Туризмнің дамуы — елдің дамуы

Туризм дегеніміз — ол адамның бос уақытында өз еркінше көнілің көтеріп басқа елге баруы. Қыдыру арқылы демалып жан сергітіп демалыс қабылдауы деп ойлаймын.

Менің ойымша туризм саласы көптеген елдерде басым. Әлемнің түпкір-түпкір елдеріне барып аралау арқылы сол мемлекеттың экономикасын көтеру, рухани даму. Туризм тек қана экономикалық емес, сонымен бірге әлеуметтік- мәдени маңызға ие. Себебі, ол елдер арасындағы мемлекетаралық байланыстардың және мәдени айырбастаудың дамуына ықпалын тигізеді, аймақаралық байланыс көлемін арттырады, халықтың танымдық деңгейін көрсетеді. Халық­аралық сарапшылардың пікіріне сүйенсек,  қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын қалыптастыруға, сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің біріне айналып үлгерді.

Заманымыздан бұрынғы Ұлы Жібек жолын алсақ туризмнің бастауы мен дамуының алғышарттары  болып табылады. Халықаралық қатынастардың бастау көзі деп те санаймын. Яғни, ол заманда сауда — туризмге жол ашты. Ал сауда арқылы ел экономикасының дамуы жүзеге асты.

Қазіргі таңда туризмнің дамуы туристік кешендерден бөлек, өнер бағытында жүзеге асуда. Мәселен, Димаш Құдайбергеннің арқасында елімізге туристер көптеп келіп, рухани құндылықтарымыз дәріптелуде.

Қорытындылай келе, туризм әрбір елдің дамуына өлшеусіз үлес қоса алады. Ел экономикасы туризммен тығыз байланысты.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *