ҚМЖ Жаратылыстану 3 сынып «Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланыс»

БӨ  БӨЛІМ:   Жанды табиғат. Жануарлар Мектеп:№32 жббом

ММұғалімнің аты-жөні:   Айлшиева Рахат

Күні: 10.10.2019ж  
Сынып: Қатысқандар:23                   Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланыс
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: 3.2.2.3 — өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу

 

Сабақ мақсаттары:

 

Барлық оқушылар:Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттей алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Өсімдіктер мен жануарларды сипаттайды,салыстырады.

Кейбір оқушылар: Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты нақты түсіндіріп бере алады.

 

Бағалау критерилері Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты нақты деректер арқылы түсіндіріп бере алады.
Ойлау деңгейлері Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі ортақ белгілері мен айырмашылығын  біледі,олардың табиғаттағы өзара байланысын  түсінеді,зерттейді .
Тілдік мақсаттар

 

Тілдік дағдылар:топпен,жұппен,жеке берілген тапсырманы талқылайды,түсіндіреді (айтылым,тыңдалым),тақырып бойынша берілген түсіндірме мәтінді оқиды(оқылым),керекті ақпаратты жазады(жазылым)
Құндылықтарды дарыту:

 

 

Табиғаттың жанашыры болып, табиғатты қорғауға өз үлесін қосуына ықпал ету
Пәнаралық байланыстар   Әдебиеттік оқу.(«Киіктің айласы»)
Алдыңғы меңгерілген білім

 

Табиғаттағы өсімдіктер тіршілігі,табиғи бірлестіктер туралы сипаттауды біледі,түсіндіре алады
Саралау Тапсырмаға байланысты қолдау тұрғысынан жетелеу сұрақтары қойылады
Бағалау

 

Әр оқушының  жұмысын бақылау,сұрақ қою.Оқушылар  бағдаршам арқылы топтық бағалау,коментарий жасау

 

                                                                 Жоспар
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған жаттығулар

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

1.Раппортау.

Бәрі бірге :

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған

(Оқушылар жүрекше жасайды, бастарын көрсетеді, алдымен оң қолын, содан кейін сол қолын көрсетіп , өлең шумақтарына сәйкесқозғалыс жасайды)

Жұмыс ережесін еске түсіру

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып,бағалауда әділ боламыз!

 

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау:

-Жануарлар мен өсімдіктердің табиғаттағы тіршілігі туралы не білеміз?

-Олардың өзара қандай байланысы болады?

-Жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланысын қарапайым тәсілмен қалай зерттейміз?

 Тақырыпты хабарлау

 «Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланыс»

№1 тап-ма Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

-Ғаламшардағы барлық өсімдіктер жойылып кетсе не болады?

-Өсімдік әлемін қорғау үшін адам не істейді?

Өткен тақырыпты пысықтау барысында тест алынады.

1.Жарықта өсімдіктің жасыл жапырағында…..түзіледі.

а)көмірқышқыл газ          ә)оттек       б)су

2.Өсімдіктің жылуды көбірек алатын мүшесі-……

а)тамыр     ә)сабақ           б)жапырық

3.Дәрілік өсімдіктерді жинау орман бірлестігіне қалай әсер етеді?

а)бірлестік өзгермейді      ә)өсімдіктің саны мен түрлері азаяды     б) өсімдіктің саны мен түрлері көбейеді

Мақсат:Өсімдіктер бөлімі бойынша  алған білімдірін жинақтау.

Дескриптор:Табиғаттағы өсімдіктер тіршілігі туралы біледі,зерттейді, айта алады

Оқулық
Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың аяғы

Тап-ма №2 Топтық жұмыс.

Әр қатардағы берілген сөздердің қайсысы артық?Неліктен?

-Қырын,шортан,сілеусін,көктерек

-Шырша,елік,түймедақ,итмұрын

Әр қатардағы «артық»сөздердің арасында қандай байланыс бар?

 

Қатар сөздері бар карточкаларды тарату,байланыстырып ой түйіндеу:

ұя — құс — құрғақ шөп,

тиін — қуыс — мүк,

шырша бұтақтары — апан — аю.

Берілген сөздерден ой,пікір айту: Тұқым,өсімдік,жануар,табиғат,көбею

Әр топты тыңдау,топтық бағалау.

Дескриптор:Артық сөзді таба алады,сөздерді байланыстыру арқылы ой түйеді,пікір айтады.

 

Оқулықпен жұмыс 32-б сурет бойынша жұптық жұмыс жасату.

-Өсімдіктер мен жануарлар не істейді? (Қоректенеді).

-Бірінші суретте қандай үдеріс бейнеленген? (Фотосинтез үдерісі).

-Өсімдік нені сіңіреді?(Күннің энергиясын).

-Одан әрі не болады? (Оттек мен көмірсу, органикалық заттар.)

-Қоректену арқылы жануарлар не алады? (Энергияны). Дескриптор: оқушылар жануарлар да өсімдіктер секілді қоректенетінін, өсімдіктерден энергия алатынын білетін болады.

 

Сергіту сәті

Көбелектер тұрып ертемен,    Күлімсіреп керілді

Бір -шықпен бетін жуды,        Екі- шыр айналып бұрылды.

Үш-еңкейіп жерге жетті,        Төрт дегенде ұшып кетті

Бес дегенде қонды.

 

Топтық жұмыс. Суреттерге мұқият қарап, олардың ортақ ұқсастықтарын табу. Сұрақтар:

-Суреттегі көпіршіктер нені білдіреді? (Өсімдіктер мен жануарлар су астында да тыныс алады.)

-Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы құрғақ жерде де тыныс алады ма?

-Су астында байқалғандай көрінеді ме? (Тыныс алады, бірақ байқалмайды).

-Фотосинтез үдерісі кезінде не болатынын еске түсіріңдер(көмірқышқыл газ сіңіріліп, өсімдіктен оттек бөлінеді).

-Бұл өсімдіктің тыныс алмай, тек көмірқышқыл газды сіңіретінін ғана көрсетпей ме?

Дескриптор:суреттерді салыстырады, ұқсастықты табады,  байқайды,түсіндіріп айтады.

Барлық топ жауаптарын тыңдап көру,толықтыру.

Оқулықпен жұмыс 33-б мәтінді оқыту. Топтық жұмыс «Ойлан,талқыла»

Тапсырма:

Сабақ басындағы болжамдарымыздың көбісі сәйкес келді ме? Қандай мәліметтерді толықтырып, нені алып тастадыңдар?

-суреттегі жануарлардың іс-әрекетін сипаттап айтып көріңдер.

 

Дескриптор:мәтінді оқиды,түсінеді,айтады,сутер бойынша сипаттап береді.

 

«Түртіп алу» Жұмыс дәптері:33-беттегі Есте сақта!

Қорыту

Ойын «Жануарды қоректендір»(Аю-жидек,көжек-сәбіз,елік-шөп)

 

 

 

 

Өсімдік тұқымдары мен жемістері бар суреттер, құстар мен аңдар суреттері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы Рефлексия(«Білім қоржынына» стикер жапсыру)

Не түсіндім?          Не түсінбедім?          Нені әлі білгім келеді?

 
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциациялық тасырма. Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беру.Әр балаға өз деңгейіне сай тапсырмана орындату.  Сабақтың басындығы көңілдерің неге ұқсайтынын естідік, ал енді көңіл күйлеріңді неге теңейсіңдер?

 

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

 

                                                  Сабақ бойынша рефлексия

.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары сабақ тақырыбына  қарай дұрыс қойылды деп ойлаймын,себебі ҰМЖ,ОМЖ –на қарай құрылды.
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Оқушылар толықтай ОМ қол жеткізе алды,себебі,мақсат сынып  деңгейіне сай қолжетімді құрылды.
Жеткізбесе, неліктен?  
Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Топтық,жұптық,жеке жұмыс түрінді берілген тапсырмалар оқушы деңгейіне сай берілді.Тапсырма орындау барысында:

Барлық оқушылар:Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттей алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Өсімдіктер мен жануарларды сипаттайды,салыстырады.

Кейбір оқушылар: Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты нақты түсіндіріп бере алады.

 

Сабақтың  уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақтың  уақыттық кезеңдері  сақталмады,себебі тапсырманы  көп алынды.Сабақтың басым бөлігі ортасына бөлінді.Келесі сабақта осы тұсын ескеру керектігін жоспарлап отырмын.
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Сабақ жоспарынан  ауытқулар болған жоқ,бастапқы құрылған жоспар бойынша өтілді.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *