Қарапайымдылар типі Тамыраяқтылар немесе Саркодиналар

Денесі цитоплазмадан, бір немесе бірнеше ядродан тұратын өте ұсақ жәндіктер қарапайымдарға жатқызылады.Олардың  табиғатта 70 мыңға жуық түрі бар деп есептеледі.Қарапайым жануарларда ішкі қаңқа және омыртқа жотасы болмайды.Қарапайымдылар, яғни біржасушалы жәндіктер типіне жататын ағзалар қозғалу тәсіліне мен көбею әрекеттеріне байланысты бірнеше типке бөлінеді.Бізге солардың үшеуі: саркоталшықтылар, кірпікшелілер және споралылар типі көбірек таныс.Саркоталшықтылар типі екі типтің, атап айтқанда саркодина және талшықтылар типтерінің қосындысы. «Саркодина» грекше «саркос» плазма,яғни плазмалық жарғақшалы дегенді білдіреді.

Саркодиналардың дене пішіні тұрақты емес.Жалған аяқтарын денесінің кез келген жерінен  созып шығарады.Сондықтан оларды «тамыраяқтылар» деп те атайды.Саркодиналар бактерияларды, балдырларды және әр түрлі қарапайым жәндіктерді қорек етеді.Олар қолайсыз жағдайда денесін жиырып алады.

Жұмырылған дене сыртына тығыз қорғаныш қабат бөлініп шығады да циста түзеді

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *