Шоқан Уәлиханов саяхатшы және суретші

Жетекшісі:Мақсұт Гүлнұр Сағындыққызы   география пәні мұғалімі

«Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Шоқан Уәлиханов саяхатшы және суретші

 

Бағыты: География

 

Орындаушы:  Исмагулова Дана

 

Сынып: 9 «А»

 

Облыс: Қостанай

 

Аудан: Жангелдин

 

Жетекші: Мақсұт Гүлнұр Сағындыққызы   география пәні мұғалімі

 

 

 

 

2020 жыл

 

 

 

МАЗМҰНЫ:

 Кіріспе  ………………………………………………………………………………………………….1-2                                                                                  

І.Шоқан Уәлиханов саяхатшы, ғалым……………………………………………………….3-4

ІІ. Негізгі бөлім.

Зерттеулердің маңызы

2.1 Балқаш-Іле аймағына саяхаты……………………………………………………………………5-6

2.2 Ыстықкөлге саяхаты…………………………………………………………………………….6-7

2.3 Қытай жері мен Құлжаға саяхаты…………………………………………………………7-13

2.4 Қашғарияға саяхаты……………………………………………………………………………13-17

ІІІ Қорытынды бөлім.

Шоқан — Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен сол бір тұлға…………………………..18-19

Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………………………………………20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Өзінің қысқа өмірінде қоғамдық ғылымдардың алуан саласында – тарихта, шығыстануда, географияда, этнографияда, экономикада, филологияда, өнертануда көптеген құнды еңбектер қалдырды. Ор Қазақстанның, Орталық Азияның, түркі-тілдес халықтарының – қазақтың, қырғыздың, өзбектің, ұйғырдың, түрікменнің тарихы мен сол кездегі жағдайы, тілі мен әдебиетін терең зерттеумен шығыстану ғылымына зор үлес қосты. Шоқанның «Қазақтың шежіресі», «Жоңғария очерктері», «Қазақтар туралы жазбалар», «Абылай», «Көне замандағы қазақтың қару-жарақ, сауыт-саймандары», «Даладағы мұсылмандық», «Қазақтың көші-қоны», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер», «Ыстықкөл күнделіктері» тағы басқа еңбектерінде Қазақстан мен Орта Азиядағы түрік халықтарының келелі мәселелері кеңінен зерттелді және де зерттеулерде мәселелер қою мен шешуде қазақ ғалымы дұрыс ғылыми бағыт ұстағаны кейінгі оқымыстылар зерттеулері арқылы таратылды, бүгінгі күні де ғылыми мәні сақталды.

     Жұмыстың мақсаты: Ш.Ш.Уәлиханов – қазақ және қырғыз халықтарының бай әдебиет қорынтұңғыш зерттеуші екендігі де ерекше. Қазақ көркем сөз өнерінің кейбір үлгілерін ол жас кезінде-ақ білген, оған деген ықылыс -қызығуы кадет корпусын оқыған кезінде-ақ арта түскен еді, менің генізгі мақсатым мен міндетім осыларға және жасаған саяхаттарына толық сипаттама беру арқылы тақырыптың негізгі мағынасын ашып көрсету, кейбір біз білмейтін деректерді таныстыру.

Зерттеу обьектісі: Шоқанның саяхат жасаған жерлері

Зерттеу әдісі: Өз замандастарыма Шоқан Уәлиханов туралы біз білмейтін кейбір деректерді жинап таныстыру.

        

 

 

І. Шоқан Уәлиханов саяхатшы, ғалым

Ориенталист ғалым, Орта Азия мен Орталық Азияны зерттеуші Шыңғысұлы Шоқан Уәлиханов география, тарих және этнография салаларынан бірсыпыра зерттеулер жүргізген. Шоқанның ғылыми экспедициялары және саяхат жасап жүріп Іле өлкесінде, Ыстықкөл төңірегінде, сол сияқты Құлжада болған уақытында жинаған, толып жатқан материалдары, оның Шығыс халықтарының тарихына ерекше жетіктігі, атақты географ П.П.Семенов-Тянь-Шанский География қоғамының толық мүшесіне ұсынған.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (1835—1865) есімі Қазақстандық мәдениеті мен қоғамдық-ғылыми ойының тарихында заңды түрде құрметті орын алды. Осынау бір аса көрнекті ғалым әрі ағартушы Шығыс халықтарының география, тарих, этнография, фольклор салаларында айтарлықтай толымды да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізді және сол бір кезде сыры-қыры ашылмаған беймәлім елдерге асқан қауіп-қатерге белді буып, батылдықпен саяхат жасады. Ол өз отандастарының арасынан алғашқылардың бірі болып суырылып шығып, тылсым жатқан қазақ даласында прогресшіл озық идеяларды таратуға құлшына ат салысты, орыс және қазақ халықтарының шынайы достығын шыңдауға игі істер тындырды. Өзінің ғылыми еңбектерінде, сондай-ақ бүкіл жанқиярлық қызметімен ол қазақтардың орыстармен қаны да, жаны да бір тарихи туыстығын» дәлелдеп берді. Шындығында да, біз басқа зерттеушілердің қызметін сөз еткенде олардың Қазақстан территориясының белгілі бір бөліктерін ғана географиялық жағынан танып білу ісіне қосқан үлесін баяндаумен шектелсек, ал Ш.Ш.Уәлихановқа жалпы мағынасындағы аса зерделі географ-саяхатшы ретінде қараймыз.

«Европаша толық білімдар тұңғыш қазақ» (Ф. М. Достоевский) он тоғызыншы ғасырдың орта шенінен бастап орыстың қоғамдық ой-пікірінің озық идеялары кең тараған Омбыда оқып, білім алды. Мұнда ол жер аударылып келген петрашевшіл С.Ф.Дуровпен, жазушы Ф.М.Достоевскиймен, аса көрнекті географ — ғалым П.П.Семенов-Тян-Шанскиймен, Шығыс зерттеуші ғалымдар И.Н.Березинмен, Н.М.Ядринцевпен және басқа зиялы адамдармен танысты. Сөйтіп олар жас Шоқанның көзқарастарының қалыптасуына шешуші ықпал етті.

Шоқан Уәлихановты білімге баулыған Омбыдағы Сібір кадет корпусы сол кездегі ең таңдаулы оқу орындарының бірі болатын. Оның қабырғасынан толып жатқан қоғам қайраткерлері мен ғалымдар шықты. Кадет корпусының бұрынғы шәкірттері В.И.Вагин, Г.Н.Потанин, Н.Ф.Анненский және т.б. тамаша ғылыми зерттеулер жасап және географиялық жаңалықтар ашып, даңққа бөленді. /1. 106-136 бет/

Кадет корпусын бітіргеннен кейін (1853) Батыс Сібір генерал-губернаторының аппаратында қызмет істеп жүрген кезінде Шоқан Ұлы жүз қазақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының Ресейге бейбіт жолмен қосылуы жөніндегі мәселені шешуге белсене қатысады. Қоқан хандығының Жетісу мен Қырғызстандағы ықпалын жою үшін және ол жерлерді Ресейге бейбіт жолмен қосып алу мақсатымен патша әкімшілігі жергілікті халықпен келіссөз жүргізуге жас қазақ офицерін пайдаланды. Осы маңызды тапсырманы орындау барысында Шоқан сонымен бірге өз сапарын қазақтар мен қырғыздардың географиясын, тарихын, әдет-ғұрпын, тұрмысын зерттеп білуге пайдаланды.

1855 жылы Уәлиханов генерал Гасфорттың Орталық Қазақстанды, Жетісуды және Тарбағатайды аралаған сапарына қатысты. Олар Омбы қаласынан шығып, Семей қаласына барды, одан Аягөз бен Қапал арқылы Іле Алатауыиа өтті. Қайтар жолда Шоқан Гасфортты Алтынемел асуына дейін ғана ұзатып салды да, одан әрі өз бетімен Жоңғар қақпасына, Алакөлге және Тарбағатай тауына сапар шекті. Содан соң ол Қарқаралы, Баянауыл және Қөкшетау қалалары арқылы Орталық Қазақстанға жол тартып. Омбыға қайтып оралды. Бұл сапар жас саяхатшыға ұмытылмастай әсер қалдырды. Сөйтіп ол Қазақстаннық табиғат жағдайларымен және халықтың өмірімен тұңғыш рет кең көлемде танысты.

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Балқаш-Іле аймағына саяхаты

1855 жылы Ұлы жүзді Қоқаг хандығының ықпалынан шығарып, Ресейге қосу бағытында жұмыла ұйымдастырылған экспедицияға қатысып, Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді.Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы сапарындақазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинап алады. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрып, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. Бұл материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Бұл еңбегін жоғары бағалаған генерал Г.Х.Гасфорт оны наградаға ұсынады, әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик атағын алады. XІX ғасырдың 50-60 жылдарында Жетісу Алатауы мен Іле өңірін зерттеу барысында Жетісу және Тянь-Шанның табиғатына ғылыми сипаттама берді. Балқаш көлі мен Алакөлдің пайда болу және қалыптасу тарихының өте ұқсастығын дәлелдеді. Жетісу Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань тауын жануарлардың таралуына қарай биік таулы белдеулерге бөлді.Сонымен бірге осы зерттелген өңірлердің маршруттық және жалпышолу карталарын жасады. XІX ғасырдың алғашқы жартысында кен байлықтарын іздеуге байланысты физикалық-географиялық сипаттағы бірқатар жаңа деректер алынды. Әсіресе, Орталық Қазақстан мен Тарбағатай тауының және Маңғыстау түбегінің геологиялық құрылысы, орографиясы туралы нақтылы деректер жиналды. XІX ғасырдың 60 жылдарында Ресейдің Қазақстанды отарлаудың тарихи үрдісі аяқталды.1865-1879 жылдар аралығында А.Татаринов Оңтүстік Қазақстаннан Ленгер, Боралдай тағы басқа қоңыр көмір кен орындарын ашты. Бұрын Маңғыстау түбегінен көмір кенінің ашылуына байланыстымұнда одан әрібарлау жұмыстары жүргізілді.

Таулардың күміс алқасындай  — Алакөлім, Үржар жерінің көркіне көрік қосып,  табиғат берген ұшан теңіз байтақтың көзі адамзатқаарнайы табиғат сыйлаған сиындай болып, екпіні үй жыққандай асау толқындарынан шашыраған моншақтарыаспанға атылып, айдыны күмістей жарқырап, шарқып жатқан қазақ жеріндегі көлдердің бірі – Алакөл. Алакөл, бетің жарық, түбің балық, Жағаңда мекендеген талай халық, Қаракөл, Қусақ, Тамды ұзын Үржар, Бәрі де құйып жатыр саған барып-деп әр жерінің тұрғындары өздерінің жеріндегі өзендерінің атын атап, жырға қосқан.Алакөлді көргенде табиғатын ғажайып жаратқан көлдің сұлулығына елдің қайран қалатыны бекер емес. Алакөлмен қанаттас, жиектері жанасыпжататын басқа да көлдер бар. Оларға халық «Ұялы көл», «Жалаңашкөл», «Сасықкөл», «Қошқаркөл» деп атаулар берген. Солардың ортасында ең үлкені де, байлығы молы да – Алакөл. Найман хандығы дәуірінде көлді «Найман теңіз» деп, Шыңғыстауды – «Наймантау» деп атағаны тарихтан белгілі. Алакөлге құятын Құсақ-Тамды өзендерінің батыс жағалауындағы жазық ескі қаланың орны бар, бұл қаланың орнын Шоқан Уәлиханов  «Найманқала» деп картасына түсірген екен. Жоңғар Алатауының теріскей бетіндегі етектерімен шектесіп, Тарбағатай тауының күнгейінен ұзын аққан өзен сулары, сол сияқты Жоңғар Алатауының сулары Алакөл қазаншұңқырына құйып отыз шақты өзен сулары жиналғанынан Алакөл пайда болғаны аян.

2.2 Ыстықкөлге саяхаты

«Менің саяхатымды» деп жазады Шоқан Уәлиханов: «жүрген жерімнің сипатына қарай екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең Жоңғариядағы бірінші рет 1856 жылы сапарда болуым. Онда полковник Хомевскийдің Ыстықкөлге жасаған бірінші экспедициясына қатынасым. Содан соң Құлжада үш ай тұрдым, Жоңғарияда бас-аяғы бес ай болып, бұл өлкенің Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі аймағын түгел аралап шықтым».

Шоқан Уәлиханов осыдан кейін 1858 жылы Қашқарда экспедициялық сапармен 6 ай жүрді. Ол Тян-Шань мен Ыстықкөл бассейіні қырғыздары арасында ғылыми ізденіспен жүргенінде Петерборда Шәуешек қаласындағы орыс пакториясын өртеп жібергеннен кейінгі қытаймен үзіліп қалған сауда қатынасын реттеуге қытайлармен келіссөз жүргізу үшін «айырықша адамды» Құлжаға аттандыру мәселесі шешіліп жатқан-ды.

Қытаймен болған сауда-сатықты қалпына келтіріп, талас-тартыс тудырған мәселелерді шешу сынды күрделі дипломатиялық мәселе осылайша Шоқан Уәлихановқа тапсырылып, 1856 жылы Құлжаға аттанады. Жолшыбай қытайдың бірнеше бекеттеріне соғады. Шоқанға сыртқы істер министрлігі нұсқау беріп: «Барлық әрекеттер Құлжадағы консулмен кеңесіп жүргізілісін! Мақсат – достық жолмен келісімге келіп, үзілген байланысты тездетіп қалпына келтіру» – деп тапсырылады. («Шинжияңның қысқаша тарихы» 2 бөлім, 47-48 беттер).

1954-1955 жылдары Россияның Тарбағатайдағы тұңғыш консулы Татаринов және саудагер атын жамылған бір топ адамы қытайдың ішкі ісіне килігіп, Тарбағатай өңіріндегі Жарғыты алтын кенін тартып алмақ болады. Қытай кеншілерінен ілгерінді-кейінді 200 адамды атып өлтіреді.

Бұл іс Шинжияңдағы ұлттардың қарсылығын қозғады. 1855 жылы тамызда Тарбағатайдағы кеншілер ашуланып орыстардың сауда базарын өртеп, қарсылық білдірді. Сөйтіп Россиямен Чиң патшалығы үкіметі ортасында алауыздық туды. Бұл реткі оқиғаның туындау себебін анықтау үшін орыс үкіметі 1856 жылы тамыз айында Ілеге келіссөз жүргізуге адам жіберді. Келіссөз тамыз айынан қазан айына дейін созылады. Бұл келіссөз жұмысына Шоқан Уәлихановтың келгені белгілі. Құлжада қытайлармен өткізілген бірнеше кездесуден кейін, үкімет сауда-сатық қатынастарын реттеп, екі ел арасындағы достық байланыс қалпына түскен.

Шоқан екі мемлекет арасындағы талас-тартыс болған күрделі дипломатиялық маңызды тапсырманы ойдағыдай орындап, күздің соңғы айларында Омбы қаласына қайтады. Әлкей Марғұлан: «А.К. Гейнттің өкілдік етуі бойынша Шоқан Уәлиханов Құлжаға жасаған сапары Тарбағатай келісіміне және Құлжамен Шәуешекте консулдық ашуға негіз салған» – деп жазады.
Құлжа сапары кезінде Шоқан Уәлиханов Шинжияң халықтарының елеулі тарихи кезеңдерін, мәдениетін, көне дәуірден XVI ғасырға дейінгі мәдени байланыстарын, Тянь-Шань мен шекаралық Жоңғария халқытарының тұрмыс-тіршіліктерін естеліктеріне алады. Шоқанның Құлжа туралы жазған күнделіктері өте қызықты. Онда шекаралық Жоңғарияны мекендеген қазақ, сібе, солаң, моңғол, қырғыз, ұйғыр, қытай сияқты халықтардың тұрмысын жанды қабылдау әрі қызыға бақылау бар.

«Құлжадан бір жыршы карияны тауып алдым, одан алыста қалған жоңғар ертегілері, әндерін тыңдадым… Құлжаның көшелерінен беттерін бояп алған әппақ сұлу қыздар мінген күймені көрдім және оларсыз бірде-бір қонақасы өтпейді екен» – деп жазады Шоқан Уәлиханов.

Ол Таңбалытас (Іле өзені), Шолақтаудағы және Жоңғар қақпасы маңынан тасқа қашалған суреттерді, балбал тастардың түр-кескіндерін қағазға түсірген. Шоқан Уәлиханов Құлжадағы дипломатиялық сапарынан қайтып барғаннан кейін «Қытайдың батыс өлкесі туралы» атты еңбегін жазды.
1858 жылы 28 маусымда Шоқан Уәлиханов Қашқарияға сапарлады. Қашқария ол кезде Ресей жағынан зерттелмеген бейтаныс өлке болатын. Қоқан қандығының Қашқардағы сауда консулы әрі саяси резидентінің көмегімен Қашқарияның географиясы, тарихы, саяси жағдайы, мәдениеті жақтарындағы ерекшеліктерін зерттеу Шоқан Уәлихановқа міндеттеледі. Оның Қашқарияға барғандағы бүркеншік аты Әлімбай, кәсіби саудагер ретінде жасанған болатын. Шоқан Уәлиханов Қашқарға тек мұсылман болғандығы себепті ғана кіре алған. Ислам діні бойынша Қашқарда үш айдан артық тұрса сөз жоқ уақыттық үй ұстап, әйел алуы керек-ті.

Сөйтіп, Шоқан ұйғырдың ай жүзді, қаламқасты қызмен некеленеді. Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын 30 жыл зерттеген Сәбит Мұқанов 1956 жылы араға бір ғасыр салып, Шоқан жүрген жолдармен Қашқарға барған. С. Мұқанов «жеңгемізді» Шынаргүл дейді. Шоқанның суретші болғаны барша жұртқа аян. Оның Қашқарға барғанда салған суретінің бірі ұйғыр қызының бейнесі. Оны «Қашқар қызы» деп атайды. Мұны С. Мұқанов Шынаргүл деп атаған.

«Мүмкін бұл Шоқан Уәлихановтың қашқарлық әйелінің суреті болар» дейді этнограф Сымбат Мүталапқан қызы. «Шоқанның уақтыша алған әйелі жүкті болып, бала қалды» деген қаусеттер де бар. Бірақ бұл әлі дәлелденген жоқ.

Тағы бір айтылуда Шоқан Уәлиханов Қашқарияға келгенде сол жердің салты бойынша уақыттық некеге тұрған. Олар Шоқанға арнап 16 жастағы ең көрікті қыздарының бірін дайындайды. Оны «Шөкен» атайды екен.

Дастүр бойынша, уақыттық күйеу кетерінде қызға тақия сыйлайды. Шоқан ерекше міндетпен жүргені себепті әуелде уақыттық әйеліне көп сеніңкіремей, үй қызметшісі ретінде қараған. Кейіннен оның парасаттылығына, көркіне қызыққан. Өйіткені, уақыттық әйелі оның әдеттегі жәй ғана саудагер еместігін танып, құпиялығын сақтай білген әрі кейбір қауіптерден де сақтап қалған. Шоқанның оған көңілі аууының бекер еместігі осыдан болар. Кетерінде оны өзімен бірге алып жүре алмайды. Себебі, қайтар жол өте ауыр еді.

Ұйғыр қызы Шынаргүлды С. Мұқанов аса көрікті, хат таныған, білімді дұттар тартып, ән айтатын, Шоқанды құлай сүйген әйел екендігін жазады. Шоқан өзі туралы былай дейді: «Белгісіз жердің тарихын көп зерттеуіме мүмкіндік бермеді. Суреттерді де сыза алмадым, азғантай құпия белгілерім мен сызбаларымнан қатты сақтандым. Өзіме күдік келтірмеу үшін тіпті, үйленуіме де тура келді. Уақытша әйел алу осы жердің салты екен. Бұл жерде өткен алты айда алаңдаумен болдым».

Біз Шоқан Уәлихановтың Қашқар сапарының қаншалықты қиындығын осыдан-ақ аңғарамыз.

Шоқан Уәлиханов Қашқар сапарынан қайтқаннан кейін «Алты шаһардың жәй-жапсары» атты әйгілі еңбегін және басқа да зерттеу естеліктерін жазды. Ол кезде алты шаһар деп солтүстіктегі ТяньШань, өңтүстіктегі Күнлүн тауларымен қоршалған Қашқар, Ақсу, Үштұрпан, Иыңсары, Яркен және Қотан қалаларын атаған. Шығарма сол заман ғылымының ең жоғары деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу еді. Көп ұзамай ол Англия, Германияда жарияланады. Ф.Р. Остен былай дейді: «Материалдарды жинау үшін Шоқан Уәлиханов аянбай еңбектеніп, қажыр жұмсады. Өз халықының аңыз, жыр-дастандарын мұқият жазып алып жүрді. Орталық Азия диялектілерін зерттей жүріп, көне мұраларды қымбатқа сатып алды. Өлімге басын бәй тігіп жүріп, бұдда мұнасырларынан сирек кездесетін қолжазбаларды алды».

Сәбит Мұқанов 1956 жылы қытайға сапарлай келген орайында Шинжияңға арнайы келіп Құлжа, Санжы, Үрімжі, Қашқар қатарлы жерлерде болып, Шоқан Уәлиханов жүрген жерлерден дерек іздеген. Жамал Өміртайұлы былай дейді: «1956 жылы Санжы облыстық одақ құрылтайына қатынасып жатқан кезіміз еді. Бір күні үлкен клубқа жиналатындығымызды ұқтырды. Жиын сахынасына облыс бастығы Мамилияң ақ сары келген, зор денелі адамды бастап келіп, «бұл кісі Советтер Одағының әйгілі жазушысы Сәбит Мұқанов болады» деп таныстырды әрі сөз кезегін берді. Сәбит Мұқанов құлашын кең жайып, «Біздің жастардан сіздерге сәлем!» деген бір ауыз лебізді сөз білдіріп, сахнадан салмақты қадаммен түсіп кетті.

Кейін естісек Сбит Мұқанов Санжы қаласының ежелгі көне қала қорғанына шығып, бір уыс топырақ алады және қала сыртындағы жазықтан және бір уыс топырақ алыпты. Санжының тарихтағы көне аты «Шамбалық», қазақтың найман ханы тұрыпты. Бір жолғы жоңғарлармен болған соғыста қайтыс болған ханның сүйегі қала сыртына жерленеді. Сәбит Мұханов мүмкін осы жолы да Санжы, Манас өңірлерінен Шоқан Уәлихановтың деректерін іздеген болар.
Қытайда Шоқан Уәлиханов жөнінде зерттеу мақалалары жазылып келеді. Қапас Әсейінұлы Манас ауданы Сусатқан ауылындағы бұрын «Шоқан қыстағы» деп аталатын қыстаққа, «Шоқан өткелі» деп аталатын түбекке барып «Шоқан ат байлады» дейтін теректі және «Махаббат бұлағы» атанған бұлақты суретке түсіріп, «Үйрену және ғылым» журналына суретімен қоса таныстырды әрі Қазақстандағы газет-журнал редакцияларына журналдың 10 нұсқасын жолдап жіберді.

Қытай жазушысы Ло Яңху: «Манас ана өзенім» атты мақаласында: «Қазақтың әйгілі ғалымы Шоқан Уәлиханов экспедициялық сапармен Шинжияңда болған кездерінде Манас өзенін бойлай келіп, көрінісі көз тартатын елді мекенде біраз уақыт тұрыпты. Кейін мұндағы қазақтар ғалымның құрметіне осы жерді Шоқан атап кетіпті» деп жазады.

2.3 Қытай жері мен Құлжаға саяхаты

Ш.Уәлиханов П.П.Семеновпен бірге көл төңірегіне бірнеше маршрут бойынша сапар шеккен. Ал жас қазақ ғалымы П.П.Семеновпен Омбыда 1856 жылдың көктемінде танысып, достық қарым-қатынас орнатқан-ды.1856 жылғы тамызда Шоқан Құлжа қаласына аттанады.Сапардың негізгі мақсаты  — Қытаймен сауда қатынастарын жолға қою туралы қытай өкімет орындарымен келіссөз жүргізу еді. Өйткені Шүгішектегі орыстың сауда-саттық орны өртеніп кеткеннен кейін екі арадағы қарым-қатынас үзіліп қалған-ды. Уәлихановтың алдында даулы шекара мәселелермен шешумен байланысты күрделі дипломатиялық миссияны атқару міндеті тұрды.Ол осынау бір маңызды тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Құлжа өлкесінде үш айға жуық болған Шоқан аймақтың физикалық-географиялық жағдайларымен , халықтың өмірімен және тарихымен танысты.

1857 жылы Шоқан тағы да Алатау қырғыздарына сапар шегеді.Бұл Қашғарға экспедицияға шығар алдында мүмкіншіліктердісынап байқау тәріздісаяхат еді.Бұл жайында Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Гасфорт былайша турасын жазды.Мен мынаны мойындаймын, — деді ол, Қашғария шекараларына көшпенді, тағы қырғыздардың арасында сенімдічиновникті жібергендеоның алдағы уақытта жөнелтілуге тиіс керуен барғанша Қашғариядағы және жалпы Батыс Қытайдағы істерді қадағалаумақсаты көзделген-ді.Қырғыз Алатауында болғанкезінде Уәлихан қырғыз халқының өмірімен және тұрмысымен жақынырақ танысып, оның тарихын,этнографиясын және халқытың поэзиясын зерттеді.Қажымай-талмайеңбектену нәтижесінде ол аса мол тарихи –этнографиялық материал жинады. Этнографиялық очерктер, статистикалық деректер, тарихи мағлұматтар, үйсіндер мен тағы орданың халқы әдебиетінің ескерткіштері мен ің жазбаларымабірнеше дәптер болыптекшеленеді, — деп жазды Уәлиханов.Бұл орайда ерекше көңіл аударарлық бір жайт: жасзерттеуші қырғыздардың атақты поэмасы Манасқа тұңғыш рет салып, оны бірінші рет қағазға түсірді және тұңғыш рет тарихи-әдеби талдау жасады.

2.4 Қашғарияға саяхаты

Өздеріңе белгілі 21 жасында Шоқан өзінің әйгілі Қашқария сапарына барады.Шоқанға дейін бұл елге Марко Поло мен Гоестен ғана барған. Қазір осы сапар туралы бейнетаспадан көрейік.(7 минуттық үзінді көрсетіледі)

Осы сапардан келген соң , Шоқан бірнеше еңбектер жазады. Соның бірі

«Алтышаһар немесе Қашқария туралы». Сендерге осы еңбектен үзінді беріп отырмын.

Қашқария-үш жағы бірдей биік тау жоталарымен қоршалған, төртінші-шығыс жағы Гоби даласымен ұласып жатқан құмды сахара. Шекаралық тау жоталарының ішінде жол қатынасына қолайлысы Тянь- Шань.

Бұл тау арқылы үш жол өтеді.

Таудан талай өзен ағып шығады.Осы өзендер болмаса, бұл құлазыған құнарсыз жерлер адам мекені бола алмас еді.

Қытайдан Қашқарияға келетін жалғыз-ақ жол бар. Ол бір жақсы өңделген жол және оның бойындағы елсіз жерлерде почта тасу міндетін атқаруға тиісті қашқарлықтар мекендейді.

Ауа райы жақсы, жергілікті адамдарға оның таза ауасы қандай жақса, шетелдіктерге де сондай жағады. Қысы ұзақ болмайды, қары көп жатпайды.

Өлкенің минералдық байлықтары аз зерттелген, әйтсе де алтын және мыс кендері бар екенін аңғартқандай белгілер кездеседі.

Бұл елде жүзім, мақта, астық және бақша өсімдіктері егіледі.

«Алтышаһар» халқының санын анықтау мүмкін емес.Қытайлардың қала деп санап жүрген ең үлкен қыстақтарының өзінде халық саны өте аз. Қашқар округының ең үлкен қыстақтары Файзабад пен Ханрықта небәрі 2 мыңға жуық үй бар.

Қашқарлықтар мейірбан әрі бауырмал, жарқын мінезді, еңбекқор және мейлінше сыпайыгер халық.

ІІІ Қорытынды бөлім

Шоқан — Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен сол бір тұлға

“Ш.Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындады…” Академик И.И.ВеселовскийЖұлдыздай жарқ еткен тарихшы, публицист, лингвист, географ, археолог, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлиханов туған халқы үшін көп еңбек етті, оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дінін,тілін және тұрмыстық ерекшеліктерін зерттеді. Бір сөзбен айтсақ, Шоқан – ғұлама. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жерде аға сұлтан болған. Өз атасы Уәли де хан болған. Арғы атасы қазақтың ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында өткен. Әр уақыттың әр кезеңінде халықтың біртуар данышпандары дүниеге келген. Ондай дана перзенттер біртұтас бір тарихи кезеңдегі халықтың мәдени өлшеміне, рухани биігіне айналып отырған. Сондай адамдардың бірі – ХІХ ғасырда өмір сүрген, кейінгі ұрпаққа рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған дана ғалым  — Шоқан Уәлиханов

 

 

 

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.Шоқан Уәлиханов суретші- ӘХ.Марғұлан

2.Шоқан Уәлиханов ғалым

3.Интернет сайт бетері

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *