Темірқазық кітабының тұсаукесері болды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығы қарсаңында философия және саясаттану факультетінің ғалымдары Азамат Жамашев, Ернар Мажен, Дорбетхан Жомарт бірлесіп дайындаған «Темірқазық: қазақ жеріндегі ислам дінінің өткені мен бүгіні» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен оқытушы-профессорлық құрам және студенттер қатысты.

Шарада сөз алған философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев: «Темірқазық: қазақ жеріндегі ислам дінінің өткені мен бүгіні» атты кітабы білім алушыларға, қазақ жеріндегі ислам дінінің өткені мен бүгініне қызығушылық білдіруші университет студенттері мен жалпы оқырман қауымға арналады. Зерттеу жұмысында қазақ даласынан тыс мемлекеттердің пайда болу тарихы, өмір сүру кезеңдері, басшылары мен ұстанған діні және қазақ жерінде орын тепкен мемлекеттердің тарихы кеңінен қамтылған. Ғалымдардың еңбектерінен, құнды мұрағаттардан мәліметтер жинақталып, сол мәліметтерге шетел кітаптарынан айқын дәлелдер мен әртүрлі көзқарастар келтірілген», – дей келе, факультет деканы бүгінгі жас ғалымдар еңбегінің жарыққа шығуымен құттықтады.

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Исламтану мамандығы ІІ курс магистранты

Ерімбет Рамзан Еділбекұлы

Kaznu.kz

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *