Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

                Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы», деген еді Елбасы мемлекеттік рәміздерге қатысты сөйлеген сөзінде. Н.Ә.Назарбаевтың осы сөздерін қазақстандықтардың барлығы жүрек түкпірінде сақтап, әркез жадында ұстағаны жөн. Өйткені рәміздер елдің өзіндік өмір салтын, болмыс-бітім ерекшелігін, өзгелермен байланыс орнату мұратын білдіретін айрықша белгі болып табылады. Рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

 

Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Қазақстан да өз егемендігін жария­лаған кезде оны ең алдымен тәуелсіз елдің саяси мәртебесін білдіретін Тәуелсіздік декларациясын қабылдау арқылы бекітті. Содан кейін күн тәртібінде мемлекеттік рәміздерді қабылдау мәселесі тұрды. Еліміз­дің тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба тәуелсіздігіміздің жариялануының дәл 130-шы күні, яғни 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілгенінен оқырман қауым хабардар болса керек.

Мемлекеттік рәміздер көркем бейнелер ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік тәуелсіздікті жүзеге асыру идеялары. Атап өткендей, олар бұл идеяның адамдардың ойлары мен сезімдеріне енуіне ықпал етеді. Әр ел өздерінің мемлекеттік рәміздерін мақтан тұтады. Бірақ туған еліңнің елтаңбасы, туы мен әнұраны қандай екенін біліп қана қоймай, олардың мәні мен маңызын түсіну қажеттілігі жоғары. Ал ол үшін олардың тарихы, бұл мемлекеттік рәміздер қалай пайда болғаны, ғасырлар бойы қандай жолдан өткені туралы түсінік болуы керек.

Қазақстан Республикасының туы
Рәміз дегеніміз – белгілі бір ннәрсені өз қалпынан өзге,  жанама сипаттап көрсетуден туатын сыртаңба, эстетикалық санат, шартты белгі.
1992 жылдың 4 маусымы Қазақстан тарихындағы айтулы, мәртебелі күн болды. Тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойып, мемлекеттік рәміздер дүниеге келген еді. 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді, сөзі 1992 жылы 4 маусымда бекітілген болатын. Мемлекеттік рәміздер туралы ереже соңынан 1996 жылы 24 қаңтарда айқындалды.
Қазақстан Республикасы туының авторы – Шәкен Ниязбеков. Тудың бір түсте болуы бірлікті білдірсе, көк түс қазақ халқының ұлттық реңкі деп саналған. Күн болса – ол энергия көзі, байлықтың нышаны. Күнді бейнелеу елеміздің адами құндылықтарды жоғары қойып, жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін білдіреді деп ойлаймын. Тудағы бүркіт бейнесі – еркіндіктің, тәуелсіздіктің, тыныштық пен бірліктің символына айналған. Қыран құс әрқашан биікте, еркіндікте қанатын кең жайып самғайды емес пе? Сол секілді еліміз де әр кез биіктен, шыңдардан көрініп, қанаты талмай, ашық аспанда құлашын кең сермеуі маңызды. Тудың сабының тұсында қазақтың ұлттық «Қошқар мүйіз» оюы салынған. Менің ойымша, дәл осы тұста қазақылықтың тағы бір мәрте иісі шығады. Осы бір кестеленген әсем ою туға өзіндің бір ерекшелік білдіріп, тарихымыздың, әдебиетіміздің маңызын білдіріп тұрғандай.
Көк тудың желбірегені –
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту,
Жан емес маған керегі –
Көк тудың желбірегені, — деп ақын Алмас Ахметбекұлы жастарды Отанды сүюге, нағыз тәрбиеге шақыра білді.
Қазақстан Республикасының елтаңбасы
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа елтаңбасының авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Елтаңбаның негізіне шаңырақ алынған. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын, Отанның от басынан, шаңырақтан басталатынын бейнелейді. Біздің халық үшін шаңырақ әрқашан киелі саналған. «Шаңырақ – биік, кереге – кең болсын» дегендей, еліміздің еңсесі биік, аспаны ашық, құшағы қашан да кең болсын деген тілек жатыр деп те ойлаймын. Бүгінде осы бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлт өкілдерімен бірге ынтамақта, достықта, тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Шаңырақты айнала уықтар шаншылған. Ол өмір мен шуағын шашқан жылудай. Оң мен сол жақта орналасқан аңыздардағы қанатты пырақтар болса, жас ұрпақтың самғау биігі, шығар шыңдары, ылғи дамуды суреттесе, оның алтын қанаттары астықты, еңбекті, берекені білдіреді. Авторардың бірі Ж. Мәлібеков елтаңбадағы жоғарғы үш үлкен қанатты үш жүздің халқы деген мағынада жасапты. Ал оның астындағы үш кішкентай қанат – сол үш жүзден тараған қазіргі ұрпақ. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Бұл жұлдыз әрбір адамның жол сілтейтін жарық жұлдызы болсын деген нышанмен қойылған. Елтаңбаның дөңгелек нысанда болуының өзі шығыс қазақтарының аса құрметінде, өйткені дөңгелек нысан өмір шексіздігінің белгісі. Елтаңба жалпы 36 құрылымдық элементтен тұрады. Сәулетшілердің шығармашылық ізденіске толы үлкен еңбектерінің жемісі осындай мәңгі өмірдің белгісін өмірге әкелді.
Қазақстан Республикасының гимні
Гимн – ту мен елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Қазақ елінің даласы астыққа толы, ар-намысты ежелден жоғары қойғанын бірінші шумақтан білеміз. Қаншама қиын кезеңді бастан кешіргенімізбен, тірлігімізден бірлігіміз артқан халық екеніміз, елі мен жері үшін отқа да, суға да түсетін ұлтжанды азаматтардың көп екенін түсінеміз. Гимннің сөзінің өзіндік терең мағынасы бар. Гимннің алғашқы авторлары – композиторлар М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди, ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева. 2007 жылы 7 қаңтарда жаңа гимн «Менің Қазақстаным» қабылданды. Оның  әуенінің авторы – Ш. Қалдаяқов, сөзінің авторлары – Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Бұл жалынды әуен жүректе патриоттық сезім мен Отанға деген махаббатты оятады. Гимн ойнағанда қолымызды жүрек тұсына қоюымыз да тегін емес. Бұл дегеніміз гимнді жан жүрегімізбен сезінуіміз. Гимн – патриоттық сезімнің белгісі.
Елбасының жарлығымен 2007 жылы 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып бекітілген болатын. Мұның өзі Мемлекеттік рәміздерге деген шынайы құрмет белгісі.
Қорыта келгенде, мемлекеттің төлқұжаты іспетті рәміздердің құны мен маңызы жоғалмауы тиіс. Отанымызды, рәміздерімізді, еліміз бен жерімізді құрметтеу, әр тасына дейін ардақтау – барша азаматтың парызы. Мәдени мұраларымыздың өз маңызын жоғалтпауы – тікелей біздерге, яғни елдегі азамат пен азаматшаның оны түсініп, қастерлеуіне байланысты. Бізге қалған әрбір мұраның маңызы ерекше. Оның құнын кетірмей келешек ұрпаққа жеткізу де біздің парыз.Мемлекеттік рәміздеріміз бүгінгі таңда еліміздің егемендігі мен тұғыры биік тәуелсіздігіміздің біртұтастығын бейнелейтін, халықтығымыздың берік негізі іспеттес. Тәуелсіздіктің арайлаған ақ таңы қазіргі күндегі рәміздеріміздің айқын көрінісі.

Тарих қойнауында жатқан егеменді ел, дербес тілі мен ұлттық мәдениеті қалыптасқан тәуелсіз, еркін ел болып, тарихи сахнадан ойып орын алу үшін талай жылдарды артқа тастадық. Тәуелсіздік Қазақстан тарихында 1992 жылы  еліміз егеменді мемлекет атанып, жаңа рәміздерін бекітті. Міне,сол күннен бүгінгі күнге дейін тәуелсіздіктің құшағындағы еліміздің рәміздеріне 30 жыл толып отыр. 30 жыл зеңгір көкпен таласа желбіреген көк туымыздың астында халқымыз тату-тәтті өмір сүруде.

Мемлекеттік рәміздеріміздің қатарын — ту, елтаңба, әнұран толықтыратыны бәрімізге мәлім. Көк байрақты туымыз бірлік пен тұтастығымыз сондай-ақ еркіндік пен бостандығымыздың белгісі. Елтаңба-күллі халықты бір шаңырақ астында асыл мұратты мен рухани байлығын және де ұлтымыздың жасымас жігері мен қайратының дәлелі. Әнұран- жұртшылықтың рухын көтеріп, барша қазақтың кеуде кернеп,бойына рух пен ұлтшылдықты жиып айтатын рәміздеріміздің бірі де бірегейі.

Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамасбөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді. Алғашқы жылдардағыдай емес, қазіргі кезде еліміздің Әнұраны мәтінін білмейтін жан кемде-кем. Ол насихаттың жемісі десек, қателеспейміз.

Рәміздер балабақшаларда да, мектептерде де, жоғары оқу орындарында да, мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында да көрнекті орындарға орналастырылған. Балабақша бүлдіршіндері оң қолының алақанын жүрек тұсына қойып «Менің Қазақстанымды» шырқағанда ерекше бір сезімге бөленетінің, жігерленіп қанаттанатының рас. Бұл ел болашағы – жастардың өз Отанын, өз жерін, өз елін қорғауға деген сезімін оятып, сенімін нығайтатыны анық.

 

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, «5B020300 Тарих» мамандығының 4 курс студенті Кәлім Мөлдір Сабырқызы

Ғылыми жетекшісі т.ғ.к., қауымд. проф. Г.Е. Абикенова

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *