Қазақтың ұмыт болған дәстүрі — “Ана сүті”

Қазақ халқының ұмыт болған салт-дәстүрлері
Жетекші:Phd,аға оқытушы Әлтаева Н.С

https://www.kaznu.kz/

Ана сүті ақысы. Құда түсуге келген құдаға қыз әкесі осы тойға байланысты мәселелермен түгелдей келіседі. Бұл тойға жігіт бас құдамен келеді. Басқада жақын туыстар мен бірге өзінің таланты, білімдар достарымен келеді. Сыйлықтар ішінде ерекше ырым-кәде -«сүт ақы» болып табылады. «Сүт ақы» қыздың анасына беріледі. «Рада» (сөзі) – араб тілінде баланың анасын емуі деген сөз. Дүниеге келген баланың ең маңызды азығы –ана сүті. Баланың физикалық, биологиялық дамуында ана сүтінің маңызды екенін бүгінгі медицина дәлелдеуде. Құранда балаға сүт емізу әмірі мен ынталандыру аяттарымен қатар емізуді жүйелеген кейбір үкімдер де бар. Ежелде қыздың қалыңына байлар ірі қаралардан топтастырып, ұсақ малды отарлап берген. Орта дәулетті мен жағдайы келмейтіндер шамасына қараған. Бұл дәстүр Тәуке ханның «Жеті жарғысында» бекітілген екен. Ең шегі 50 ірі қара, 37, 27 деп кете берген. Дегенмен де, барлығы да төрт түліктен үлестірген. Бұл ұзатылар қыздарға берілетін қалың малдың ертедегі есебі. Тағы да сол – дәстүрдің озығы бар, тозығы бар. Әсіресе, екі жастың үйлену тойында түрлі кәде-сый жасалады. Солардың бірі – «ана сүтінің» ақысы. Мұны кейбір отбасы сұратпайды. Ал, абысын-ажындары өзге өңірлерден болған шаңырақ иелері сұратады екен. Бірі «анасына алтын бұйым әкелсеңдер жарайды» десе, екіншілері нақты мөлшерін айтып, ақша сұрайды. Қарап отырсаңыз, ол ақша да аз емес, жүздеген мың теңге. Ананың баланы өмірге әкелудегі, тәрбиелеп өсірудегі еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды. Талай шығармаға арқау болған, хадистерде келтірілетін «ана сүтінің» ақысын ешкім өтеген емес. Шындық осы. Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз бір сахабаның үш рет қойған сауалына да: «Бұл дүниедегі жылы сөз бен жақсы лебізге лайық адам – ана!»– деп үш мәрте жауап қайтарады. Бұған қоса «Жәннат –ананың табанының астында» деген белгілі хадисі де ананың ұрпағына деген қадір-қасиеті мен өлшеусіз еңбегін еселей түскендей. Таңғалатын жағдай сол – ешкім ешқашан өтей алмайтын «ана сүтінің» ақысын қыз алуға келетін құдалар жақтың ақшалай, не заттай «өтеп» бере алатыны. Екі жыл болып қалды ағайынымыз алыс жаққа қыз берген сонда «Ана сүті деген бар бізде» деп шеше жағынан құдалыққа барған нағашы жеңгесі жыбыр ете қалған ғой.
Қыздың артынан апарған дүниенің түгін шешіп көрпе-жастығын түгендеп, ыдыс-аяғын иемденіп, кілем-паласын санап, ағаштарын ұстап, шашқан шашуын уыстап қызығына түскен құдалар жағы «О, қандай зәкөн, ештеме жоқ бізде ана сүті деп бәлсінбей-ақ талай қызды байға бергенбіз. Балалы-шағалы қазір, не болса соны салт қып О несі әй тағы?! деп дүр ете қапты.
Түрлеріне қарасақ дейді қызымызды қолымызға ұстатып қайтарып жібермектей боп ортаға ол жақтың да біраз боевой әйелдері жеңін түре шығыпты.
Құда жағы біліп ана сүтін бермесе қызды жетектеп алып кетпектей боп әлгі шеше жағынан барған нағашы жеңгесі де қайтпайды дейді, тойға барғандар.
Абыр-сабыр басталды.
Оған беті қайтар жеңге жоқ.
-«Бұл ештеңе емес, құдаларың қайтыс боп кеткені сіздерге тиімді боп тұр әйтпесе бізде әке күші деген бар оны сұрап тұрған жоқпыз ғой, сонша неге бәлсіндіңіздер деп белін таянып қайтпай қойыпты.
Той басталмай жатып төбелес басталып кетпесін деп «Әй, құдағи келін, осы сен ақшадан өлдің ба немене бәле, баяғыда мына қыздың шешесін сатып алтындатып ат мініп ең елдің бәріне мендей құдағи кездесе бермейді, дарылдамай жапшы аузыңды, бастысы мына жастар бақытты болсын саудаласпай қоя тұршы ей, деп әке жағынан барған апа тоқтатпаса той әзер басталмайды екен.
Тоқтамай көрсін. Ескі құданы әкесіндей сыйлайтын елміз ғой иә.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *