«Шам” театрында ПРЕМЬЕРА!

Еркебұлан Дайыров пен Асан Мажит «Шам» театрын өз қаражаттарына ашқан еді. Өнер ордасы күні кеше жаңа деңгейге шықты. Олар сахналаған екінші спектакль – «Иран конференциясы»! Қойылым қазірдің өзінде мейнстримге айналды.Актерлардың еркін шығармашылық алаңына айналған өнер ордасы. Бұл жолы труппаға —  Ерлан Біләл, Самал Еслямова, Зарина Кармен, Дархан Сүлейменов және Ақбота Рахат сынды хас шеберлер  қосылған. 

«Иран конференциясы» — қоғамдағы түрлі идеялар қайшылығы, позициялар текетіресі!  Дәл бүгінгі ақпараттық майданды, көзге көрінбейтін  суық соғыстарды, қырғи-қабақ қақтығыстарды сахналайды. 

Еркебұлан Дайыров, актер:

— Пъесса арқылы біз өзіміздің азаматтық позициямызды, ойымызды жеткізгіміз келді. 

Зарина Кармен, актриса: 

— Бұл бір жаңалық ретінде осы спектакльді біз алдық, бұл енді бір ақша табу мәселесі емес, бұл театр әлеміне жаңалық енгізу үшін жасалған спектакль. 

Фархад Молдағали, режиссер: 

— Әр жерде болып жатқан соғыстар, діни дәстүршілдік пен гумаснисттік арасындағы күрес. Батыс пен шығыс деп бөліне береді ғой. Желілерде болып жатқан бітпейтін талқылауларға бұл бір жақсы бір жауап. 

2,5 сағатқа созылатын конференцияда 8 кейіпкерден бөлек, Азамат Сатыбалдыда бой көрсетуі тиіс еді. Алайда актер «Қазақфильм» президенті орынтағына жайғасқалы, тығыз кестесінен театрға орын табылмай қалған. . 

Азамат Сатыбалды, «Қазақфильм» киностудиясының президенті:

— Бір қызығы сіз осы спектакльде ойнауыңыз керек еді ғой?

  • Иә мен ойнауым керек болатын енді, қазір жұмысыма байланысты сәл шегердім. Қысқа дейін ойнаймын, өйткені менің рөлімді жәй ғана алып тастаған. 

«Шам» театры «Номер 37»-ні 1 жылда аншлагпен 14 мың көрерменге қойды. Енді «Иран конференциясы» сол жетістікті қайталай ала ма?  Оны уақыт көрсетер. Ал, біз өз тарапымыздан ең бастысы театрдың шамы өшпесін дейміз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *