Қазақ халқының ойыны — Асық

МКҚК  №8 «Балбөбек» МДҰ

Тақырыбы: «Қазақ халқының  ойыны- Асық»

 Тәрбиеші : Суленова А.К.

Ақтобе қаласы

Тақырыбы: Асық

Міндеті: Ойын арқылы балалардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Тосын сәт.

Балалар  бүгін топқа келсем үстел үстінде қорапша тұр.

Қандай әдемі қорапша!

Осы қорапшаның ішінде не бар екенін көргілерің келе ме? Олай болса ашып көрейік.

Қорапты айналдырып қарау, қорап ашылмайды.

Қызығушылықты ояту.

Балалар көріп тұрсыңдар ма , мына қорапта  белгілер  тұр ненің белгісі екен?

Геометриялық пішіндердің көлеңкесі..

Қане пішіндерді көлеңкесінің орнына қойып шығайық.

Міне қорап ашылды.

Балалар не көріп тұрсыңдар?

Түрлі-түсті асықтар.

Қандай әдемі асықтар!

Балалар асық жай асық емес екен, әр түстері бойынша  тапсырмалары  бар екен.

Кім келіп мына қораптан бір асықты алады, сол асықтың тапсырмасын орындаймыз.

Қызыл асық тапсырмасы:

Асық не екенін білеміз бе?

Ой дамыту.

АҚТ технол

    

Асық – қазақ халқының ұлттық ойыны. Асық төрт түлік малдың сүйегінен алынады. Үлкен малдың асығы үлкен болады, ал мына кішкентай асықтар  қойдан, ешкіден алынады.

Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ойындарының бірі.

  1. Жасыл асық тапсырмасы:

Дид ойын : «Кім шапшаң». Ойын сергіту сәті ретінде өтіледі.

Шарты: Лентада түрлі -түсті  асықтар жоғары –төмен ілініп тұрады. Балаларды екі топқа бөлу. Белгі берілгенде балалар асықтарды бір-бірден үзіп алып өз тобына жинау.Ойын соңында асықтар саналып, жеңімпаз топ анықталады.

 

 

3.Көк асықтың тапсырмасы:

1-тапсыррма: Дид ойын: «Топтастыр»

Шарты: Асықтарды түсі бойынша жинау.

 

2-тапсырма. Дид ойын: «Қоржын»

Шарты: Асық салатын қоржынға ою жапсыру.

  

 

  1. Сары асықтың тапсырмасы.
  2. тапсырма: «Асық ату» ойынында жеңімпазды анықтау.

Шарты: Балаларды дәлдікке, шапшаңдыққа баулу.

Педагог асықтар бекітілген құрсауды алып ортада тұрады. Әуенмен бірге балалар шеңбер бойын айналып жүреді. Педагог өлең жолдарымен:

Епті болсаң, қане байқа

Ойын аты Алтын сақа

Мықты болсаң ұтқаның

Жеңімпаз болып шыққаның

Айтып болғанда балалар, құрсауға бекітілген асықты ұстап алуға ұмтылады.

Көп асық жинаған бала жеңімпаз болады.

2-тапсырма.

Дид ойын: «Әдемі асықтар»

Шарты: Асықтарды әр түске бояу.

 

Балалардың жұмысын көрме ұйымдастыру

Балаларды мадақтау.

Қортынды

Сұрақ-жауап

Балалар бүгін біз не туралы өттік?

Асықты неден аламыз?

Асықпен қандай ойындар ойнаймыз?

Тақпақ. Асығым.

Ал, ойналық, балалар,

Әр асықта  баға бар.

Ұта білген баланы –

Әрбір бала бағалар.

 

Балаларды мадақтау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *