Шауполатов Абдрахым

«ШАУПОЛАТОВ АБДРАХЫМ»

▪︎ Шауполатов Абдрахым (25 қараша 1944, Тұрбат — 20 маусым 2016) — Қазығұрт ауданы волейболының негізін қалаушы, білікті ұстаз, ардагер спортшы.

ӨМІРБАЯНЫ 

▪︎ Шауполатов Абдрахым 1944 жылы 25 қарашада Түркістан обылы Қазығұрт ауданы Тұрбат елді мекенінде дүниеге келген.

▪︎ 1950 жылы «Қазанның ХХХ жылдығы» атындағы орта мектепте 1 сыныпқа барып, 1960 жылы мектеп оқушылары арасында аудан чемпионы атанды.

▪︎ 1961-1962 оқу жылында Тұрбаттағы ауыл шаруашылығын механикалардыру училищесіне оқуға түсіп, электрик, жүргізуші мамандығын игерген. Училище волейбол командасы құрамасында облыстық училищелер арасында өткізілген 1-спартакиадаға қатысып жеңімпаз атанды. 1963 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылған. Армия сапында волейболмен шұғылданып Балтық әскери округінің чемпионы болған.

▪︎ Германияның Дрезден қаласында өткізілген достастық елдердің спартакиадасында өнер көрсетіп СССР спорт шеберлігіне кандидат нормативін орындаған. Армия сапынан оралғаннан соң жоғарыда аталған училищеге жұмысқа орналасты. 1967 жылдан бері аталған училищеде дене тәрбиесі мұғалімі болып 40 жыл жұмыс істеп зейнеткерлікке шықты.

▪︎ Осы аралықта Ташкент дене тәрбиесі институтын бітірді.

ЖЕТІСТІКТЕРІ 

▪︎ Шауполатов Абдрахым өзі тәрбиелеген шәкірттермен бірге 30 рет аудан, 4 рет облыс, 17 рет училище мұғалімдері арасында облыс чемпионы ататанған. 1968 жылы Қазақстан құрамасына алынып, Ригада өткен Одақ біріншілігінде өнер көрсеткен. Осы аралықта (1967-2000 жылдары) түрлі деңгейдегі бірнеше турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері. Совет Одағының батыры Жолдас Сүлейменов , Социалистік Еңбек Ері Ермек Бөбеков, Социалистік Еңбек Ері Төле Ағабеков атындағы турнирлердің жеңімпазы және СССР-ға еңбегі сіңген жаттықтырушы Октябрь Жарылқапов турнирінің жүлдегері.

▪︎ Осы жылдар арасында Оңтүстік Қазақстан облысының «Қайрат» спорт қоғамының сапында 11 жыл өнер көрсетіп, Республика біріншілігінде бірнеше рет 2-3 орындарды иеленген. Өзі тәрбиелеген, яғни Өмірбек Ағабеков, Сәбит Шушбаев, Сапар Тәженов, Нұржан Омаров, Ділшат Гафуров, Ақжігіт Бекбердиев, Мұхит Бұғыбаев сынды шәкірттері облыс намысын қорғап, волейболдан Республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған.

▪︎ Дене тәрбиесі пәнінің үздік мұғалімі.

▪︎ Жаттықтырушы ретінде де аудан, облыс чемпиондарын Республикалық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған жаттықтырушы ұстаз.

ОТБАСЫ 

▪︎ Шауполатов Абдрахым 10 ұл-қыз тәрбиелеген көпбалалы өнегелі әке. 40 немере, 30 шөберенің атасы. Ұлдары мен қыздары түрлі салаларда қызмен атқаруда.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *