“ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ БҮГІННІҢ СӘНІ МЕ?!”

 

Бүгінде отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Ол дұрыс емес. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған. Зорлық-зомбылық – азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына әсер етіп (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу, тағы басқалары.

«Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына өзіндік ықпал ететіндігін көрсетеді. Өкінішке қарай, түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес. Әрине, берекесі мен бірлігі жоқ, күнде айқай-шу болатын үйде зорлық-зомбылықтың болатыны белгілі. «Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі еш уақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетіндер – әйелдер мен жас балалар. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентайларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Дөрекілік, балаға күш көрсету, олардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылықты, сайып келгенде қылмысты тудырады. Ол өз-өзіне қол жұмсауға алып келуі мүмкін.сол зорлық-зомбылықты жасайтын адамда анадан туады емес па?!
Қазақ қызға келгенде “ҰЯТ” деген сөзді биік ұстайды. Сен қонақсың. Кеткен қыз қайтып келмеуі керек. Қазақта тағы мынадай сөз бар: “Сүйегі менікі , еті сенікі” деген. Мынадай сөздің айтылу мағынасы ол , барған жерде енесі келініне әрі қарай дұрыс тәрбие беру мақсаты жайлы. Ал қазақтар оны жат мағынада түсініп, қазіргі таңда әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық көп. Байырғы заманда ата-бабаларымыз қызды қалай көкке көтеруші еді. Қызға төрден орын беріп , “Болашақ ана”, өзге жұрттың ұрпағын жалғастырушы деп қадірлейтін.
“Тәрбие тал бесіктен” демекші сол тәрбие жүйелі түрде саналы жолмен берілсе , қоғамда мұндай жағдайлар , зорлық-зомбылық орын алмас еді.

Автор: Назерке Зайфун , “Тұран” университетінің 3 курс студенті.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *