Тәулсіздік — тәңірдің тәтті сыйы

Эссе

Бекбергенова Жанат Серікбайқызы

Тақырыбы: Тәулсіздік — тәңірдің тәтті сыйы.

Тәулсіздік –аса қасиетті,киелі,қастерлі үғым. Тәулсіздік ең басты құндылығымыз!Адам баласының ең басты құндылығы ол- оның өмірі . Мен сол өмірім туралы айта  кетейн.Мен Жамбыл облысы Жамбыл ауданы бұрынғы (атауы Крупская колхозы) кәзір Өрнек ауылында  қарапйым отбасында дүниеге келдім . Отбасымызда  алты ұл,ұш қыз тәрбиелендік. Марқұм анам он құрсақ көтерген, біреуі жасында кайтыс болған. Адам өзін – өзіне  мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып , “өз өмірім өзіме құнды ” деген қағиданы басты назарда ұстауы қажет.Ата –анам басқа салада жұмыс істеген,бірақ мен өз алдыма мақсат қойдым, яғни ұстаз болу.Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Мен балаларды жас кезімнен жақсы көретінмін. Ауылда жас балаларды жинап соларға мұғалім боп ойнайтынбыз.Сол балалық шақтағы арманымды асыру үшін 1983жылы мектеп табалдырығын аттап, Алматы шет тілдер институтына оқуға түстім. Қызығы мол студенттік  өміріміз  өтіп жатты.   1986жыл 3курс 16 желтоқсан.Бұл күн менің мәңгі жүрегімде калған  із  деп айта аламын.  1986 жылы 16 желтоқсан күні елім, жерім  деп Алматы қаласындағы орталық алаңға шықтық. Кольбинге қарсылық таныттық. Әр ұлттың өз көсемі болу керек деп ұрандаттық. Біз президенттің орыс болғанын қаламадық.Желтоқсан оқиғасында құрбан болған жастарға бас иемін. Алайда жас жүректерге түскен желтоқскан оқиғасының жарасы ешуақытта жазылмайды екен. Кейде оңаша қалғанымда сол бір жылдардағы қарулы жігіттердің сұлабасы елестейді. Олардың қолыңдағы дубинка мен қатыңқы қабақтарын, сұсты жанарларын ұмыту мүмкін емес. Сол күні   алаңға  барып өз көзіммен көргенімді ешқашан да ,еш уақытта  ұмытпаймын.Осы  күн  Егеменді елімізді түбегейлі өзгертті деп айта аламын.Кәзіргі таңда Тараз қаласы №14 М.Мақатаев мектебінде жұмыс жасап келемін. Жалпы ұстаздық еңбек өтілімім  34 жыл. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды.

Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.  Мұғалімнің негізгі басты мақсаты — рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Мен осы мамандықты таңдағаныма  еш өкінбеймін.

Қорыта келе айтарым  осындай тыныш, тәуелсіз, ашық аспанды заманда өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Қазіргі бейбіт мемлекетте уайым-қайғысыз өмір сүріп жатқанымыз тәуелсіздігіміздің арқасы екеніне тағы да көзім жетті.  Бүгінде Қазақстан Республикасының еңсесі биік,тәуелсіз, басқа мемлекеттермен терезі тең, керегесі кең егеменді мемлекет болып қалыптасты. Тәуелсіз еліміздің туы күннен-күнге биіктеп,халықаралық аренадағы беделінің күн санап артып келе жатқанына  қуаныштымын. Тарихымыз бай, бүгініміз баянды, ертеңіміз жарқын боларына мен  кәміл сенемін. Ата –бабамыз бізге қалдырған кең байтақ жерімізді, ана тілімізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай,аялап, қастерлей білу- біздің  парызымыз. Еліміздің дамыған елдермен терезесі тең болып қарыштап өркендеуі – жас ұрпақтың қолында.Менің арманым осы өсіп келе жатқан жас ұрпақтың болашағы жарқын болса жеріне ,еліне деген патриоттық сезімі мықты әрі берік болса, міне сонда біз өзімізді Бақытты да, тыныш мемлекетте өмір сүру сондай керемет деп айта аламын

Қазіргі таңда «Тәуелсіздік күні»- барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бұл бірліктің, ынтымақтың және татулықтың күні.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *