Төрт түлік — мал

Төрт түлік-мал

Тажмағанбетова Қарлығаш

Білім беру саласы: «Қатынас»

 

Білім бөлімі: Тіл дамыту

 

Тақырыбы:Төрт түлік мал

 

Мақсаты:Үй жануарларымен таныстыру,олар туралы уйлесімді әңгіме құрастыруды үйрету,төрт түлік малжайлы білімдерін кеңейту,олардың төлдерін ажырата білуге үйрету.Жұмбақтар, тақпақтар айтқызу арқылы тілдерін дамыту.

 

Көрнекілігі:Суреттер, таратпалы материалдар.

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
 

 

 

Ұйымдастырушы-

лық

оятушылық

 

 

 

 

 

 

Танымдық оятушылық

 

 

Ұйымдастырушы-

лық ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылулық шеңбері:

 

Психологиялық сәт.

Балалар суреттегі бейне арқылы психологиялық көңіл күйлерін білідіреді.

Балалар бәріңде бүгін қуанышты екенсіңдер,біз осы қуанышымызбен бүгінігі оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.

 

Есік қағылып Айжан қуыршақ келгенін,өзімен қоржын ала келгенін хабарлайды.

 

Балалар біз «Бауырсақ» ертегісін білеміз бе?

Қане кімнің есіне түсті?

Балалар ертегідегі бауырсақ неден қашты?

 

Балалар міне осы аталған жануарларды біз жабайы жануарлар деп атаймыз.

Біз жабайы жануарларды білдік,ал үй жануарларын білеміз бе?

 

Балалардың назарын теледидарға аудару.Слайд арқылы көрсетілген үй жануарларына жеке- жеке мағлұмат беру.

 

 

 

 

 

 

Міне осы аталған жануарларды төрт түлік мал деп атаймыз.

Олардың адамға тигізер пайдасын атап өтейікші.

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

«Тіл ұстарту»

 

-ян-,ян,-ян-ұзын құлақ сұр қоян.

-ра,-ра,-ра-қозыға жақсы қара.

-ю,-ю,-ю,-қорбаңдаған аю.

-ой,-ой,-ой-маңыраған қой.

-кі,-кі,-кі-бұл айлакер түлкі.

 

 

 

Балалар қане орнымызға жайғасайық.

«Венн диограммасы»арқылы балаларға сұрақ қойып,үй жануарларын және төлдерін ажыратып қабырғаға жапсырады.

 

Дұрыс айтасыңдар балалар,

Үй жануарларының төлдерін тауып, атайды. Дауысын салады.

 

-Қой қалай маңырайды?

-Сиыр қалай мөңірейді?

-Жылқы қалай кісінейді?

-Түйе қалай боздайдыі?

-Ешкі қалай бақырады?

 

Ой жарайсыңдар балалар!

Сендерге ойын ұнады ма?

 

Айжан қуыршақ әкелген қоржыннан жұмбақ алып шешуін табуларын сұрайды.

 

1.Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Ол не?

 

2.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

 

3.Төрт аяғы бар,

Басында екі таяғы бар.

 

 

 

Балалар шеңбер бойлап тұрады.

 

Тәрбиеші көрсеткен сурет

арқылы мұңаяды,жабырқайды,

армандайды,алақайлап

қуанады.

 

 

 

 

 

Үстел жағалай отырады.

Қуанады.

 

 

Иә,білеміз.

Ортаға Балауса суырылып шығып ертегіні айтып береді.

-Қояннан,аюдан,қасқырдан қашып түлкіге жем болады.

 

 

 

 

 

 

Жоқ,білмейміз.

 

Балалар теледидарға көңіл бөледі.

 

 

 

Атайды:

-Сиыр

-Түйе

-Жылқы

-Қой

-Ешкі

 

 

 

 

-Сиыр сүт береді.

-Сүттен қаймақ,май,құрт жасайды.

-Түйеден қымыран аламыз.

-Жылқыдан қымыз аламыз.

-Қой мен ешкінің жүнінен жіп иіріп,киімдер тоқиды.

 

 

 

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

-ян-,ян,-ян-ұзын құлақ сұр қоян.

-ра,-ра,-ра-қозыға жақсы қара.

-ю,-ю,-ю,-қорбаңдаған аю.

-ой,-ой,-ой-маңыраған қой.

-кі,-кі,-кі-бұл айлакер түлкі.

 

Балалар орындарына отырады.

 

Балалар қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап береді.

 

 

 

Иә,ойнаймыз.

 

 

 

 

 

 

-мә-мә-мә деп маңырайды.

-мө-мө-мө деп мөңірейді.

-ио-ио-ио деп кісінейді.

-бө-бө-бө деп боздайды.

-бе-бе-бе деп бақырады.

 

Иә, ұнады.

 

 

 

 

 

 

 

 

-Түйе.

 

 

-Қой.

 

 

-Сиыр.

 

 

 

Жетекші жөндеуші

 

Қорытынды:

«Біз не білідік?»

Балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде төрт түлік мал туралы таныстық.

Үй жануарларына қандай жануарлар жатады екен?

 

Неліктен оларды үй жануарлары деп атайды екен?

 

 

Жарайсыңдар балалар,сендер бүгінгі оқу іс-әрекетімізге жақсы қатыстыңдар.

 

 

 

Қуыршақ Айжан риза болғанын,сыйлығы бар екенін хабарлайды.

 

Құртты таратады.

 

Сендерге көп рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

-Сиыр,қой,түйе,ешкі,жылқы.

 

Себебі біз оларды үйде ұстаймыз, үнемі шөп,су,жем береміз.сондықтан үй жануарлары деп атаймыз.

 

 

 

 

 

 

Қуана қоштасады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Үй жануарларын,олардың төлдерін ажырата, төлдер туралы тақпақтар айта біледі.

Қалыптасқан түсінік: Төрт түлік мал, олардың пайдасы туралы түсінігі қалыптасады.

Орындаушылық қабілеті:Жұмбақтарды шешеді, тапсырмаларды орындай біледі.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *