Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы

Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы

 

Студент: Райсов Асанәлі

Жетекшісі: Альдибаева А.Б. аға оқытушы, тарих магистрі.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік  университеті, Тараз

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай Қазақстан халқы бұл атаулы мерекені тойлауға дайындыққа кірісті. [1]Бүгінгі менің қозғап отырған мәселем, бұл Қазақ хандығын біріктіре алған, күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман қайраткер Хақназар ханның Қазақ тарихындағы орны ерекше. Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығайтып,біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) әрекет жасады. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару,әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса екендігін көрсетті.Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты [2].

Мемлекеттің солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едәуір жылжытты. Қазан мен Астраханьды басып алғаннан кейін Еділ өзенінің барлық аңғары Ресейдің қол астына кірді. Башқұрт және Сібір хандықтары Ресей құрамына енгеннен кейін, ноғайлар Қазақ хандығының солтүстік-шығысына ығыса бастады. Олар Еділден Ертіске дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрді. Башқұрттар мен Сібір татарлары да қазақ жерлеріне енуін тоқтатпады. Сырдарияның төменгі ағысына қарақалпақтар келе бастады. [3] Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі және халық өмірінің оңалуы, Ноғай ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты. Ноғай одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі қаңлылар, қыпшақтар тағы басқалар Қазақ хандығына келіп қосылып жатты. Оларды Хақназар хан құшақ жая қарсы алды. Ноғай ордасын билеушілерінің бірі Ысмағұл мырза ішкі феодалдық қырқыста өз ағасы Жүсіп мырзаны өлтірді. Жүсіп мырзаның балалары Ысмағұл мырзамен соғысты бастайды. Ноғай ордасында өзара қырқысқан екі топ пайда болды. Ысмағұл мырзаның тобы Мәскеу княздігіне қосылуды жақтаса, оған қарсы топ Қазақ хандығына қосылуға бой ұрды. Кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда, жоғарыдағы шабуылдар батысқа қарай ауған ноғай тайпаларының Еділ мен Жайық өңірін тастап, Дон сахараларына қарай кетуіне себеп болған көрінеді. Бұл жөнінде тарихшы Ахмет Заки Уәлиди: «1969 жылы Шығай, Хақназар, Шалым сұлтандар бірлесіп, Ысмағылдың баласы Орыс сұлтанға шабуыл жасады, осыдан соң ұзақ тұрмай ноғай мырзалары ақырындап елдерін Жайық пен Еділдің батыс жағына, Дон сахараларына көшіруге, башқұрт елдерін тастауға мәжбүр болды» дейді. Бұл жеңіс Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш-қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған.[4] XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай одағы ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, 1569 жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай одағына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай одағының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да қазақ хандығына өттіі. Бұл қазақ хандығының, қазақ тайпаларының және қазақтаардың этникалық территориясын біріктіру жолында жасаған жеңісті қадамдарының бірі болды. Сонымен қатар ноғайлы дәуірінде жасалған немесе жаңғыртылып жырланған қыруар жырлар, «Қырық батыр жыры» сынды алып эпос қазақ мәдениетінің қазынасына қосылды. Бұл жағдай Қазақ хандығының солтүстік-батыс және солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды.[5]

Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай Ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің Қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлегінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түсті. Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс, солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті.[2]

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы (Ежелгі заманнан бүгінге дейін). Атамұра. 5 томдық. — 2010

2.Тарихи тұлғалар. Танымдық — көпшілік басылым. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. “Алматыкітап баспасы”, 2009

3.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.

4.Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахйар.// Материалы  по истории Казахских ханств в XV – XVIII вв. (Извлечения  из персидских и тюркских сочинений)  Составители: С.К.Ибрагимов, Н.Н.Мингулов, К.А.Пищулина, В.П.Юдин. Алма-Ата,1969.

5.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *