«Тәрбиеші болу — бақытым»

                Жетісі облысы,Көксу ауданы,Балпық би ауылы, «Алпамыс бөбекжай-балабақшасының «Айгөлек» ересек тобының тәрбиешісі:

Даулетбаева Галия Кенесбаевна

«Тәрбиеші болу  —  бақытым

Ұстазтық ету – уақыт ұту емес, өзгенің                                                                                                                                      бақытын   аялау, өзіңнің уақытынды аямау.       (Жан Жак Руссо)

Армансыз адам болмайды, көп армандаған сайын қанатын кеңге жайылып, сол «арман» жетегінде қиял кешесін…

Бірақ кеште болса арманымның іске асқаны – бақытым деп білем. Иә ,мен бұл мамандыққа өте кеш келдім. Адасып жүріп, өзіме ұнайтын, көңілімнен шығатын, сүйсініп істейтін жұмысты таптым. Әттегені, көп әрине, ертерек келсем, көп нәрсені үйреніп, қаншама іс істер едім…

«Отан отбасынан басталады» нақылы орнымен айтылған деп ойлаймын. Себебі, әрбір бала өз Отаны – жанұясынан тәрбие алып, өмір жолын осы тәрбие тағылымен жалғастырады ғой. Мен  де сондай көп балалардың, көп тәрбиешілердің бірімін. Қарапайым, еңбекқор жанұяда туып, ана тәрбиесін көріп, әкенің аялы алақанының жылуын сезіп, аға, апайларымның мейірімін көріп өскен мен өсе келе өз мамандығымды саналы түрде таңдадым десем қателеспегенім деп ойлаймын. Мен алдымен ұстаз болуды армандап, жоғары оқу орнын бітірдім. Бірақ, өте келе, менің орным балалар бақшасы екенін сезіндім. Себебі, баланы бұрын да жақсы көруші едім, мен ана болғаннан кейін, балаға деген махаббатым одан да күшейе түсті. Содан кейін оқуымды ары қарай жалғастырып, жоғары орнын бітіріп, балабақшаға қызметке тұрдым. Қазір ауыл балабақшасында жиырма бала тәрбиелеп отырмын. Әбір баланы өз баламды сүйетіндей сүюге тырысамын. Оларға тәрбие беруде шаршамай – талмай еңбек етуге, бүлдіршіндерге бар білетін білімімді санасына құюға еңбектенемін.

Бала тәрбиесі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі европалыққа ауып бара жатқан заманда, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие, ұлттық сананы қайтіп сіңірсек екен деген сұрақ көп. Бұған бірден бір үлес қосып жатқан тәрбиеші педагогтар. Балаға тәрбие беру дегеніміз – алға белгілі мақсат қоя отырып, баланың психикасына жүйелі әсер ету бойынша адамгершілік қасиеттерді сіңіру, өмірге, еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Баланы еңбекке ойын арқылы тәрбиелеу, балалар ұжымы жайлы тамаша пікірлер айтып, мектепке дейінгі педагогиканың «еркін тәрбие» теориясынан құтылуына ықпал жасаған А.С.Макаренко баланың мінез құлқын белсенді түрде басқарудың қажеттігін бала көрсетіп, баланың моральдық бейнесінің қалыптасуына ересек адамдар тарапынан жүргізетін тәрбиенің ролін ерекше бағалаған. Ол баланы еңбекке тәрбиелеудегі ойынның мәні мен маңызын айта келіп,олардың өзара тығыз байланысты екенін, бірінің бірінсіз мүмкін еместігін дәлелдеді. Тәрбиенің тиімділігі баланың жеке психологиялық ерекшеліктерін білуге байланысты. Өйткені, әр жастағы баланың өзіндік даму заңдылықтары бар. Сонымен қатар әр баланы жан- жақты жете білу, зерттеу қажет. Белгілі бір жастағы балалардың бәрі бірдей емес. Әр баланың қызығушылығы мен бейімділігін, қабілетін, талантын білудің мәні зор.

  Балаларға күнделікті белгілі жоспар мен бағдарлама бойынша жүйелі түрде қарапайым білім береміз. Олардың икемділігі мен жағымды әдет – дағдыларын қалыптастырамыз. Бойларындағы танымдық қабілетін, қызығушылығын дамытамыз. Мен осы балалардың екінші анасымын. Иә, өзімді солай сезінемін. Әртүрлі мінезді балапандардың біреуі ерке, біреуі тентек, біреуі ақылды, біреуі биші, біреуі әнші. Оларды қалай жақсы көрмейін. Әрқайсысының орны бөлек. Бәрі  ыстық. Мысалы, Захарымды  алайық. Ұлты – орыс. Қазақ тілінде жақсы сөйлейді. Бойы кішкентай болса да, сондай сүйкімді, ақылды. Бәрін байқағыш. Үстіңе не кидің, қалай сөйледің, сұрағына қалай жауап бердің бәрін байқап, сынап отырады. Жұмбақ жасырғанды ұнатады. Бірде маған «Сіз сондай құлпырып кетіпсіз,не Парижге барсызба?» — дегенде не дерімді білмей таң қалдым. Бала деген осындай. Ал Милана ше? Мінезі өте құбылмалы. Қырсықтығында шек жоқ. Ешкімді тыңдамайды,айтпаймын десе ештеңе айтқыза алмайсыз. Ондай кезде оған сөйлемеу керек. Біраз уақыт өткеннен кейін қасыңа өзі келеді. Кінәсін мойындағаны. Мойныңа асылып: —-Мен сені жақсы көрем, — дегенде бағанағы тентектігін ұмытып кетесін. Бала мақтағанды ұнатады. Жақсы іс –әрекеттерін күнделікті мақтап, мадақтап отырсаңыз, ол кәдімгідей өзін «Иә, мен сондаймын»деп қабылдайды. Солай бейімделеді. Бірақ, мақтағанда да байқау  керек, басқа баланы ренжітіп алмау керек.  Бала үлкендерге қарап еліктейді емеспе. Күні бойы қасында біз болғандықтан ,әрине бізге еліктеуі табиғи құбылыс. Сондықтан педагог әр күні әдемі болып жүру керек. Бала алдында ешқашан дауыс көтермеу керек. Ерсі қылықтар көрсетпей,сөзге абай болу керек. Дауыс интонацияңызға да үлкен мән беру қажет. Тіпті жүріс-тұрысыңызға да мән беру міндетті. Бір ғалымның айтқаны бар емеспе «Егер педагог жиі ашуланса, онда мамандығын ауыстыру керек деп». Иә, педагог жұмысы оңай емес. Біздің әр минут, сағатымыз бала тәрбиесімен өтуде. Уақытты текке жібермей баланың бақшада өткен әр күні қызықты болса екен деймін. Бала кешке үйіне барғанда ата- анасы:  — Сен бүгін бақшада не істедің, не үйрендің?- деп сұрағанда, баланың нақты жауабы болуы керек. Мен үшін ол маңызды,өйткені, бала жауап бере алмаса, «ештеңе үйренбедік» десе, яғни жұмыс істелмеген деген сөз емеспе. Бір күніңіз босқа кетті деген сөз. Мен үшін бала денсаулығы ғана емес, рухани байлық алса, бойына ұлттық қасиетті сіңірсе, «Мен» деген тұлға қалыптасса екен деймін. Баланың тұлға болып қалыптасуына өзіне – өзі қызмет көрсете білуі, қоршаған ортаға бейімделуі, құрдастарымен, үлкендермен қарым- қатынасқа түсуі, денсаулығын нығайтуына балабақшаның атқарар қызметі зор. Балабақшада істейтін педагог білімді, жан – жақты іздемпаз, сабырлы, еңбекқор болу керек сияқты. Керек кезде әртісте боласыз. Балаға ана да, әке де, дос та, бола білуіңіз керек.

Құдайға шүкір, қазір «балапан» бағдарламасымен ашылып жатқан балабақшалар көп. Менің тілерім, жас мамандарға айтарым, өз мамандықтарын сүйсе екен, жұмысқа немқұрайлы қарамаса екен. Бала тәрбиесі мен оқыту деген үлкен жауапкершілік. Мектепке қарағанда салмағы ауыр. Істеп көрмегендер ойлайды балабақшада оңай, «Не кешке дейін бала ойнатасын басқа не жұмыс» деп. Өйткені,өзімде дәл сондай ойда болғанмын.  Теорияны оқығандада сол пікірде едім. Тек практикада ғана түсінесін. Қаншалықты жұмыс істей аласың, не істей алмайтыныңды. Қазіргі жоғарғы білімі болса болды балабақшада істей беретіндер де бар.  Ол да дұрыс емес деп ойлаймын. Ойбай –ау, бала тәрбиесі ойыншық емес қой. Арнайы білім міндетті түрде болу керек қой. Арнайы білімім болса да,өзімде қорқам, білгенімнен білметінім көп. Үйренетінімде жетерлік.  Мен өз жұмысымды шынымен жақсы көрем. Балаларымды көрмесем сағынып тұрам. Жұмыстан үйге келгенде солардың тәтті қылықтарын айтудан еш жалықпаймын. Отбасым балалардың түрлерін көрмесе де, олардың аттарын жаттап алған. Өз ұлым  тіпті қызғанады. «Сен оларды менен артық көресің ,»-дейді. Сағынғаным соншалық кезекті еңбек демалысымды толық демалмадым. Жұмысқа асықтым…

Білмеймін, бұл ақ қағазға өз ойымды жеткізе алдым ба, жоқ па? Жұмыстың оңайы жоқ. Әр мамандықтың өз қиыншылығы бар. Тәрбиеші мамандығын таңдағанда шынымен қиналып едім. Қалай болар екен? Баламен тіл табыса алам ба? Жыласа жұбата алам ба? Сұрақтарына өзі күткен жауапты бере алам ба? Ата – анамен жұмыс істей алар ма екенмін? – деген сұрақтар көп еді. Бірінші жылы қатты қиналдым. Тіпті бәрін тастап кеткім де келді. Бірақ мен күресті таңдадым. Өзімді – өзім жігерлендірдім. Алдыма мақсат қойдым. Қазір бәріне жауап тапқан сияқтымын. Ата – аналардың бір ауыз рахметі бар қиыншылықты ұмыттырады. Ұжымнан алғыс естігенде, башылардан мақтау қағаздарын алғанда жұмысқа деген құлшынысын одан бетер артады. Ұжымның алдында сыйлы болғын келсе,сен бірінші өзіңді сыйлата білуің керек. Ол үшін нағыз педагог екеніңді көрсет. Үнемі еңбектену,іздену керек. Біреудің көшірмесі болудың қажеті жоқ.  Кейде қателесетін шығармын. Қиналатын кезімде көп. Бірақ онсыз болмайды. Өмірдің өзі күрестен тұрмай ма?  Мен өз мамандығымды мақтан тұтам. Еңбегіңнің жемісін ертең бала мектепке барғанда «5»деген баға әкеліп көрсетсе көресін. Баламен  жұмыс жасау бір бақыт. Еңбек үстінде бүлдіршіндердің қызықты қылықтарынан, шын ниеттерімен бұртиып өкпелегендерінен бақыт табамын. Олардың жалғандығы жоқ, пәк сезімдерінен де ләззат алып, шаршағанымды ұмытамын. Мамандығынды сүймесең өмір де қызықсыз екеніне көзім жеткендей.

Барлығы да баладан басталатын өмір де сонымен қорытындылады ғой. Сондықтан болашағымызды, Отанымыздың жарқын келешегін гүлдендіретін бүгінгі бүлдіршіндер – ертең азаматтар. Сол азамат негізін алғашқы болып қалайтын әріптестерім де мен де бақыттымын деп санаймын. Егеменді еліміздің ірге тасын мықты етіп қалауда білімді де талапты жастарды тәрбиелеуде қосқан кішкене үлесім болса, өзімді мамандығым арқылы бақыттымын деп есептеймін. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Абай атамыздың сөзімен аяқтағым келеді:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *