Түстер әлемі

Тәрбиеші:Еркінбек Қасиет
(ортаңғы тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметі)
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастытылған оқу : Математика негіздері
Тақырыбы: «Түстер әлемі»
Мақсаты: Балалардың сенсорлық қабілеттерін дамыту,көлем пішін,түстерді ажыратуға үйрету.
Білімділік: Балалардың түсініктерін қалыптастыру,білімдерін тереңдету.
Дамытушық: Балалардың қолының саусақ ұсақ бұлшық еттерін,ой-өрісін дамыту .
Тәрбиелілік: Балаларды ұқыптылыққа,тазалыққа,жауапкершілікке,өздерін көпшілік
ортада тәртіпті ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көрнекіліктер,турлі түсті түстер.пішіндер.
Әдіс – тәсілі:Көрсету,түсіндірі сұрақ-жауап,мадақтау
Сөздік жұмыс: Қызыл, жасыл, көк, сары
Оқу қызметі барысы: -Балалар бізде бүгін ерекше оқу іс-әрекеті.Бізге көптеген қонақтар келіпті.Алдымен қонақтармен амандасып алайық.Өте жақсы жарайсыңдар, ендеше көңіл-күйімізді көтеріп шаттық шеңберімізді бірге айтайық.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Қайырлы таң балалар
Қайырлы таң қонақтар
Балалардан жыл мезгілдерін сұрау:
— Балалар казір жылдың қай мезгілі?
Балалар жауабы: Қыс.
— Қыс мезгілінде неше ай бар балалар?
Балалар жауабы: 3 ай
Сол 3 айды атайықшы.Балалар қыс меззгілінде ауа-райында қандай ерекшелік болады?
Суық,аяз болады.
-Қыс мезгілінде біздер қандай ойындар ойнаймыз?
Шана,сырғанақ,шаңғы.
-Балалар апта күндерді білемізба? Бір аптада неше күн бар?
7 күн
Балалар біз өткен оқу іс-әрекетімізде нелермен танысып едік?
Дұрыс айтасыңдар пішіндермен таныстық.Қандай пішіндермен таныстық?
Балалар біздін жаңа оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Түстер әлемі»
Балалар мына суретте не бейнеленген?
Ия дұрыс айтасыңдар,қуыршақтар біреу емес көп екен.Әр бір отырған қуыршақтың киіп отырған көйлектері әр түрлі екен.
Балалар мына бірінші отырған қуыршағымыздың көйлегінің түсі «жасыл» екен,ал екінші отырған қуыршағымыздың көйлегінің түсі «сары» екен,ал үшінші отырған куыршағымыздың көйлегінің түсі «көк» екен,ал төртінші отырған куыршағымыздың көйлегінің түсі «қызыл» екен.
Ғажайып сәт: Есікті қағып қоян келеді.
Ақ қоян саған не болған?
Қоян: Балалар мен тоңып қалдым,дала өте суық екен.
Олай болса бізбен бірге сергіту сәтін жаса,сонда жылынып қаларсың.

Сергіту сәті:
Ұзын құлақ ақ қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлерден
Ытқып-ытқп секірді.
Қоян: Балалар мен сендеге құр келген жоқпын ойын алып келдім.Ойын ойнайсыңдарма балалар?
Д/О «Өз түсін тап»
Ойын шарты:Балалар мында 4 түсті қорапшалармен қыстырғаштар бар,сол қыстырғыштарды өзінің түстес қорапшасына қыстыру қажет.
Ақ қоян біздіңде саған арналған сыйлығымыз бар.Қазір балалар өз қолдарымен жасап береді.Балалар қоянға сыйлық ретінде үй жасап беремізба?
Балалар алдымен үйміздің қабырғасын тұрғызамыз, қабырғасын тұрғызу үшін біз қандай пішінді аламыз?Түсі қандай? (Жасыл)
Енді жоғарысына шатыр қажет,шатырымыздың пішіні қандай?Түсі қандай? (көк) Үйімізге енді терезе қажет,тереземіздің пішіні қандай?түсі қандай? (сары)
Енді балалар бізге есік қажет,есіктің пішіні қандай?түсі қандай? (қызыл)
Жарайсыңдар балалар қоянныңда үйіде дайын болды.енді қоян тоңбайтын болды.
Қорытындылау:
Балалар бүгін қандай түстермен таныстық?
Бізге кім қонаққа келді?
Қоянға не жасап бердік? Балаларды мадақтау

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *