Қосдипломды білім алудың жаңа мүмкіндіктері

Орталық Азиядағы табысқа жеткен университеттің бірегейі – ҚазҰУ. Еңбекті оңтайландырудың кластерлік тәсілі кешенді құрылымдық жаңғырту жұмыстары жүргізілді көшбасшы университеттермен бірлесе отырып, қос диплом және ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары жүзеге асырылды.

Қос диплом бағдарламалары халықаралық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бір мезгілде екі диплом алу арқылы студенттердің өз академиялық білімін тереңдетіп, мәдениетаралық алмасуға қатысып, кәсіби мансап жолында кең мүмкіндіктер ашылады. Қос дипломды білім беру екі оқу бағдарламасын қатар меңгертуді көздейді. Жалпы студент бір мезгілде екі бағдарламаны меңгере отырып, Білім туралы екі тең құнды диплом немесе негізгі білімін растайтын бір диплом және қосымша алған білім туралы екінші диплом алуы.

Яғни қос дипломды білім алу бір жоғарғы оқу орнында оқып жүріп, сондай-ақ белгілі бір кезең ішінде серіктес шет елдің жоғарғы оқу орнына оқуға бару мүмкіндігін айтамыз.

            Қосдипломды бағдарламаның артықшылықтарының бірі бұл студенттің 4 жыл ішінде екі диплом алуға және табысты мансап құруға үлкен мүмкіндігі, өйткені шетелде оқу тәжірибесі жұмыс берушіден сұхбат алған кезде бәсекеге қабілетті маман болуға мүмкіндік береді. Қос дипломның бағдарлама шеңберінде студент уақытын шығынынсыз жұмсап, екі университеттің дипломды маманы болады және әрі қарай шетелдік жоғары оқу орындарының магистратурасына, әсіресе студент диплом алған жоғары оқу орнына түсуге артықшылықтары бар.Одан өзге, студент басқа елдердің студенттерімен қарым-қатынас жасап, тілдік тәжірибе және тілдік орта студенттің тілдік дағдыларын жақсартуға мүмкіндік береді . Ары қарай жұмысқа орналаса отырып, шетелдік компанияда тәжірибеден өту мүмкіндігі көп.

Дегенмен, қос диплом бағдарламаларының қиыншылықтары да бар. Бірден екі жоғарғы оқу орындарында оқуды жоспарлап отырған студентке екі оқу бағдарламасына ілесу қиын болатынын түсінуі керек. Екі диплом алу үшін көп күш жұмсауға тура келеді, өйткені Халықаралық бағдарламалар бәсекеге қабілетті мықты мамандарды шығаруға бағытталған. Студенттерге қойылатын талаптар Жоғары. Көптеген серіктес жоғарғы оқу орындары тілдік дайындықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ оқу процесіне толық енуді талап етеді. Бұл талаптарды серіктес- жоғарғы оқу орындарының еліне келген студенттер мінсіз орындауы тиіс.

Бүгінде қос дипломды білім беру студенттер мен жоғары оқу орындарының алдында ашылған үлкен мүмкіндіктерінің арқасында ерекше өзектілікке ие болды. Оқу орындары шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік алады, ал студенттер халықаралық білім беру бағдарламалары бойынша білім ала отырып, отандық және еуропалық жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарлы оқытушыларынан жоғары сапалы білім беру қызметтерін алады.

Бүгінде ҚазҰУ қос дипломды бағдарлама бойынша мамандар даярлауда Ла Сапиенза  (Рим, Италия), Неаполь (Италия), Париж (Франция), Стамбул (Түркия), Орта Азия университеттерімен және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеттерімен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда.

Қос дипломды білім беру студенттердің, Оқытушылардың, зерттеуші-серіктестердің халықаралық жеке қарым-қатынасының бірегей ортасында білім алудың тамаша мүмкіндігі болып табылады. Оқыту арнайы әзірленген бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Білім туралы берілетін құжаттар елімізде ғана емес, шетелде де жарамды болып табылады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *