Шетел тілін үйренудің 7 түрлі пайдасы

Жаңа коммуникативті не ойлау дағдыны үйрену кезінде өзіңізді қосымша ынталандыру өте маңызды. Осындай көзқарас сіздің оқуыңызға мән және бағдар беріп, дағдыны меңгергеннен кейін үйренген артықшылықтардың тізімін күнделікті өмірде есте сақтауға мүмкіндік береді. Бір қабілетті үйренуге кейде ұзақ уақыт әрі қиындық туғыза алатын жағдаяттар болатынын ескерсек, адамға апатия сәттерін жеңу керек екендігі анық. Шет тілін меңгеруде тілдің өзін білуден басқа артықшылықтары бар. Олардың ең жағымды бөліктеріне назар аударып — қиын уақытта сіздің шабыт бере алатын тірегіңізге айналады.

 

Кез келген шет тілін үйрену қиын, тіпті одан да күрделі егер осы ойды тұрақты ұстансаңыз: «Бір күні мен осы тілді үйреніп, сөйлей алатын болсам, өмірім күрт өзгереді». Мұндай ойдың қателігінен басқа (нақты күн ешқашан келмейді), деструктивті ойлар да адамның ойына келеді, нәтижеде бүкіл тіл үйрену барысы жемісті меңгеруден мүлдем басқа эмоционалды жаққа ауытқуы мүмкін. Өзіңізді осындай ойлардан арылтуға тырыса отырып, оңтайлы әрі жағымды пікірге ауыстырамыз, солайша сізге қосымша ынталандыруды, демек, әрі қарай оқытуға күш береді. Сонымен, басқа тілдерді үйрену:

1.Түрлі басқа дағдыларды меңгеру жылдамдығын арттырады

Өзге тілді меңгерген сайын, танымдық қабілеттеріңіз жақсарады. Мысалы, сөздерді жаттау кезінде сіз есте сақтау қабілетін жаттығасыз. Сонымен қатар, сіз басқа тілдерді оқымай-ақ жанама түрде үйренуіңізге мұмкіндігіңіз бар. Сіз тілдердің жалпы ұғымдарын түсініп, басқаларды интуитивті түрде түсіне аласыз (тек фонетикалық емес, сонымен қатар құрылымдық жағынан да).

 

2. Математикалық қабілеттер жаңа деңгейге көтеріледі

Массачусетс университеті 2007 жылы зерттеу жүргізіп, екінші тілді меңгерген балалардың математиканы оқуға уақытын құрбан еткенімен, олардың математикалық қабілеттері артады деген қорытындыға келді. Егер сіз бұл туралы ойласаңыз, зерттеудің қорытындысы өзі анық болады — тіл үйрену сіздің мидағы құрылымдық және логикалық процестерді қамтиды, бұл математикамен бірдей. Яғни, сіз әлі де математиканың өзін үйренуіңіз керек, бірақ егер басқа тілдерді оқысаңыз, ми оған көбірек бейім болады.

 

3. Белсенді тыңдаушы бола алу қабілеттілігі

Тыңдаушы болу — бұл бізге кез келген уақытта, кез келген жерде қажет болатын тамаша шеберлік. Ойланып қарасаңыз, кез келген жағдайда адамды үзбей тыңдаудың артықшылығын көре аласыз (Дейл Карнеги “Достарды қалай табуға және адамдарға әсер етуге болады” деген кітабында осы мәселеге тұтас бір тарауды арнаған). Жаңа тілді үйрену кезінде сізде адамды мұқият тыңдаудан, оның акцентін және айтылған сөздің мағынасын білуге ​​тырысудан басқа амалыңыз жоқ. Сонымен қатар, сіз жай ғана адамның сөзін бөле алмайсыз, өйткені сіз әлі де жаңа тілді меңгермегенсіз. Сондай-ақ эмпатияны дамытуға мүмкіндік береді.

 

4. Жеке концентрация уақытының жоғарылауы

Жаңа тіл үйрену барысында үнемі алаңдау мүмкін емес. Тек үйреніп қана қоймай, сонымен қатар жаңа ережені түсіну, сөйлемді түсіну үшін (кез келген жаңа дағдыны меңгеру сияқты) ойлау қабілеттеріңізді зейінді сақтау керек. Сіз аздап алаңдаушылық соңғы бірнеше минутта қол жеткізген жетістіктеріңізді бұзуы мүмкін. Осы фактор жинақтағы ұялы телефонның және басқа тітіркендіргіштердің зиянын автоматты түрде көрсетеді.

 

5. Ықтимал ми ауруларының алдын алу

Біз көптеген физикалық проблемалардың алдын алу спорттың жұмысы деп ойлаймыз. Алайда жаңа тілді үйрену деменция мен Альцгеймер ауруының басталуын 4,5 жылға кешіктіруі мүмкін, бұл қазіргі заманғы дәрі-дәрмектердің мүмкіндігінен де асып түседі. Түпнұсқа мынада: көп тілді адамдарда ми жұмысында көбірек нейрондық жолдар жасалып, осы үдеріс өз кезегінде миға бірдей ойлар мен үлгілерді қайта айналдырмауға мүмкіндік береді (бұл көбінесе шизофренияны тудырады).

 

6. Өзін-өзі саналы түрде бағалауды арттырады

Алдымызда кез келген мақсат қойып, оған қол жеткізсек, ол сөзсіз өзімізге деген сенімділікті арттырады. Себебі жеке тұлғаның табиғаты сондай әрекетке бейімделген. Көптеген табысты  адамдардың кеңестері жолды кіші “нәтижелі” істерді бастаумен ерекшеленеді , егер сізде белгілі бір қабілет не жағдаят болмай қалса, өзіңіз үйренген нәрсені жасай беріңіз — үстелді жинаңыз, ыдыс-аяқ жуыңыз, қоқысты тастаңыз. Мұндай кішкентай табыстар сіздің басыңызда сәттіліктер тізбегін бірден бастап, сенімділікті арттырады. Біз 30 секунд бойы бейтаныс тілде диалогты жалғастыра алатын болсақ, ол ауқымды қуат береді, ақпаратты қабылдауымыз бірнеше есе артады. Кішкентай жетістіктеріңізді өзіңіз үшін атап өту, мақтап тұту маңызды. Кішкентай жеңістерден ләззат ала алмасаңыз, миыңыз сыйға тартылмайды кейін тез шаршайды.

 

7. Мәдени хабардарлықты кеңейту

Шын мәнінде, әрбір тұлға үшін шетел тілде сөйлейтін адам өз елінің мәдениетінің тікелей көрінісі болып табылады. Диалогы көп фильмді көру — сізге осы елдің мәдениеті мен қоғамы туралы оның тұрғынымен әдеттегі диалогқа қарағанда азырақ мәлімет береді. Бұл адамды саналы тұлға ретінде көп-қырлы етуді көздеп, көптеген қақтығыстардан аулақ болуға мүмкіндік береді. Өйткені сіз басқа мәдениетті, басқа психологияны зерттей бастайсыз және тәжірибеден тек маңызды бөліктерді бойыңызға сіңдіресіз.

Келесі жолы тіл үйренудің мағынасыздығы туралы ойласаңыз, осы артықшылықтарды есте сақтаңыз. Іштегі шабыт үшін бір сөзбен шектеліп қалмай, не үшін істеп жатқаныңызды өзіңізге қайталаудың рөлі әрқашан әсерлі. Тілді үйреніп, оның есте сақтау қабілетін дамытып, шығармашылық қабілетін арттыратынын түсінгенде, ықыласыңызды жандандырып, бір жерден күш-қуат береді. 

 

Болат Сабина 17.04.2023 жыл

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *