Қазіргі таңда мұхит пен теңіз асып, білім алып келген жастар саны артуда

№49 «Сырдария» ЖББМ

Қазіргі таңда мұхит пен теңіз асып, білім алып келген жастар саны артуда. Бұл еліміздің дамуына қалай әсер етуде?

 

Сынама алуға берілген бұл тақырып менің болашақтағы білім алып,еліме тигізер пайдам мен қызметім үшін маңызды болмақ.

Жоғарғы білім-бұл әрбір адамға жақсы жұмыс тауып, жоғарғы қызмет істеу үшін қажетті негіз болмақ. Отандық білім беру деңгейі төмен дәрежеде деп айтудан аулақпын, десекте, шетелде білім алудың айтарлықтай артықшылықтары бары сөзсіз. Сондықтан көптеген жастарымыз шетелге баруға,шетелде білім алуға құштар.Мен өзімді де осындай білім алуға құштар жастар қатарына жатқызар едім. Егер шетелде білім алсам бәсекелестік өте жоғары әлемде көптеген артықшылыққа ие болар едім.

Менің арманым өз күйімді күйіттеп,жағдайымды жақсартып,әлемдік деңгейде дамыған бір елде өмір сүру емес. Менің арманым шексіз бір әлемге құрылғандай ауқымы өте кең. Солардың ең біріншісі шетелде терең білім алып, елімнің жоғарғы дәрежеде өркендеуіне өз үлесімді қосу, еліме қызмет ету.

Қазіргі күнде еліміздегі жастарымызға шет елде білім алуға көп мүмкіндік туғанымен, елімізге қайта оралуға , елде өмір сүруге құлықсыз аға-әпкелерімізді әлеуметтік желі арқылы да, күнделікті теледидардан да көріп, байқап жүрмін. Осындай жағдайда Отанға опасыздық жасаған біреуді көргендей боламын, ал елімізге келіп өз тәжірибесімен бөліскен аға-әпкелерімізге алғысым шексіз. Біз шетелде білім алып, оның пайдасын өз елімізде бөлісе алмасақ, біз сол дамыған, өркениеті жоғары ел қатарына қалай қосылмақпыз?. Менің айтпағым мәңгілік ел болып қалыптасу біздің жастарымыздың қолында. Ең жоғарғы бәсеке қабілетті елдерде білім алып, еліміздің дамуына үлкен үлес қосу әр бір Қазақстан азаматының міндеті болсын. Мұхит асып білім қуған жастардың елдің болашағы үшін берері көп болмақ.

Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан атамыздың «Болашақ» бағдарламасымен жастарды шетелге білім алуға жіберген негізгі ойы да осы екенін талай рет естідік, яғни «болашақ білімді жастардың қолында»,-деп талай рет айтып өтті. Артылған үмітке қиянат жасамай, өз білімімді еліме арнау — міндетті борышым деп түсінемін.

11 сынып оқушысы Исмаил Саят. Жетекшісі Давлатова Азиза

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *