«Техника және біз»

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің» Құсмұрын «Қарлығаш» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Ересек «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі. № 35
Өткізу күні: 24. 11 2021 ж.
Тәрбиеші: Мухамбетжанова А. Ғ.
Білім беру саласы: «Денсаулық» «Дене шынықтыру»
Өтпелі тақырып: «Техника және біз»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балаларды шапшандылыққа және ептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Берілген бағытта жүгіру, секіру дағыларын дамыту.
Оқыту: Допты заттар арасынан екі қолмен домалату. Арқаннан қос аяқтап секіру. Таяқша арасынан ирелендеп жүгіріп өтуге үйрету.
Ресурстармен қамтамасыз ету: кегли, таяқшалар, арқан, музыка, .
Билингвалдық компонент: жүгіру –бегать, секіру – прыгать, доп – мяч.
Сөздік жұмыс: жүгіру,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбер:
Кел балақай кел енді
Кел шынықтыр денеді
Айта көрме әйтпесе
Батыр болам дегенді.
Жалпы жаттығулар:
Шеңбер бойы жүру, жүгіру.
Қолдарын күнге созып аяқтын ұшымен жүру.
Қолдарын артқа ұстап өкшемен жүру.
Шеңбер бойы жүріп таяқшаларды алып қатарға тұру.
Балалар қолымызды созамыз, бір-бірімізге қолымызды тигізбейміз.
Балалар таяқшалармен жалпы жаттығулар жасаймыз.
Таяқшаны мойнымызға қойып оңға солға басты бұрамыз
Қолымызға таяқшаны ұстап алдыға созамыз және жинаймыз.
Тамаша, балалар.
Енді бірінші қатар содан кейін екінші қатар шеңбер бойы жүріп таяқшаларды жинаймыз.
Балалар серігіп алайық.
«Фиксики»
Шеңберден қатарға тұрамыз.
Топта үлкен дорба болады. Ішінде әжейден хат келіпті.
Сәлеметсіздер ме, балалар?Сендерден маған көмек керек болып тұр. Балалар мен сендерге өзімнің орамалдарымды беріп жібердім.
Жуып бересіндер ме?
Балаларды әжеге көмектесеміз бе?
Алдымен денемізді шынықтырып алайық.
Балалар енді негізгі жаттуғулар жасаймыз. /2-3 рет қайталаймыз/
Қатарда түзу тұрамыз.
Допты заттар арасынан екі қолмен домалату. /2-3 рет қайталау/
Допты қолымызға алып екі қолмен допты домалатып жүріп барып допты себетке саламыз
Арқаннан қос аяқтап секіреміз. /2-3 рет қайталау/
Жерде жатқан арқаннан қос аяқтап қолды белге қойып секіреміз.
Таяқшаларға жетеміз. /2-3 рет қайталаймыз/
Таяқшалар арасынан ирелендеп жүгіріп орнымызға тұрамыз.
Балалар денемізді шынықтырып алдық енді әжейдің орамалдарын жуайық.
Қимылды ойын: «Орамал жуу»
Ойын шарты: балалар легендегі орамалдарды кір жуатын машинаға бір –бірден саламыз.
Енді жуылған орамалдарымызды жіпке жаямыз.
Ойын осылай жалғасады.
Балалар орамалдар кепсін содан кейін әжейге салып беріп жібереміз.
Дем алу жаттығулар:
Мысық болып пыс етіп дем аламыз.
Қайнаған құмандар болып дем аламыз.
Алақандағы жылулықты бір-бірімізге береміз.
Мұрнымызбен дем алып аузымыздан шығарамыз.
Тамаша.
3. Қорытынды:
Балалар біз не жасадық?
Балалар бізге кімнен хат келді?
Әже не беріп жіберді?
Орамалдарды қайда салдық?
Балалар келген қонақтармен қоштасайық.
«Қол ұстасып тұрайық,
Шеңбер біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!»
-Өте жақсы! Жарайсыңдар!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *