Тіл абыройы-ұлт мәртебесі

Тіл-халықтың айнасы.Әрбір халықтың мемлекеттік тілі- сол халықтың тарихынан сыр шертеді. Барлық мемлекет үшін өз тілінің абыройы-ұлт мәртебесі екені хақ. . Тілге деген құрмет — халыққа деген құрмет.     

     Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетіп, жарқыратуымыз керек.Біздің ана тіліміз-қазақ тілі.Қазақ тілі дегенде,бір сөздің өзінен жылулық,мақтаныш және тарихымызды сезінбеу мүмкін емес.Қазақ халқының өзіне тән,жеке тілін жариялау оңай дүние болмағаны,тіпті,қаншама зиялыларымыз өз жанын бергенін барлығымыз білеміз.Ал,неге өзімізде бар,бай тілдің абыройын асқақтатуға тырыспаймыз?Елімізде «Өзге тілдің бәрін біліп», өз тілінде еркін сөйлей алмайтын қандастарымыз қаншама? Біз бұл топты Мұхтар Шахановтың тілімен айтсақ, «Шала қазақтар, жаңа қазақтар» деп «әспеттеп» жүрміз.«Соқыр тауыққа бәрі бидай» демекші,өзге тілде сайрап,өз еліңнің тілін білмесең,сайрап тұрған тіліңнен не пайда?         

      Қазақ тілі — тұғырлы тіл болып, халық арасында өзінің айрықша бағасын алуы керек. Тіл — ұлттың жаны, жүрегі болғандықтан, тіліміз тұғырлы, ғұмырлы болуы керек емес пе? Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек.Тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет екенін ескерсек,қазақ халқына деген мүйіспеншілігіміздің белгісі деп білемін.

        Кезінде ақын Қадыр Мырза Әли:

Ана тілің арың бұл-

Ұятың болып тұр бетте!

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! — деген еді. Сол секілді, үш тілділіктен бұрын біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру туралы ойды қолдап, болашақта қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту керек.

      Сондықтан мен өз замандастармыды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қадір Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *