Қанағат –асыл қасиет

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: Студенттерді танымдық қабілетін жетілдіре отырып, кейіпкерлерге сын көзбен қарауға үйрету.

 

Тәрбиелік: Студент бойына адамгершілік, қарапайымдылық, қанағаттылық, адамгершілік қасиеттерді дәріптеу.

 

Дамытушылық: өз ойын мақал-мәтел жүйелілігін пайдалана отырып дәлелдеуін, ізденушілік белсенділігін, қабілетін арттыру, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру; әдеби теориялық ұғымдарын тереңдете меңгерту.

 

Сабақтың түрі: сабақты қорыту, білімді жүйелеу

 

Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, пікір айту, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, жинақтау

 

Көрнекілігі: А.С.Пушкин мен А.Байтұрсынов портреттері «Қанағат – қарын тойдырар, Қанағатсыздық жалғыз атын сойдырар» (эпиграф).

 

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Студенттерді сабаққа қатысуын, оқу құралдарын тексеру.
  2. Психологиялық дайындық (көңіл-күйлерін сұрау).

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Студенттерге сабақтың мақсаты мен жоспарын айтып түсіндіру.

− Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қанағат – асыл қасиет». Сабақтың тақырыбына сай мынадай эпиграф алдым:

 

Қанағат – қарын тойдырар,

Қанағатсыздық жалғыз атын сойдырар.

Осы эпиграфтің мағынасын ашайық.

Студенттер жауабы:

1-студент: Адам бойында көптеген жаман да, жақсы да қасиеттер болады. Соның бірі – қанағат. Қолында барына қанағат ету керек. Тойымсыздық, қанағатсыздық жақсылыққа алып келмейді. Адамның сұрауында, қалауында шек болу керек.

2-студент: Әр адамның мінезі әр түрлі болып келеді. Бірі жомарт болса, бірі – сараң. Енді біреуі қанағатты болса, екіншісі қанағатсыз, парықсыз болады.

− Неге бұл мақалды бүгінгі сабаққа негіз етіп алдық?

Студенттердің жауабы:

− Бүгінгі сабағымыз қанағатқа байланысты болуы керек.

− Қанағатқа байланысты әңгіме оқимыз.

А.С.Пушкин мен А.Байтұрсынов, осы екі авторға салыстыру әдісін жүргізу.

  1. Салыстыру әдісі.

А.С.Пушкин                                           А.Байтұрсынов

Орыс ақыны                                           қазақ ақыны

Мәскеу қаласы                                       Торғай облысы

Үйіндегі бай кітапханасы                       әдебиетті сүйді

Поэма. Руслан и Людмила                     «Қырық мысал» кітабы

Евгений Онегин

ІІ. Дидактикалық кезең. Мәтінмен жұмыс.

А) Ертегі қалай басталады?

Теңіздің жағасында кемпір мен шал

Тұрыпты отыз үш жыл нақ дәлме-дәл.

Күн көрген бейшаралар балық аулап,

Болмапты төрт түліктен ырымға мал.

Ә) Ертегідегі оқиғаның бел ортасында жүретін және оқиғаның дамуына түрткі болатын – кейіпкерлер. Кейіпкерсіз оқиға жоқ. Олай болса, кейіпкерлерін атаңдар.

Студенттердің  жауабы:

Шал мен кемпір, балық, жендеттер.

− Енді кейіпкерлерже қандай мінез бар екенін білу үшін ертегі құрылысына талдау жасайық.

ІІІ. Дидактикалық кезең. Ертегі құрылысына талдау.

Студент кесте бойынша ертегінің композициялық құрылымын және мазмұнын қысқаша айтып береді.

Ертегіден сұраулы сөйлем, хабарлы сөйлем, лепті сөйлемдерді тауып, ауызша талдау.

«Ақымақ, − дейді, — алжыған, кеткен есің.

Былжырап айтып тұрсың, сөз деп несін?

Жаңа астау, тым болмаса, алсаң едің,

Астаудың жарылғанын білмеймісің?» − сұраулы сөйлем.

«Алжыған, миы ашыған, қу көк сақал!

Көп нәрсе әкеліпсің, адырағал!

Үйіңнің үстіндегі сиқы мынау

Балықтан барып тәуір үй сұрап ал!» − лепті сөйлем.

«Биік үй салтанатты, сәнді түрі,

Бәрі мол, бәрі байлық, бәрі ірі.

Үстіне неше түрлі асыл киіп,

Паңсынып сыртқы есікте тұр кемпірі. – хабарлы сөйлем.

  1. Сахналық көрініс.

Өмір – сахна, адам – актер. Шал мен кемпір және балық арасындағы диалогті оқушылардың өнерлері арқылы тамашалайық.

  1. Ой қозғау.

− Неге осы үзіндіні алдыңдар?

Студент жауабы:

А) екі кейіпкердің осы үзіндіде мінездері, іс-әрекеті айқын көрінеді.

Ә) кемпірдің қанағатсыздық қасиеті осы үзіндіде жақсы танылып көрінеді.

Б) шалдың аз болса да кемпіріне қарсылық көрсетуі көрінеді.

− Ертегі немен аяқталды?

Қараса, лашығында кемпір отыр,

Баяғы жарық астау жырық-жырық.

Түсіріп таз кебіне бір-ақ күнде

Қойыпты қу қақпасты құдай ұрып.

− Адамның мейірімділігі, парасаттылығы, инабаттылығы, адамгершілігі сияқты асыл қасиеттер үлкен жүректен шығады. Не себепті балық кемпірді жыртық астаумен бұрынғы кедей қалпына түсіріп тастады деп ойлайсыңдар?

Студенттер өздерінің ойларын үйде салып келген жүрекке жазады.

Әсемнің жауабы: Алтын балық кемпірді бастапқы қалпына түсіріп тастауының себебі – оның астамшылдығы, астан шыққан қанағатсыздығы. Адам бойындағы осындай қасиет жақсылыққа әкелмейді. Сондықтан адам әр кезде қолында бар нәрсеге қанағат тұту керек.

Алтын балық кемпірді жыртық астауымен бұрынғы кедей қалпына түсіруі, кемпірдің әділетсіз іс-әрекеті, парықсыздығы мен қанағатсыздығы.

Сабақты қорыту. Адам қолда ар нәрсесіне қанағат тұту керек. «Қанағат – қарын тойдырар» деп халық бекер айтпаған. Осы «Балықшы мен балық» ертегісін оқығанда, жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман қасиеттерден жирендік. Олай болса, әрбір жазушы өз шығармаларында балаларға тәрбие беретін мәселелерді қозғайды және ой салады.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *