«Туған өлкем»

 

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Менің туған өлкем»

Мақсаты: туған өлке туралы білімдерін кеңейту.

Білімділік: балаларға туған өлке туралы терең білуге үйрету, оның ерекшеліктері мен табиғаты туралы білімдерін арттыру.

Дамытушылық: сөйлеуін, тіл байлығын,  шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Туған жерінің табиғатына қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:  Қазақстан картасы, Маңғыстау өңірін бейнелейтін сиқырлы шар, интербелсенді тақта, табиғи түйе жүні, желім

Сөздік жұмыс: өлке, өңір, қиыр шығыс, күйреуік, жантақ, сүттіген, адыраспан, итсигек, сарүйек, ешкемер, қоқиқаз, торалақаз, қорытпа

Билингвальды компонент: өлке-край-region, қиыр шығыс- дальний восток-far east

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың

іс-әрекеті

 

Мотивациялық

қозғаушы

 

Ұйымдастыру.

Тыныштық сәті:

(үнтаспадан теңіздің толқынын, аққу, шағалалардың дыбысын тыңдау)

-Балалар, бұл ненің дыбысы?

-Теңіз толқынының дыбысын ести отырып, өзіңізді қайда тұрғандай сезіндіңдер?Теңізге жылдың қай мезгілінде шомыласыңдар?

-Қандай құстың дыбысын естідіңдер?

 

-Шағала қандай құс? Үй құсы ма, әлде дала құсы ма?

— Балалар, біздің өлкемізде қандай теңіз бар?

-Дұрыс айтасыңдар, Каспий теңізі.

 

 

 

Балалар үнтаспадан әуен тыңдап, теңізге саяхаттайды.

-теңіз толқынының дыбысы.

-теңіз жағада.

-жаз мезгілінде шомыламыз.

 

-шағаланың дыбысы.

 

-Дала құсы.

 

-Каспий теңізі

Іздену-

ұйымдастырушы

 

Картамен жұмыс.

-Біз қай Республикада тұрамыз?

 

 

-Біздің бас қаламыз қалай аталады?

-Жарайсыңдар! Астана Орталық Қазақстанда орналасқан.

-Біз Қазақстанның  қай қаласында тұрамыз?

-Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айтыңдаршы?

 

-Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз  «Менің туған өлкем».

— Біз Маңғыстау облысында, Жаңаөзен қаласында тұрамыз. Біздің туған өлкеміз — Маңғыстау өңірі. Қазақстан Республикасында 14 облыс бар.

өңір-өлке, аймақ, туған жер

өлке-край-region

(слайдпен жұмыс)

Маңғыстау облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-қиыр батысында орналасқан.

қиыр-шет, алыс

қиыр шығыс-дальний восток-far east

Маңғыстау облысы- Атырау облысы, Түрікменстан, Өзбекстан , Каспий теңізі арқылы Иран, Азербайжан елдерімен шекаралас. 1973 жылы 20-наурызда құрылды. 1990 жылы 17-тамызда тарихи «Маңғыстау» деген атау берілді. Қазақстандағы жалғыз теңізбен байланысқан су бекеті, Ақтау Халықаралық теңіз сауда порты. Маңғыстау жері топырағы сортаң, өсімдігі-бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғарлы, ылғалы аз, көктемі созылмалы континентті шөл далаға жатады.

Өлкеміздегі Қызыл кітапқа енген жануарлары: кесіртке, кірпі, дала тасбақалары, сарүйек, жыланбас, ешкемер, күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр.

сарүйек, ешкемер

Өңіріміздегі құстарға тоқталатын болсақ: қарға, шіл, қарлығаш, қарабауыр, шағала, қасқалдақ, қоқиқаз, аққу, үйрек, торалақаз.

қоқиқаз, торалақаз

 

Таулы Үстіртте: арқар, қарақұйрық, киік.

Аймақтағы өсімдіктер: теріскен, күйреуік, жантақ, сүттіген, адыраспан, итсигек.

күйреуік, жантақ, сүттіген, адыраспан, итсигек.

Каспий теңізіндегі балықтар: бекіре, қорытпа, теңізжылан, кефаль, майшабақ, бұзаубас.

қорытпа

 

Сергіту сәті:

Гүлге оранып сәулетті көшелерім

Самалымен сауығып, өсер елім!

Өлкемізді сүйеміз, көркемдейміз,

Қайратты боп өсеміз, өркендейміз!

 

Ғажайып сәт:

(Бақташы атайдың жолдаған бейнехабарландыруы).

 

 

-Балалар,  барлығымыз бірлесе  бақташы атайға көмектесейік.

Ұжымдық жұмыс:

Балалар екі топқа бөлінеміз, бірінші топқа  табиғи түйе жүнімен желімнің көмегі арқылы түйені бейнелеуді, екінші топқа триз әдісі арқылы асықтың көмегімен ботаны бейнелеуді ұсынамын.

Балалар мұқият тыңдап отырады.

— Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Астана қаласы.

 

 

-Жаңаөзен қаласында.

 

Балалар Отан туралы, туған жер туралы мақал-мәтел айтады.

 

Балалар мұқият зейін қойып тыңдайды.

 

 

 

 

 

Балалар қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақтадан көреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

 

 

Балалар көгілдір экран арқылы

Бақташы атайдың жолдаған бейнехабарландыруын тамашалайды.

 

 

Шығармашылық жұмысқа белсене қатысады.

 

Рефлексті-

коррекциялаушы

 

Қорытындылау.

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы шар»

Ойынның мақсаты: балаларды туған өлке табиғатымен таныстыру. Оларға қамқор болуға баулу.

 

Ойынның шарты: балалар глобуста бейнеленген Маңғыстау өңірінің табиғатына тән нәрселерді жапсырады.

-Бізде бүгін қандай оқу қызметі болды?

-Бүгінгі оқу қызметінде не туралы әңгімеледік?

 

 

 

-Біз кімге көмектестік?

 

-Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

-Жарайсыңдар, балалар! Барлығыңыз оқу қызметке белсенді, өте жақсы қатыстыңдар! Сендерге  көп рахмет!

Ойынға жаппай белсене қатысады.

 

 

 

 

 

 

-Қоршаған ортамен танысу.

-Маңғыстау өңірінің табиғатымен, құндылықтарымен таныстық.

 

-Бақташы атайға көмектестік.

 

 

Балалар шаттанып, қуанады.

 

Күтілетін нәтиже: туған өлке табиғатымен танысты;

Білуі керек: өздерінің туған өлкесінің құндылықтары туралы әңгімелеуі;

Түсінігі: туған өлке-Маңғыстау өңірі туралы;

Меңгеруі: Отан, туған жер туралы тақпақ, мақал-мәтелдер.

 

Жаңаөзен қаласы. «Рахат бөбекжай-бақша» тәрбиешісі: Якудаева Камила Каржаубаевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *