Бала тәрбиесіндегі ұлттық тәрбиенің орны

Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың орны

 

«Адамға ең бірінші білім емес, тәбие берілуі керек,

тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»

Әбу Насыр әл-Фараби

         Келер күннің келбеті- бүгінгі балалар.Олай болса, келешегімізді қаншалықты қамдап жатырмыз, балаларымызды қалай тәрбиелеудеміз? Бүлдіршендеріміздің денсаулығы мен құқықтарын өз дәрежесінде қорғай        алып отырмыз ба? Осы және өзге де сансыз сауалдар баршамызды толғанатыны анық.Бұл дүниеде не тәтті, бала тәтті.Не сүйкімді, не қымбат, не артық деп сұралса, бәрінің де бауыр етің балаң десек қателеспейміз.Бала – біздің  көз қуанышымыз, жанымызға жылу сыйлайтын, ізімідің жалғастырушы ұрпағымыз.Болашақ ұрпақ жайында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында:«Қазіргі заманда кез – келген мемлекеттің тыныс тіршілігін қалыпты ұстап тұрудың аса маңызды  шарты  адамдардың өздері, олардың  ерік – жігері, қажыры, білімі болып табылады.Ата – аналар өз балаларын өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлуі тиіс.Олар қазіргі балалар елдің болашағын анықтайтын  ХХI  ғасырдың ересек адамдары екенін түсінуі қажет»- деп көрсетті.Сонда бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы қалыптасатын күрделі іс.Бала қамын ойлаған бабаларымыздың айтқанынан түйгеніміз – қай қоғамның болсын көтерген мәселесі – бала жанына ізгілік дәнін егу.Себебі бала – өмірдің жалғасы, мәні мен сәні.Сондықтан да халық баланы көңілдің гүлі, көздің нұры деп ұққан.Кезінде ұрпақ тәрбиесі, ел тағдыры жөнінде елеулі еңбектер жазып, аталық ақыл айтқан ғалым- профессор Б.Кенжебаев «Бала – біздің болашағымыз.Болашағына немқұрайлы  халықтан ештеңе күтуге болмас еді. Қазақта «Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілер» — деген мәтел бар.Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата да қыран болу керек» — деп отбасы тәрбиесіне ерекше тоқталған.Себебі отбасы бала үшін — алтын бесік.Бала тәрбиесі мен барлық адамгершілік қасиеттерінің  қалыптасуы негізіненотбасында жүзеге асады.Олай болса балаға өз шаңырағында, өз табалдырығында дұрыс тәрбие берілуі – тәрбиенің ең басты шарты.Ата мен әженің, әке мен шешенің балаға беретін үлгісінің құдіреттілігін мойындап, өз ұлтының ертеңін елжірей ойлап, ұлттық тәрбие тағлымын байыптай да батыл айтқан батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «…Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген, дәріс оқыған ұстаздарымды еске түсіріп, ойға бататыным бар.Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата – аналарымның бейнесі елестейді.Өйткені өзімнің әжемдей, әкем – шешем мен ауылдың ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған ешкім жоқ» деп балалық шағын тебрене еске алуы тегін емес.Ұлттық педагогикада «Тәрбие отбасынан басталады» деп тегін айтылмаған.Баланың тәлім- тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «баланы жастан» деп мәтелдеген.Өмірдің базарын бала деп білген халқымыз «жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» — деген.

Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске толы ұлтқа елге бөлінбейтін ортақ мәселесі.Өмірге іңгәлап нәресте келгеннен кейін ата-ананың алдында үлкен қоғамдық міндет тұрады.Ол- бала тәрбиесі.Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана.Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ.Бала үшін ұйқысын төрт бөлген ананың еңбегі ол ер жеткен сайын қиындай түседі.Бала негізгі өнегені алдымен отбасында ата-анасынан алады.Бала тәрбиесі үздіксіз процесс.Баланың жасы өскен сайын, оның араласатын ортасы мен қызығушылықтары да өзгеріп отырады.Өз жасына жеткен кезде бала-бақшаға барады ал, үлкен жауапкершілік тәрбиешінің мойнына түседі.Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.Баланы балабақшаға жіберіп, бақша тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпалықты тәрбиешіге салып қою жеткіліксіз.Баланы балабақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс.Бала-пәк, жүрегі таза.Біз берген тәрбие арқылы ол, қоғамның мүшесі, жеке тұлға болып қалыптасады.

«Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіптәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі керек.Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмірсүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн» деген М.Жұмабаев.Қазіргі қоғам жан-жақты дамыған, жаңа ұрпақты тәрбиелеуді талап етеді.Әр адам-өз заманының баласы.Сол себепті берілетін біліммен тәрбие заманға са  й болуы қажет.Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, тәрбиеге аса ерекше көңіл бөлген.Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген.Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, жамандық пен жақсылықты ажырату сияқты қасиеттерді баланың бойына сіңіреді.Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, сапалы білімді дарыту – қазіргі кезде көкейкесті мәселенің бірі.Жалпы, патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасынан бастау алады.Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады.Тәрбие беруде адамгершілік рухани, еңбек, діни т.б тәрбиенің тоғысу осы ұлттық тәрбиемен байланысты.Ұлттық тәрбие отбасында, бала-бақшада, мектепте барлық жерде де көрініс табады.Олар мемлекеттік нышандар: әнұран, ту, елтаңба, салт-дәстүр, әдет ғұрып,ұлттық ойын, ертегі, жыр, дастандар, аңыз, жаңылтпаш, мақал-мәтел, нақыл сөздер, тиым сөздер арқылы беріледі.Осы арқылы баланың «ұлттық коды» пайда болады.Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін  қара басның пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін.Оның мысалы тарихта аз емес.Тек сол арқылы ғана  халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілікті  ізгі қасиеттерді  қалыптастырып, сіңіртіп, өзінің  Отанына  адал азамат етіп тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі.

Балабақшаның негізгі міндеті – баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету.Баланың нағыз барлық сыртқы дүниені қабылдап, өзіне сіңіретін кезеңі-бұл балабақшадағы кезеңі.Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік қатынастың қарапайым  тәжірбиесінде  өзін өзі таныта білуге, мінез құлық мәдениетіне, жеке гигеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады.Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас, — деген Мұхтар Әуезовтың сөзі шынымен-ақ тәрбиенің өзектілігін көрсетеді.Алайда Тәрбие тезі –таяқ емес.Тәрбиенің нәтижесін бағдаулау өте қиын.Ата-ана баланы тек материалдық жағынан ғана қамтамасыз етер болса, ол ХХI ғасырдың смартфонға алданып, интернетке шырмалған роботын дайындағанмен бірдей.Күнделікті өмірде ауаның маңызы қандай болса, қоғамда өмірде тәрбиенің де маңызы сол деңгейде.Баланың негізінен тәрбиесі, ең бірінші ата-анасына, екінші тәрбиесі яғни мұғаліміне, ортасына, жора жолдастарына, іс-әрекетіне байланысты болады.Бұл орайда тәрбиешінің орныда ерекше дегенмен, жектекші орын – ата-ананыкі екені баршамызға белгілі.Ата-ана баланы тәрбиелеу үшін өзін тәрбиелей білуі керек.Бала үшін өз ата-анасынан асқан ұстаз бен үлгі жоқ.

Мен тәрбиеші ретінде балаға тәрбие беруде ұлттық педагогиканы тағыда алға тартқым келеді.Қазіргі кезде тиым сөздердердің маңызы жойылып бара жатыр.Ал оның тәрбиеде алатын орны ерекше.Мысалы: тамақты сораптап ішпе,- дейді.оның себебі сенің жаныңда отырған адамдардың тәбетін бұзуы мүмкін немесе ас бөлігі тыныс алу жолына кетіп қалуы мүмкін.Дастарқан басында мағынасыз әңгімелер айтуға болмайды.Тамақтану кезінде әрбір адам өзін-өзі ұстай білуі, мүмкіндігінше аз сөйлеуі тиіс.

Ер баланың киімін қыз балаға киюге болмайды.Себебі қыздың бойында нәзіктік, инабаттылық қасиеттер, ер баланың батылдық, қайсарлық сияқты қасиеттері әркімнің өз ерекшелігін сақтауы үшін.Адамға қарап керілмейді, әдепсіздік болып саналады.Тырнақ тістеу, жақты таяну, бетті басу-жамандық шақыратын іс-қимылдар, және сырт көзге сүйкімсіз, ұнамсыз қылықтар.Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді – барлық іс-әрекетті оң жақтан бастап, сол жақтан аяқтаған жөн саналады.Баскиімді теріс киюге, лақтыруға болмайды.Баскиімді әрқашанда таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.Көкті жұлсаң, көктей соласың- жас өскінді жұлып, бейәдеп қылық жасамау турасында айтылған.Суға түкірмейді – су тіршіліктің көзі, оған кесір келтіруге болмайды, себебі біз оны күн сайын пайдаланып отырмыз.Құстардың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба дейді     бұл – әрбір тіршілік иесіне құрметпен қарауға үйрету.Үйді айналып жүруге, жүгіруге болмайды.Бұл «жамандықты шақырма» дегенді білдіреді.Сыпырғышты  төрге қоймайды.Бұл үй ішіндегі жаманшылық, ауру-сырқау сыпырғышпен босағадан шықсын, төрге жоламасын деген ниетпен туған.Дәстүрдің озығы мен тозығы бар деп барлық жерде оны қажет ете бермейді.Тиымдар мен ырымдар жас ұрпақты жаман әдеттен, арам тұрмысында кездесетін барлық бағытта, тиымдар мен ырымдарды ұрпақ тәрбиесінде қолданып келген және бұл үлкен маңызға иеболып, бүгінгі күні де күшін жойған жоқ.Осы тиымдар мен ырымдарды ұрпақ тәрбиесінде қолдана отырып, біз өскелең ұрпақты ұлтымызға, дінімізге жат әдеттен сқтаймыз.Оларды әдептілікке, үлкенді сыйлай білуге, кішіпейілділікке тәрбиелейміз.Өзге елдің озық тәрбиесін бала бойына еріксіз сіңіргенше, ұлттық педагогикамыздың қайнар көзі арқылы берген тәрбиеміз қай жерде де өз нәтижесін береді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *