Тұзбен ойнаймыз — шынығамыз

Ашық көрсетілім (Ата-анамен  бірлескен жұмыс).

Тақырыбы:  «Тұзбен ойнаймыз — шынығамыз»

          Міндеті: Балаларды ересектермен бірге мазмұнды қарапайым ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойындарға қызығушылығын дамытуға ықпал ету, шынықтыру шараларын орындауға үйрету.  Ойындар кезінде жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін орындауға   өз бетінше ықылас танытуға үйрету.  Балалардың ойын әрекетіне ата-аналар қауымдастығын  тарту.

          Қажетті құрал-жабдықтар: Түрлі-түсті ойыншық машиналар, тырма күрек,түрлі-түсті ойыншық доптар, түрлі түсті шарлар, түсті қағаздар, әр-түрлі геометриялық сақиналар.

Әдіс — тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, ойын сұрақ-жауап.

Барысы:

Балалар,  бүгін сендердің аналарың бүгін қонаққа келді. Бізбен бірге тұзды шахтада ойындар ойнайды.

  • Балалар қане маған назар аударыңдаршы? Біз өзіміздің жақсы көретін «Топ-топ»  әнін  айтайықшы.
  • Жарайсыңдар балалар.
  • Балалар енді сендермен бірге көңілді піл ойынын ойнаймыз.

№ 1 Ойын тапсырма

Тақырыбы: «Көңілді піл»

Шарты: Балалардың көз деңгейінде орналасқан пілдің макетіне балалар геометриялық пішіндерден жасалған сақиналарды лақтыру арқылы орналастырады.

  • Жарайсыңдар балалар, енді жүк көлігі ойыншықтарымен ойындар ойнаймыз.

№2 ойын тапсырма.

Тақырыбы: «Түрлі-түсті камаздар»

Шарты: Балалар жүк көлігімен жануарларды тасымалдайды. Оларға баспана құрастырып, тұздан төмпешіктер жасап ойнайды. Балаларға сұрақ қоямын. Қандай жануарларды тасымалдап бара жатырсың. Күрегіңнің түсі қандай?

  • Балалар осы тұзды бөлмеде еркін дұрыс тыныс алуымыз керек. Себебі тұзды бөлменің пайдасы өте көп.

Қанекей дұрыс тыныс алайықшы?  1,2,3

Жарайсыңдар,   балалар  керемет жасадыңдар

№ 3 ойын тапсырма

Тақырыбы: «Шармен ойын» Ата-аналармен бірлескен жұмыс.

Шарты: Ата-аналар түрлі-түсті шарларды үрлеп қағаз қиындыларын пайдаланып балаларға арнап ойыншықтар жасайды. (Балапан, тасбақа).

Ата — аналар сіздердің ойыншықтарыңыз өте әдемі шықты. Жарайсыздар енді ойыншықтарды балаларға ұсына қойыңыздар.

Енді тобымызға қайтамыз. Сіздерге көп-көп рахмет.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *