“Торғай” газеті және Ә.Балғымбаев

Қазақ баспасөзі тарихының ғасырдан да ұзақ тарихы бар екені бәрімізге мәлім. Оның бүгінгі күнге дейін ғылыми тұрғыдан бір жақты қаралып, түрлі кедергілердің салдарынан кем зерттелгені анық. Сондықтан да, терең зерттей түсуді қажет ететін тұстары баршылық.

1905-1907 жылдардағы қазақ баспасөзінде, өзіндік орнын ойып тұрып алған «Торғай», «Қазақ», «Серке», «Орал» газеттерін атап айтуға болады. Осы тұста «Торғай» облыстық басқарма газетінің қын түбіндегі тарихына шолу жасайық.

 

“Торғай” газеті қазақ ұлтының аты мен абыройының ешқандай саяси саудаға салынбаулығы үшін өзіндік үлесін қосқаны белгілі.

Ең әуелі, бұл газеттің ресми редакторы Әбдіғали Балғымбаев болған. Ол кезінде тек газет редакторы болумен шектелмей, өзі басқарып отырған басылымның халыққа жақын болуы үшін барлық жағдайды жасады. Сонымен қатар, халық атынан жазылған материалдарды ешбір өзгеріссіз бастырып отырды, тіпті орыс тілінде баспаға берілген мақала материалдарын Әбдіғали Балғымбаевтың өзі қазақ тіліне аударып жариялаған болатын. Сондай-ақ, қазақ тілінде шыққан материалды орысша газеттерге де аударып отырған. Оның публицистік қызметі «Торғай газетінің» 1895 жылы 45 нөмірінде «Қарабұтақтағы қыздардың орыс-қазақ училищесінің ашылуы» мақаласынан басталады.

Газетте халық ертегілері, сыни мақалалар, фельетондар, ауыз әдебиеті үлгілері жарық көрген.

 

Сондай-ақ, 1869 жылы 2 қаңтарда Орынбор және Сібір ведомствасына қарайтын территория қайтып құрылды. Бұл жер Торғай облысы деп аталып, құрылымына 4 уезд, 28 болысқа қарайтын облыс болды.

Ал 1879 жылы Орынборда облыстық басқарманың газет орталығы құрылып, оның ресми органы шыға бастады. 1895 жылы бұған қосымша ретінде “Тургайская газета” деген атпен ресми емес бөлімі 15 жылдай шығып тұрды.

 

Патшалы Ресей қазақ жерін жаппай отарлауды жүргізгендіктен газеттің негізгі мақсаты аз-кем жақсылықтарды насихаттай отырып, отарлау саясатын тереңнен жазу болған. Барлық уездерде басшылық жұмысы, тәртіп, тәрбие, заңдылық шаруалары «көп қорқытады, терең батырады» дегенге сәйкестеніп, мыңдаған орыстардың қазақ жеріне қоныстануы, оларға жасалатын жағдайды баяндау баршылық. Орыс мектептері де ашыла бас­тайды, оған қазақ жастарын да тартады. Орыс тілін жас ұрпақтың бойына дарыту бірінші кезекке қойылады. Көптеген уездерде билік орыстардың қолында болады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

· Қайрат Сақ «Ұлттық сана ұйытқысы». Алматы: Қазақ университеті, 2001.-183 б

· Қазақ журналистикасының тарихы (1870-2008 жылдар) Қ.Аллаберген, Ж.Нұсқабайұлы, Ф.Оразаев.

· Әлем баспасөзі тарихынан (Оқу құралы)- Алматы, «Санат» 1998-256  б.

 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Журналистика факультеті 1 курс студенті

  1.                                              Еламан Асылжан

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *