Тәуелсіздіктің жаршысы

Рахымбекова Бадикен Маратқызы

Қазақ халқының маңдайына біткен,бір туар, ардақты азаматы,қоғам және мемлекетқайраткері,ұлт-азаттық жәнеАлашқозғалысының жетекші-сі,Алашорда автономиялыүкіметініңтөрағасы,ғалым,аудармашы,тәуелсіздік жаршысы,ұлт көсемі-Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан .Алаш  ардақтысының бұл мерейтойы өз елімізде ғана емес ЮНЕСКО- да аталып өтілуі,қазақ ұлтының тағы да бір мәртебесін биікке бір көтеріп тастады.

Әлихан Бөкейхан жайлы қалай айтсақ та ,қалай тойланса да,қалай жазылса да ,еш артық емес,-деп ойлаймын.С. Петербор университетінің заң факультетіналтын медальмен бітіреді.   «Алаш» партиясын және Алашорда қозғалысы жетекшілерінің бірі болды.Ел тәуелсіздігі жолында және қазақ жерінің тұтастығы жолында еңбек еткен.Ұйтқысы болған өр тұлғалы азамат.Өзі құрған  Алашы мен Алаш автономиясы және оның үкіметі туралы қалай ой қозғамаймыз.

« Алаш» партиясы-қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы.Партияға мүше болып кірудің өзі ол кезеңде,оңай болмаған.Кез келгені мүше болмады. «Алаш» партиясының программасын ұнатып,жөн көрген,программадағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі кірді. «Алаш» программасынан таймайтын ,өтірік айтпайтын,шынынан қайтпайтын,жақындық,туысқандыққа бүйрегі бұрмайтын,дүниелікке қызығып сатылмайтын,шыншыл,әділ,тура кісі осы партияға кіреді.Ойланып-толғанып барып қабылданатын болған.Әділдікті ту етіп,елім,жерім,қайран қазағым,- деп өткен өр тұлғалы азамат.20 ғасыр босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатыны туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды,өз ойын да шыңдай түседі.Сол кезеңдегі қозғалыстарға белсене араласып ,дес бермеген.Сондықтан даРесей жандармерия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары –ақ ілігіп, «саяи сенімсіздердің қара тізіміне алынады».Ол оқуын бітіргесін Омбыға барады.Оқытушы бола жүріп Социалистік бағыттағы  «Степной край» газетінің ызметіне белсене араласады,редакция алқасы құрамына кіреді.1896-1903 жылы Щербина зкспедициясы жұмысына қатысады.Бөкейханұлы  экспедиция жұмысына қатыса отырып қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген масатын бұрын өзі байқай бермеген жаңа қырыннан көреді.Отарлық биліктің таяу жылдары ірі шараларды жүзеге асырыруға  даярлық жасап жатқанын біледі.Осыдан кейін көзқарас мүлде басқаша үлкен өзгерістерге ұшырап,саяси қөзқарасы өзгерді.

Бөкейханов сияқты қазақ зиялыларының мүлдем жаңа сатыға көтерілуіне1-орыс революциясы әсер етеді. Қазақ халқының қай жиында жүрседе тіл,сайлау,дін,т.б бостандықтары мәселесін көтерген.І-Мемлекеттік дума жұмысына Семей облысы қазақтары атынан қатып,депутат болып сайланады.Қоғамдық көптеген жұмыстарды атқарды.Ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыс басшысы дәрежесіне көтерілген алғашқы қазақ болатын.Уақытша үкімет кезінде Торғай облысының комиссары және Түркістан комитетінің мүшесі қызметтерін атқарады.

Бөкейхановтың осы уақытқа дейінгі көздегені отарлық езгіден көз аша алмай отырған қазағына қолұшын беріп халықтың ертеңін ойлап ,ұлттық мемлекетін қалыптастыру еді.Ұлттық мемлекет құру Бөкейхановтың түпкі мақсаты болды.Үмітпен қарағандардың бәрі негізсіз болады.Бұл Бөкейхановтың кадет партиясынан шығуына алып келеді.Келе –келе Уақытша үкіметтің де,кадет партиясының да бұл ойды іске асыруға мүдделі еместігін сезінеді. Сөйтіп,өзі мүше болып отырған партия қатарынан шығады. Мұнысын жасырған да жоқ. «Мен Кадет партиясыынан шықтым?» деп мақала да жазды. Осы мақаласында Алаш партиясын құрғысы келетінін жұртқа жария етті.Оның жетекшілігімен 1917 жылы 5-13 желтоқсан күндері Орынбордажалпықазақ2шісьезіөтті.«Ұлткеңесін»құрыпоның«Алашорда»болуы,Алаш қозғалысының жұмысына басшылық жасады,қандай қиыншылықты болса да  басынан өткізді.Бөкейхановтың тарих саласында жазып қалдырған алғашқы еңбегі «исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи», «Киргизы».Қазақ мемлекетінің пайда болуының тарихи кезеңдерін ,даму заңдылықтарын да терең зерттеген. Бөкейханов назарынан Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіде тыс қалмаған.   1923 жылыТашкентте «Материалы к истории султана Кенесары Касымова»атты кітапшасы шыққан.Көптеген аудамалары орыстың классик жазушыларының шығармаларын аударған,орыс және қазақ тілдерінде қатар жазған публицист.Бөкейхановтың атқарған ісі,қоғамға да,кейінгі ұрпаққа да қалдырған аманат-мұрасы әлі де жан-жақты зерттеле түспек.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов-туған халқына адал да шын кіршіксіз қызмет етуімен теңдесі жоқ ,жалпы адамзат баласының тарихында өте сирек кездесетін дара тұлға.Бұл жай ғана жалаң сөз емес.

Әлихан-төрткүл дүниені дүр сілкіндірген Шыңғыс ханның 23-ші ұрпағы-Төре тұқымынан бола тұра,Қасым хан,Абылай хан,Бөкей хан,Кенесары сынды халқыақ киізге көтеріп,хан тағына отырған емес-оның заманы өтті-кетті.Қазақ халқының тарихында Шыңғыс ханның кейінгі ұрпақтары қарама-қайшы-екі ұшты рол атқарды.Міне,осы жәйтті терең зерттеп білген Әлихан «Тірі болсам,хан баласында қазақтың хақысы бар еді,қазаққа кызмет етпей қоймаймын!-деп ертеден –ақ халқы алдында серт берген,сол сертіне ақырғы демі біткенше алал қызмет еткен адам.Бірақ,әрине өзінің шыққан тегін қаш-анда мақтан етіп жүрді.Абырой-намысын көздің қарашығындай қорғады.Ал,халқына шексіз қызмет қылуды және қамқор болуды өзінің борышым дап санаған.

Бөкейханов-хан тұқымынан болатұра,атаққа,даңққа,еш құмартпаған билікке өзі ұмтылмаған.

Өзінің тегіне қарамастан,Әлихан халқын бай-кедей деп бөлмегені ру-жүзден деп те жатсынбағаны,Алаштың ұл мен қыздары деп барлығын туған бауырындай,баласындай жан тінімен сүйді.Ол ,ол туралы айтылған нақты көптеген деректерден айқын көрінеді. «…қазақтың аталы аулының ұрлық,зорлықшылдығын жек көретін,бірақ қазақтың кедейін азғырып,байы-мен партия құруды ұят көретін.Қазақтың оқыған азаматтарын байшыл,пара алғыш,баймен құда болғышын Әлекең тәуір көрмейтін…Әлекеңнің мінезі-еш қазақпен аразбын демейтін,қастық қылмайтын,жек көретін адамымен аман-даспайтын,сөйлеспейтін,Қазақтың еш нәрсесін аямайтын, «Өлгенде 2,5 кез

жер керек»,-дейтін».

«Алаштың Әлиханы» дейтіндей,патшалық дәуірінде болсын, «буржуазияшыл ұлтшыл» ретінде елінен қасақана аластатылған большевиктік үстемдік жылдарындаболсын,туып-өскен кең байтақ даласының қай түкпіріне барса да Әлиханды халқы  «ханымыз», «данышпан көсеміміз», «ұлттық серкеміз» -деп зор құрметпен қарсы алған екен.Мысалы:

1926 жылы КСРО Ғылым академиясыныың антропологиялық экспедиция-сының құрамында сол кездегі Адай оязына келгенінде оны адайлардың

Қалай қарсы алып күткенін академик Әлкей Марғұлан марқұм болғаннан кейін жарық көрген естелігінде былайша суреттейді: «Адайлар Бөкейхановтың халқының орны толмас қызметін тани біледі екен.Сондықтан

оны аса жоғары дәрежеге кұрметтеді,-делінген.

Мағжан ақын Әлиханды «заманынан ерте туған ел ағасы» деген ойын                                                                                                        Ойы жетім,бойы жетім,

Ел ағасы

,Қыр баласы

Уа,пәлі!».

-деп астарлап білдірсе,ұлт-азаттық жолындағы қиян-кескі күресінде өзінің

жақын бірге қызмет еткен үзеңгілесі әрі адал досы Ахмет Байтұрсынұлы бір шумақ өлеңінде оны «қия жазбас сұңқарға», «қажымас тұлпарға»,халқын қырға жетелеген «іңкәріне»теңейді.

«Қырығы,қия жазбас сұңқарым –ай,

Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай!

Үйілген өлексені өрге сүйреп,

Шығармақ қыр басына іңкәрәм-ай!-деп

тебіренген екен.

Әлиханның өзі «Қазақ елі»-деп айтып отырады екен.Баланы құшақтап,сүйіп отырады екен.Бүкіл ғұмыры сәбидей пәк халқының жарқын болашағы үшін патшалық әрі Кеңестік ескі дәуірде бірдей нағыз қамқоршы әкесіндей күресумен өткен.Әлихан туралы жазылғандардың қайсысын оқып зерделесең,елін сүйгені,елі үшін қызмет еткенін көреміз.

Алаш зиялыларының атқарып кеткен ісі мен олардың ұлттық тарихта қалдырған ізі әлдеқайда терең де,әлдеқайда маңызды да ауқымды .

ХХ ғасыр басындағыАлаш зиялыларының атқарып кеткен тарихи ролі неде оның қандай тарихи маңызы болды?Оған «Әлихан бастаған ұлттық зиялылар тобы тұңғыш «Алаш»ұлттық партиясын құрғанда,Алашорда ұлттық территориялық автономиясын жариялады.

Алашорда үкіметінің өмірі неге қысқа болғанына қарамастан,зерттеу-шілердің айтуы бойынша мұның түрлі себептері бар.Алашорданың Ресей

Билігі тарапынан ресми мойындалмауы да істің ілгерлеуіне кедергі келтіреді.Бұл уақытта  Қызыл Армия да куш алып,елді мекендердің бірінен соң бірін басып алып жатты. Ақырында Алашорданың өзі әр аймаққа бөлініп кетті.Оның соңы үкіметтің біржолата таралуына әкеліп соқты.

Алғашқыда Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына қатысқандарға кешірім жасауға уәде берген.Бұл жай болып шықты. Олар ақырында түгелдей сталин-шіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбаны болды.Солардың бірі-Әлихан Бөкейхан.

Әлихан  Бөкейханның атқарып кеткен ең басты тарихи ролі де осы,жүз-жүзге бөлініп- бытырапорыс империясының қол астында құлдықта отырған

Х VІІІ ғасырдың бірінші жартысы мен ХХғасырдың басын қамтитын 2 ғасырға жуық  дәуірдің нәтижесінде билік құрып билеп-төстеуші халықтың ішіне сіңіп біржола жойылу қатері келіп төнген тұста,тағы да  өзгелерден де, іргесін аулақ салған біртұтас қазақ ұлтын тәрбиелеп,ұлттық мемлекеттің шаңыра-

ғын қайта көтеру болатын.

Ірі қоғам қайраткері,Алаш қозғалысының жетекшісі Ә.Бөкейханұлының

бүкіл саналы ғұмыры туған халқының бостандығы жолындағы күреске арналған.

Алаш қайраткерінің арманы тек 1991 жылы 16 желтоқсанда орындалып,еліміз шынайы тәуелсіздікке қол жеткізді.Биылғы жылғы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай бұл айтулы мерекенің қатар келуі тегіннен тегін емес.

Қазақ елінің дүбірлі қос мерекесі  құтты болсын ағайын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қазақстанның ұлттық энциклапедиясы,2-том,402,403 беттер.

Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия, М..,1994ж.

Алаш һәм алашорда,А..,1995ж.

Қойгелдиев М.Алаш қозғалысы А..,1995 жқ

Қазақ әдебиеті, газеті,№52,25 желтоқсан,жұма,2015 жыл.8-беттер.

Ана тілі газеті,№2,14-20 қаңтар,2016 жыл.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *