«Табиғатқа саяхат»

Білім беру саласы: “Әлеумет”, “Денсаулық”, “Коммуникация”
Тақырыбы: «Табиғатқа саяхат»
Мақсаты:
Білімділігі:Жыл мезгілі туралы мағлұмат беру.
Балаларды қоршаған әлемді сезініуге және тануға деген қызыушылығын арттыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі:Туған жердің табиғатын аялап, қорғауға,адамгершілікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
-Бала біздің бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметіміз ерекше болмақ. Себебі бүгінгіашық ұйымдастырылған оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіп отыр.Ендеше балалар,кеклген қонақтармен амандасып алайық.
Балалар:
Қайырлы тан қонақтар,
Қайырлы тан достарым.
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық.

Доброе утро, гости,
Доброе утро, друзья.
Посмотрите друг на друга,
Пожелайте добра.

Good morning, Good morning,
Good morning, to you.
Good morning, Good morning,
We are glad to you.

(Балалар орындарына отырып жайғасады).
Тарбиеші:
— Балалар мен сендерге жүмбақ жасырайын, тауып көріңдерші?
1.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
Балалар:
-Күн
Тарбиеші:
2.Қанаты жоқ ұшады
Аяғы жоқ қашады
Балалар:
-Жел
Тарбиеші:
3.Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай мезгілде болады?
Балалар:
-Қыс мезгілінде болады.
Тәрбиеші:
— Жарайсыңдар балалар сендер тапқыр екенсңдер.
-Балалар, менің айтқанымды мұқият тыңдап алыңдар. Біз бүгін табиғатқа саяхатқа шығамыз. Бірақ ол жерге тек қана ақылды, білімді балалар бара алады. Біздің алдымыздан кедергілер кездеседі, тапсырмаларды орындау арқылы ғана, олардан өте аламыз. Қорықпайсыңдар ма?
Балалар:
-Жоқ
Тәрбиеші:
-Барамыз ба?
Балалар:
-Ия
Тәрбиеші:
-Қыс мезгілі болғандықтан қар үстінде жеңіл жүру үшін аяқтарымызға үстел астында тұрған шаңғыларымызды киіп, шаналарымызды қолымызға алайық .
Ал ендеше балалар дайын балсақсаяхатымызға шығайық. Жолымызды қысқартып ормаға әндетіп барайық.
(Балалар әндетіп орманға келеді).
Тәрбиеші:
— Қараңдаршы балалар жан — жағымыз қандай әдемі табиғат балалр бір дыбыс естілетін секілді бұл не болды екен?
Қыс ханшайымы:
-Сәлеметсиндерме балалар сендер кайдан жүрсіңдер?
Тәрбиеші:
— Сәлеметсізбе Қыс ханшайымы біз балалармен бірге табиғатты тамашалауға келдік.
Қыс ханшайымы:
-Балалар сендер менің тапсырмамды орындай алмасандар мен сендерді маңгілік мұз етіп қатырып тастаймын, менің тапсырмамды орындауға дайынсыңдарма? Сендер жыл мезгілдерін білесіңдерм ?
Балалар:
— Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.
Қыс ханшайымы:
-Ендеше кім маған жыл мегілдерін атап береді?
Балалар:
— Қыс,Көктем,Жаз, Күз.
Қыс ханшайымы:
— Сендер төрт мезгілді білесіңдер, ал осы төрт мезгілдің ерекшеліктерін айтып беріңші?
Балалар:
— Қыста күн суытып қар жауады, көктемде жер көгеріп гүлдей бастайды, жазда күн ысып теңізге барамыз, күзде жапырақтар сарғайып, жаңбыр жауады.
Тәрбиеші:
-Жарайсындар, дұрыс айтасыңдар.
Қыс ханшайымы:
— Сендер осы мезгілдер туралы тақпақтар білесіңдерме?

1-бала:
Жазда гүлдер тереміз,
Қыста шаңғы тебеміз.
Күзде екеен егіндей,
Көктемде егін егеміз.

2-бала:
Светло – пушистая,
Снежинка белая,
Какая чистая
Какая смелая.

3-бала:
It s winter, It s winter,
Let us skate and ski!
It s winter, It s winter,
It sgreat fun for me!

Қыс ханшайымы:
-Дұрыс айтасыңдар, сендер білімді балалар екенсіңдер, ал ендеше мен кетейін жақсы демалыңдар, сау болыңдар балалар.

Тәрбиеші:
-Ал ендеше балалар көпірден арғы бетке өтейік.
(Балалар көпірден өткелі жатқанда Аққала келеді).
Аққала:
-Ой балаларсәлеметсіңдерме мен сендермен жолыққаныма қатты қуанып турмын. Сендер мұнда қайдан жүрсіңдер?
Тәрбиеші:
— Сәлеметсізбе Аққала біз балалармен саяхаттап шыққанбыз.
Аққала:
-Ал мен орманда жүріп досымнан адасып кетіп коңіл күйім болмай тұр.
Тәрбиеші:
— Мұңайма Аққала біз саған қардан дос жасап береміз. Солай ма балалар? Аққалаға көмектесеміз бе?
Балалар:
-Біз көмекке әр кез дайынбыз.
(Балалар жердеі қарды домалатып аққала жасай бастайды).
Аққала:
-Жарайсыңдар балалар көмектеріңе көп-көп рахмет. Ме жаңа дос тапқаныма қуаныштымын. Сендер де көп жүрмеңдер тонып қаларсыңдар сау болыңдар.
Балалар:
-Сау болыңыз.
(Тәрбиешімен балалар көпірден өтеді).
Тәрбиеші:
-Жарайсындар балалар. Естисіңдерме бір жерден құстың дауысы естіледі.
Естіп тұрсыңдарма? Бұл қандай құс болды екен?
Балалар:
-Қарға
Тәрбиеші:
-Құстардың барлығы жылы жаққа ұшып кеткенде, қарға салқын жаққа ұшып келеді.
Тәрбиеші:
-Балалар қараңдаршы алыстн бір үйшік көрінетін секілді.Бұл не болды екен?
/Үйшіктен қоян шыға келеді/.
Қоян:
-Ой, бір мына аяздың ысқырығын ай.Сәлеметсіңдерме балалар, сендер мұнда неғып жүрсіңдер?
Тәрбиеші:
— Сәлеметсізбе қоян. Біз балалармен орманға саяхаттап шыққанбыз.
Қоян:
— Мен тоңып қалдым, қалай жылынарымды білми тұрғаным, оойй.
Тәрбиеші:
— Ендеше бізге қарай жақындайғой біздің балалар саған денеңді қыздырып жылынуға көмектеседі. Қане балалар қоянға қалай тез жылыну керектігін көрсетейік, бірге шынығып, жылынып алайық.
(Балалар қоянмен бірге жаттығу жасап шынғып алады).
Қоян:
— Рахмет сендерге балалар сендермен бірге жаттығып, көңілім көтеріліп, жылынып та қалдым.
Балалар мен жаттығамын деп шаршап қалдым. Ендеше балалар, жердегі қарды алып, тыныс алу жаттығуын жасап, тыныстап алайық. Сендер де көп жүрми балабақшаға қайтың. Қазір кеш түсіп, күн ұясына батады. Адасып қаларсыңдар. Сау болыңыздар.
Тәрбиеші:
— Жарайды қоян сау болыңыз. Ал олай болса балалар кеш батқанша балабақшаға жетіп алайық.Балалар балабақшаға жол қысқартып андетип барайық.
(Тәрбиеші мен балалар әндетіп балабақшаға оралады).
Тәрбиеші:
-Ал ендеше балалар тақтаға назар аударайық. Тақтада ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Балалар:
-Ағаштардың.
Тәрбиеші:
-Осы ағаштарға төрт жыл мезгілінің ерекшеліктерін жапсыру арқылы көрсетейікші.
(Балалар ағаштарды төрт жыл мезгіліне бөліп жасырады).
Тәрбиеші:
— Балалар осымен біздің саяхатымыз аяқталды. Сендерге саяхатымыз ұнады ма?
Балалар:
— Ия, ұнады.
Тәрбиеші:
— Балалар біздер қайда бардық саяхатқа?
Балалар:
— Орманға.
Тәрбиеші:
-Ол жақтан кімдермен кездестік ,қандай тапсырмалар орындадық?
Балалар:
-Қыс ханшайымы, аққала,қоян.
Тәрбиеші:
— Жарайсыңдар балалар. Сендер бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметіне өте белсене қатыстыңдар.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *