өте маңызды» — деп

М. Калинин айтқандай педагогтің өз мәртебесін көтеруі өзіне байланысты. Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет! Ұлы қызметте жүрген барша педагогтардың мерейі үстем болғай!

Қорыта  айтқанда,  мұғалімнің  басты  қызметі  жаңа  қоғамға  сай  білімді,

көкірегі  ояу , тәрбиелі,  әр  уақытта  еліне  қызмет  ететін,  оңды-солын

білетін  жақсы  азамат  қалыптастыру.Ал,  мұғалімнің  негізгі  міндеті  қазіргі  кездегі  жаңа  оқыту  мен  тәрбиелеу   технологияларын  меңгеріп,  өз  кәсібін  әрі  қарай  дамыту. Сондықтан да жас  педагогке  жемісті  еңбек  ете

алатын,  өзінің  қабілеттері  мен  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыратын  жағдайлартуғызу  қажет.  Жас  мамандардың  тіршілігін,   еңбегі  мен  жоғары  оқу

орындарынан  кейінгі  кәсіптік  білім  алуын  мақсатқа  бағыттап ұйымдастыру керек.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *