Қош келдің, алтын күз!

Оразова Фатима Ырзабековна

Ертеңгіліміздің тақырыбы: « Қош келдің, Алтын күз»
Тәрбиеші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күзге бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша — «Қош келдің, Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар:Күз

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балаларым.
Ал, балалар,балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» — Бұл не ,балақайлар?
Балалар:Күз
Тәрбиеші: жарайсыңдар! Балалар онда күз ханшайымын ортамызға шақырайық.
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Тәрбиеші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
Балалардың орындауында хор: «Алтын күз» әні
Дінмұхамбет:
Қарашы, күз келді, күз келді
Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен керуен түзеді
Көңілсіз неткен күз еді
Раяна:
Сарғайды тоғай
Сап-сары маңай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып.
Нұрдаулет:
Айнала жым-жырт
Көк аспан сұрғылт
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда
Индира:
Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке
Аліби:
Алақай!, алақай!
Шаттанды балақай
Күз түсті, дән пісті
Айтамыз алғысты
Елнұр:
Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр — сыбдыр түседі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балаларым!
Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Би: Қыздардың орындауында «Жапырық » биі қабыл алыңыздар!
Тәрбиеші:
Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ-сары алтын
Айналанын бәрі алтын.
Кезегімізді әнге берейік. Балалардың орындауында «Кап, кап, тук, тук,тук» әнін қабыл алыңыздар!
Тәрбиеші:
Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған.
Кезегімізді өлең шумақтарға берейік.
Хадиша:
Күзім-ау, күзім-ау
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау
Нұрғали:
Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би білейік ойнайық
Мадина:
Келді міне күз
Айнала сары түс
Керемет, тамаша
Қандай әсем күз
Рамазан:
Сап-сары ғып даланы
Бояпты ғой күз деген
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен
Аружан:
Жапырақ ұшты
Суықта түсті
Сонда да бізге
Қызық көп күзде
Айдарбек:
Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз
Алимжан:
Бір уыс дән шаштық та
Қап-қап қауын алдық біз
Дархан:
Жеттті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң
Той тойлайды халқымыз
Тәрбиеші: — Күз ханшайымы! Ендігі кезекті баларымызды екі топқа бөліп «Лагман жеу» ойынын ойнайық. Ол үшін балаларымызды «Маша» мен «Аю» тобы болып екі топқа бөліп алайық.
Күз ханшайымы: Жарайды. Балалар, ендеше тез-тез екі топқа бөлініп алайық. Мақсаты: Маша мен аюдың суреті тұрады. Олардың аузында жіп болады. Соны қай топ жылдам жинаса сол топ жеңімпаз болады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балаларым! Күз ханшайымы! Біздің топтың ойыны ұнадыма?
Күз ханшайымы:Тамаша сіздің топтың балалары керемет екен.
Тәрбиеші:Күз ханшайымы. Біздің біздің сізге арнаған шағын ғана ертегіміз бар. Тамашалаңыздар. «Шалғам» ертегісі
Тәрбиеші: Келесі кезегімізді барлық балалардың орындаруында «Акуленок» биі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар
Күз ханшайымы:Қандай керемет! Балалар екен.Қандай әдемі! Менің сендерге алып келген кішкентай сыйым бар. Балаларға жемістерді таратып шығады. Ал, балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Тәрбиеші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Қош келдің, Алтын күз» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
« Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.»

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *