Қарқаралы және ондағы орын алған қайғылы оқиғаның тарихнамасы

Николай Кенже

Қарқаралы және ондағы орын алған қайғылы оқиғаның тарихнамасы

 

Аңдатпа. Жалпы мақалада осы өңірде өткен маңызды тарихи оқиғаға қатысты құжаттық материал негізінде жазылған және Кеңес өкіметі жауларының қолынан қайғылы қаза тапқан Қарқаралықтарға арналған. 1921 жылғы Орталық Қазақстандағы қарулы көтерілістер мен көтерілісшілер қозғалысының проблемасын талдау. Яғни, мәселенің дереккөзі мен тарихнамасына сипатталады.

 

Түйін сөздер. Қарқаралы және қазақ қауымы, қазақ халқы, дін, саясат, мәдениет, және т.б

 

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін тарих беттерін қайта саралап зерттеу батыл қолға алынды. Отан тарихы егемен ел талабына орай зерттеліп, бұрмаланып келген және ақиқаты ашылмаған мәселелер қайта қаралып, оған дерек көздерімен дәлелденген объективті бағасы беріле бастады. Соның нәтижесінде кеңестік идеология тыйым салып, қатаң бақылауға алған халық тарихы қайта зерделене бастады. Айрықша мән беріліп қайта зерттелуге тиісті тақырыптардың бірі 1921 жылғы Қарқаралы оқиғасы тақырыбын қайта зерделеу, айтылмаған, жазылмаған ақиқаттарды ашу — қазіргі заман талаптарының жаңа міндеті екені айқындалды. Оқиғаның басталуы және сол мезетте қайтыс болған құрбан саны және де сол оқиғаның салдарынан қаза болған алаш азаматы Сатылған Сабатаев пен Мәди Кеңесұлы осы кезде өткен жендеттер де емес қызыл армия қолынан қаза  тапқан. Осындай материалдар жөнінде ғылыми арнадан қайта зерделеу және бұрын айтылмаған деректерге сүйеніп тың деректерді қосқанымыз бұл зерттеудің маңызын арттырып, бүгінгі өмір талаптарының өзекті мәселесіне айналдырды.

Иә, Қарқаралы – Алаш қозғалысының саяси бесігі. Алаштың алыптары, осы өңірдің тумалары Ә.Бөкейханның, Ж.Ақбаевтың, Ә.Ермековтің, ағартушы-ғалым А.Байтұрсынның ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси қызметі Қарқаралымен тығыз байланысты. Тәуелсіздіктің алтын таңы атқаннан бергі уақыт ішінде аяулы есімдері халқымен қайта қауышқан олардың өмірі мен қызметі туралы сүбелі тарихи еңбектер, құнды зерттеулер жазылды, шаңға көмілген парақтар аршылып, отандық тарихтың төрінен орын алды.

Яғни, Қарқаралы өңірі Еуразиялық кеңістіктің кіндігінде орналасқан. Сондықтан Еуразиялық кеңістікте сонау сақ-ғұн дәуіріндегі қандай да болмасын өткен тарихи кезеңдер мен маңызды оқиғалар осы өңірге өзінің әсерін тигізбей қалған жоқ. Сондықтан Қарқаралы – ежелгі дәуірдегі ғұндардың батысқа миграциясын, орта ғасырларда түркілер мемлекеттілігінің қалыптасуын, Дешті Қыпшақ даласындағы қанқұйлы жорықтарын, Қазақ хандығы тұсында қалыптасқан билер және батырлар институтын, патша үкіметінің отаршылдық саясатын, елдің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш зиялыларының іс-қызметін және Кеңестік дәуірдің зобалаңы мен даму ерекшеліктерін бастан кешірген өңір болғаны мәлім.

Сондай-ақ, қазақ халқының ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің шырқау шыңы 1905 жылғы оқиғаларға байланысты екендігі тарихи ақиқат. Яғни, еліміздің тарихында тұңғыш рет отаршыл империяның ең биік билік орындарына жолданған саяси құжат «Қарқаралы петициясы» болатын. сол жөнінде осы төменде тақырыбымыздың алғашқы бөлімшесінен бастап, Қарқаралы оқиғасының тарихи маңызына дейін қаралған болатын.

Атап айтқанда, Қарқаралының тарихымен танысып, сондай-ақ, сол кездегі болған оқиға жөнінде де қысқаша сыр шерттік. Көріп отырғанымыздай сол кездегі оқиғалар жөнінде газет журналдар жазылған деректер ғана сақталған. Бүгінгі күні сол жердегі архив деректерімен айналысу өзекті болар еді.

Мұндағы зерттеу жұмысының өзектілігі ол 100 жыл арада өткен кеңестік тарих ғылымында 20 ғасырдағы оқиғаларды қамту ғылыми тұрғыдан гөрі идеологиялық тапсырманы көбірек орындады. осы ғасырдың тарихында 1918-1922 жылдардағы Кеңестік Ресейдегі азаматтық соғыс тақырыбы ерекше назар аударуға тұрарлық, өйткені бұл оқиға елдің одан әрі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен әсер етті.

Азамат соғысы тарихнамасының негізгі сұрақтары мыналар болды: Коммунистік партияның жетекші рөлін зерттеу, Кеңес өкіметі мен Қызыл Армияның жеңісті тәжірибесін қорыту. Азаматтық соғыстың соңғы кезеңіндегі шаруалардың қарулы көтерілістері (1920-1922 жж.), Қазіргі тарих ғылымында «кіші азаматтық соғыс» деп аталды, «кулак социалистік-революциялық», «кулак-ақ гвардияшылар», «бандиттер» бүліктері деп түсіндірілді. 20-жылдардағы кеңестік Ресей территориясындағы антикоммунистік демонстрацияны кеңестік тарихнамада мұндай түсіндіру олардың табиғатын, қозғаушы күштерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар олардың бағалары мен тарихи маңыздылығын анықтауға нұсқау берді.

Яғни, 1921 ж. Қарқаралыдағы қайғылы оқиға тек қаланың ішіндегі қырғынмен шектелмегені белгілі. Сол күндері-ақ банданың қолынан қаза болғандардың ішінде уездің алыс ауылдарының тұрғындары да көп зардап шегіп, шығынға ұшыраған. Мысалы, мұрағат құжаттары Карбышовка (бүгін Көктас болып атауы өзгерген) мен Комиссаровка селоларының біраз тұрғындарының қарақшылар қолынан қаза тапқанын көрсетеді.

Сондай-ақ тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаев халыққа арнаған «Қазақстан — 2030» стратегиялык жолдауында Қазақстандық патриотизм идеясын ұлттық кауіпсіздік стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде атап көрсетті «Елбасы жолдауында, біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз», — дейді. Әрине бұл стратегиялық идеялармен біздің ғылыми зерттеу жұмысымыз сәйкес келеді және аталған бағдарламалардың қолданбалы міндеттерін шешуге өз септігін тигізетіндігі анық.

Мақаланың зерттелу деңгейін қарастыра отырып, бұл мәселеге байланысты кеңестік кезеңде ғылыми әдебиеттердің көптеп шыққандығын көреміз. Бірақ, олардың барлығы ғылыми тұрғыдан объективті өлшемдерге сай деп айтуға болмайды. Зерттеліп отырған мәселенің шеңбері кең болғандықтан әдебиеттерді тақырыпқа байланысты бірнеше блокқа бөліп қарастыруға болады.

Тарихта «Қарқаралы петициясы» деген атпен белгілі болған талап-арыз (Шынында біреу ғана емес.) зерттеушілер назарына ерте-ақ ілінген болатын. Көрнекті ғалым Санжар Асфендияров «История Казахстана с древнейших времен» (Алматы, 1993 ж.) деген еңбегінде бірінші орыс революциясының дүмпуімен қазақ даласында отаршылдыққа қарсы наразылық бой көтерудің көрініс ретінде дүниеге келген бұл петиция туралы білген. Бірақ, өз кезіндегі идеология ықпалынан шыға алмай, бұл қозғалыстарға біржақты, тіпті немқұрайлы баға береді. Мысалы, аталған кітаптың 271-бетінде былай деп жазады: «…Қазақ газеттері шы-ға бастайды, қоғам қайраткерлерінің, «құрметті адамдардың», яғни, билер мен ақсақалдардың съездері жиналады. Көптеген съездер (Қарқаралы, Орал, т.б.) дәл сол «құрметті адамдар» мен интеллигенцияның съездері еді. Жиындарда үкімет атына петициялар мен тілек-өтініштер қабылданды. Әсіресе, отарлау саясатына көп орын берілді, өйткені қоныс аудару белгілі дәре-жеде қазақ қоғамының барлық қабаттарына залал келтірді».

Ал, екінші бір ірі қайраткер Тұрар Рысқұлов осы мәселе жөнінде: «1905 жылғы манифестке байланысты қазақтар арасында митингілер өткізілді, дін және жер тақырыбына петициялар жазылды…» [1] деп, — көрсетеді. Осылайша, көтерілген мәселелер «Дін және жер» тақырыбы төңірегінде шектеліп қалған деп білген. Бұған  да коммунистік идеологияның салқыны тиген.

Шет елдерде жүріп отарлық езгідегі қазақ халқының мүддесін қорғаған, Кеңестік құрылысты үнемі сынап өткен көрнекті қоғам қайраткері Хасен Оралтай «Алаш-Түркістан түркілерінің ұлт-азаттық ұраны» деген еңбегінде Қарқаралы петицияларының жазылуына байланысты жиындарды «Алаш» партиясының бастау шағы деп түсіндіреді. «Партиялық қызмет жасырын жүргізілгендіктен, — дейді  Х.Оралтай, — Алаш партиясының тұңғыш (құрылтай) съезі 1905 жылы маусым айында 14500 қа-зақ түркісінің қатысуымен Қарқаралыда өткізілді. Бірақ, ресми түрде Алаш партиясының съезі болып есептелмейді. Солай бол-ғанмен де 1905 жылғы съезд Алаш партиясының съезі екендігіне күмән жоқ. Өйткені, 1905 жылы съезді ұйымдастырушылар, оның басқарушылары және онда шығып сөйлегендердің бәрі Алаш партиясының мүшелері еді. Бұл съезге Алаш партия-сының лидері Әлихан Бөкейханұлының өзі қатысты» [2].

Сондай-ақ осы оқиғада құрбаны болған. Алаш азаматы Сатыған Сабатаев жөнінде қысқаша баян ете кеткен. Ғалымдардың бірі, ғалым және музейтанушы  Марат Абдешев «Казахстанской правде» 10 август 2005 жылы былайша сипаттайды екен:

«Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Сабатаев Қарқаралыда агроном болып жұмыс істеді. Ол 1921 жылы 15 сәуірде Қарқаралы ауданының Ботақара аймағында Қытай шекарасына қарай шегініп жатқан ақтардың қалдықтарын қуып жүрген қызыл гвардияшылардың қолында абсурдтық апат салдарынан қайтыс болды. Бірақ, ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ баспасөзінің хабарлауынша, сол кезде Қарқаралыда қайғылы оқиғалар болды, дәлірек айтсақ, ақ гвардияшылардың қалдықтарын анықтау және бейтараптандыру деген желеумен қазақ зиялыларын аяусыз қудалау бастаған еді».

Сондай-ақ, даладағы жағдай өте қауіпті болды. Биліктің әлсіздігі кең таралған бандитизмге ықпал етті. Семейдің «Степная правда» газеті былай деп жазды: «Қызыл Армияның қарулы сарбаздары мен жылқы ұрлаушылары далаға асығады. Олар адамдарды тонайды, жылқыларды ұрлайды. Қырғыздар тауда жасырынып жатыр», — деп сипаттап өткен болатын.

Ал, Ж.Бектуровтың «Новь древнего края: Из истории Каркаралы» атты еңбегінде Қарқаралыда болған оқиғаны балалық шағында есінеде қалған естеліктерімен осы еңбегінде айтып өткен болатынг онда ол кісі Қарқаралының таибғатын және азамат соғысының зардаптарымен соның салдарынан Қарқаралыда болған 1921 жылы жендеттердің қолынан қаза болған азаматтардыда сипаттап өткен болатын.

1921 жылғы 6–12 сəуірдегі Қарқаралы трагедиясы жəне сол оқиғаның құрбандары жайлы алғашқы зерттеу жұмыстары, мақалалар өткен ғасырдың 20-шы жылдарында-ақ қолға алына бастаған еді. Алғашқылары Семей облыстық газеттері «Юный степняк» және «Степная правда» беттерінде жарық көрді. 14 мамыр 1921 ж. «Юный степняк» газеті (Семей РКЖҰ губкомы органы) Иосиф Малаховты еске түсіру жайлы некрологты жария етсе, 16 мамыр 1923 ж. «Степная правда» газеті Н.А.Блошицынның «Идеи бессмертны» атты мақаласын шығарды. Бұл мақалада автор Қарқаралының партия ұйымы 1921 ж. құрбан болғандарды туысқандар зиратының басында өткен митингімен атап өткенін хабарлайды. Осы газетте оқиғаның куəгері болған В.А. Алферовтың естелігі де бар. Ол 1919 жылдың 26 желтоқсанынан Қарқаралы ревкомының экономикалық бөлімінің жалпы бөлімшесінің меңгерушісі, кейін уисполкомда қызмет жасаған еді. 1926 жылы ол коммунарлардың қайтыс болғанына 5 жыл толуына байланысты «Черный кошмар» [3], ал 1930 жылы «Пир стервятников» [4] жəне тағы басқа мақалаларын жария етті. Тағы бір куəгер Д.Степняк (мүмкін, бұл автордың бүркеншек аты болар) 1926 ж. В.А.Алферовтың мақаласы шыққан «Степная правда» газетінде өзінің осы қайғылы оқиға жайлы ойын айтып, себептерін іздегендей болады. И.Кумач жəне Ф.Калюта екеуі бірігіп шығарған «В акмолинских степях» [5] атты кітабында азамат соғысы жылдарындағы оқиғалармен бірге Қарқаралы трагедиясы да баяндалады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл мəселемен шұғылдануға ешқандай мүмкіндік болмады. Жаңа ізденіс жұмыстары тек Кеңес үкіметінің 40 жəне 50 жылдық мерейтойларына байланысты қайта өрбіді. Мысалы, А.Дубовицкий [6], журналист Ш.А. Мезгілбаев, Қарағанды облыстық тарихи өлкетану мұражайының қызметкерлері А.Ф.Семенов жəне Э.В.Сейтвалиевалар [7, 23б] 1921 ж. құрбан болғандар жайлы алғаш биографиялық мəліметтер жинастыруға кірісті.

1965 ж. Қарқаралы мен Қарағанды қалаларына арнаулы ғылыми жолсапармен Қазақстан КП ОК-нің Партия тарихы институтының аға ғылыми қызметкері Сүлеймен Құлбаев келді. Мақсат — 1921 ж. оқиғаны зерттеу. Нəтижесінде Қарағанды облыстық мұрағатының құжаттары зерттеліп, қайтыс болғандар жайлы биографиялық қысқаша мəліметтер жинақталды. Алайда бұл жұмыстардың қорытындысы белгісіз себептермен жарияланбай қалды.

Осы мәселе жөнінде 1960–1985 жж. зерттеу жұмыстарды кең түрде жүргізген журналист Ш.А. Мезгілбаев еді. Осы мəселеге ол өз өмірінде қазақша жəне орысша дайындалған біраз мақалаларын арнады [8]. 1968 жылы «Индустриальная Караганда» газетінде қарт большевик Н.А. Блошицын өзінің қысқаша естеліктерін жазды [9, 23б].

1921 жылы болған трагедияға арналған тағы бір мақаланың авторы — журналист Жүніс Ыбыраев. Оның «Орталық Қазақстанға» шыққан «Қарқаралы құпиясы» атты очеркі біраз дəлелді құнды деректерді жарыққа шығарды [10]. Жалпы, 1921 ж. Қарқаралыдағы қанды оқиға үнемі зерттеушілердің қаламындағы маңызды тақырыптардың бірі болып қала берді. Кейінгі жылдары да осы мəселемен əдебиетшілер, журналистер, тарихшылар, өлкетанушылар, т.б. шұғылданумен келеді.

Cондай-ақ, журналдардың бұл санында «Қарқаралы құжаттары» айдары бойынша қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың «Қарқаралы сыртқы округіндегі болыстардың қыстақтары» атты тізбелерін қазақ тіліне аударып жариялауды жөн көрдік. Бұл тізбе Шоқан шығармаларының бес томдық жинағының 1985 жылы шығарылған төртінші томынан алынды. Шоқан Шыңғысұлы бұл архивтік материалды Қазақстан тарихы жөніндегі жазбақ іргелі еңбегінде пайдалану үшін жинаған болса керек. Біздің қазақ тіліне аударған кезімізде кейбір елді мекендердің аттарын белгілі себептермен қате көрсетіп алуымыз мүмкін. Ол үшін журнал оқырмандарынан алдын ала кешірім сұраймыз. Журнал оқырмандары Шоқан жинап, сұрыптаған ХIХ ғасырдың отызыншы жылдарындағы бұл ресми статистикалық материалға содан бергі уақыт ішінде қаншалықты өзгерістер енгенін байқап көрер, әкімшілік-территориялық тұрғыда жасалған өзгерістер жайлы ойларын ортаға салар. Қарқаралы округінің жеріндегі бір жарым ғасырдан астам уақыт ішіндегі түрлі мақсатбағыттарда жасалған, іске асырылған өзгерістер жайлы ой-пікір толғар, ол ойларын журнал редакциясына жолдайтын болар деп сенеміз [11, 56б].

Жоғарыда көрсетілген зерттеулердің ортақ кемшіліктерін де көрсеткен дұрыс сияқты. Бұл мақалалар мен еңбектердегі 1921 жылғы оқиға жайлы мəліметтерді бергенде, авторлар көпшілігінде жекелеген құрбандардың өмірі жайлы биографиялық хабарламаларды ұсынады. Оның өзінде олардың туған жылдарын, мекен жайларын, қызметтері мен қайтыс болған жерлерін т.б. көрсеткенде сəйкессіздік үнемі байқалады. Болашақ зерттеушілердің алдындағы басты бір міндет осы бағыттағы олқылықтарды жою болып табылады.

1980 жж. осы мəселе бойынша жарық көрген құнды зерттеу еңбектің бірі Қазақстан КП ОК-нің партия тарихы институтының қызметкері В.К. Григорьевтің «Разгром мелкобуржуазной контрреволюции в Казахстане (1920–1922 гг.)», (Алма-Ата: Казахстан, 1984, С. 176), атты монографиясы. Автор бұл еңбекте өте бай мұрағаттық деректерге сүйене отырып, 1920 жылғы Солтүстік Қазақстандағы эсер-кулактардың жасырын ұйымдарының іс-əрекеттеріне жəне олар ұйымдастырған бүліктердің зардаптарына тоқталады. Осы бүліктің барысында болған Қарқаралыдағы қырғын окиға баяндалады. Ал оның «Вопросы истории КПСС» (Алма-Ата, 1974, вып. ІІ) журналында шыққан «О Каркаралинской трагедии» атты мақаласы осы оқиғаға кең түрде ғылыми бағасын берді.

Сайып келгенде, аймақтық тарихты зерттеу КСРО кезінде нақты бір шарттарға қатысты ғана қаралып, аймақтық айырмашылыктар, спецификасы мен жергілікті жерлердің ерекшеліктері әдетте шеттетіліп отырды. Тарихи талдаудың объективті көзқарас тұрғысынан қараудың жолы аймақтық тарихтың ерекшеліктерін зерттеу болып табылатындықтан, бұл зерттеу жұмыстарының ерекшелігі оның әлеуметтік және тұлғалық мәселелері тарихи ғылымдар саласының тоғысында қарастырылатындығында. Сол себептен, өңірдің тарихын жүйелі түрде зерттеу міндеті туындайды.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *