Химияны оқытуда белсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың интеллектуалды дағдыларын дамыту

Қадырбек Шапағат

Қазіргі таңда химиялық білім берудің маңыздылығы  аса зор.Химияны оқыту оқушылардың аналитикалық ойлауын,шығармашылық тұрғыдан дамуын,өз бетімен жұмыс істей білуін талап етеді.Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуда максималды нәтижеге жету үшін оқытудың белсенді әдістерін қолдану маңызды.

Практикалық тапсырмалар мен зертханалық жұмыстарды қолдану,баланың интеллектуалды дамуына ықпал ететін негізгі әдістердің бірі.Бұл әдісті қолдану мектеп оқушыларына тек теориялық білім алып қана қоймай,алған дағдыларын практикада қолдануға мүмкіндік береді.Мектептегі зертханалық жұмыстар оқушының логикалық ойлауын,топта бірігіп жұмыс істеуін, сонымен қатар мәселелерді бірлесіп шешуде көмектеседі.Интеллектуалдық қабілеттердің дамуына ықпал ететін тағы бір белсенді оқыту әдісі-проблемалық оқыту әдісі.Баланы әртүрлі химиялық есептерді шығаруға шақыра отырып,мұғалім сыни ойлауды дамытуға,материалды өз бетінше меңгеруге ынталандырады.Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық ойлауын және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.Топтық жұмыс және жеке жұмыс секілді оқыту әдістерін де ескеру қажет.Мұндай іс-әрекеттер барысында оқушылар білім және тәрбие алмасуға ,ақпаратты талдауға үйренеді.Бұл қарым-қатынас дағдылары басқалардың пікірін тыңдауға, оны құрметтеуге сонымен қатар топта тиімді жұмыс істеуге көмектеседі.Белсенді әдістердің маңызды элементі қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады.Бейне сабақтар ,интербелсенді тақталар,онлайн тесттер оқу процесін  қызықты,қолжетімді ете алады.Интернет ресурстарымен жұмыс істеу,компьютерлік сауаттылықты арттыруға көмектеседі.

Химияны оқытудың белсенді әдістері арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту үшін келесі әдістерді қолданған жөн.

1.Топтық әрекет:Оқушыларды күрделі химиялық тапсырмаларды шешуге шақырыңыз.Мысалы, химиялық эксперимент жасау немесе сол орайда жаңа өнім алу.Бұл олардың  аналитикалық дағдыларын,шығармашылық ойлауын және тәуелсіз жұмыс істеуін дамытады.

2.Пікірталас алаңы:Баланың өз пікірін айтуға ,өз ұстанымдарын дәлелдеуге шақыра отырып,химия саласындағы өзекті мәселелерді талқылауды ұйымдастыру.

3.Зертханалық жұмыс:Химия зертханасында эксперименттер жүргізу.Бұл оқушының ғылыми әдіс негіздерімен танысуға,бақылауға,қорытынды жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

4.Технологияны пайдалану:Химияны оқыту үшін интербелсенді тақталарды,презентацияларды,онлайн зертханаларды пайдалану.Бұл оқушыларға компьютерлік дағдыларды дамытуға көмектеседі.

5.Есептер шығару:Оқушыларды химиядан алған білімдерін іс жүзінде қолдануды қажет ететін есептерді талдауға ,шешуге ынталандыру.Ол сыни ойлауды және шығармашылық есептерді шешу қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Қорытындылай келе,химия бойынша оқытудың әртүрлі белсенді әдістерін біріктіру және оны қолдану,оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға  ықпал етеді.Айта кету керек,химияны оқытудың белсенді әдістерін қолдану,мұғалімді шығармашылық және үздіксіз әрекет етуге талап етеді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *