С.Сейфулиннің ғұмырнамалық жанры және шығармаларына арқау болған замана шындығы

«Қазақтың бір туар перзенті, аса көрнекті ақыны және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин халық жадында мәңгі сақталар жан, асылдардың асылы, аяулылардың аяулысы деп еске аламыз. Сәкен – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер. Егер ол тірі болса, бүгін, сөз жоқ, өзіне тән өткірлікпен, от пен судан қорықпайтын батырлықпен тек халық мүддесі жағында ғана тұрар еді.

С.Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы алаш арыстарының өнегелі өмірі.

Алаш қайраткерлерінің өнегелі өмірі мен елі үшін жасаған қызметтері әрбір қазақ азаматы үшін тәрбие көзі болса, олардың қалдырған рухани мұралары халқымыздың рухани байлығына айналып отыр. Алаш зиялыларының қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» – деп көрсеткен болатын. Алаш арыстарының жарқын бейнесін айқын бейнеленейтін, заман шындығына негізделген көркем туындылардың бірі – Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі. Белгілі ғалым, профессор Т.Кәкішұлы «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі туралы төмендегідей пікір білдіреді: «Роман-эсседе ұлт-азаттық қозғалысының өзекті мәселелері, әсіресе қазақ елінің автономия алып, теңдікке қол жеткізу жолындағы ізденістері, бүкіл алаш қозғалысына ұйымдық сипат дарытатын партияның құрылу мән-жайы, алаш көсемі Әлихан Бөкейханов пен кемеңгер Ахмет Байтұрсынов жайындағы Сәкен көзқарасы мен қарым-қатынасы тарихи шындық деңгейінде байсалды суреттелген. Сондықтан ол – қазақтың төңкерісшіл, социалистік реализм бағытымен дамыған әдебиетінің ғана емес, бүкіл сөз өнерінің ұлы да кезеңді шығармасы болып тарих бетінен орын алды». Роман-эсседе ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлғалар Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовтың өмірі, саяси қызметі, шығармашылығы, ел теңсіздігі үшін күресі тарихи шындық негізінде берілген. «Сарыарқа газетінде ол туралы өлең жолдары келтіріледі: Заманда басқан аяқ кейін кеткен, Жасымай Алашына қызмет еткен! Болса да, қалың тұман, қараңғы түн, Туатын «Бақ жұлдызына» көзі жеткен». Тарихи сұсты оқиғаларды айқын көрсеткен «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі бір жағынан – тарих, екінші жағынан – саяси сауат ашқыш болып табылады. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халықтың сана-сезімін ояту, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеру алаш зиялыларының басты мақсаты болды. Сакен Сейфуллин шығармасында Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов басқарған «Қазақ» газетінің сол кездегі қара халықтың жанашыры болғандығын, халықтың осы газеттің ықпалымен жүргендігін төмендегідей суреттейді: «Қазақты» басқарған – Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов. Жазушылар: Бөкейханов тағы солар. Бұл газетте «Тіршіліктен» басқасының бәрі бір бетте болды. Бәрі Орынбордағы «Қазақ» газетінің ықпалымен жүрді. Бәрінің құлақ күйін қазақ газеті бұрап беріп, нұсқау беріп отыратын болды. «Қазақтың» басындағылар, Қазақстанның әр жеріндегі ниеттес адамдарына нұсқа беріп, хат жазып жатты. Газеттердің бәрі көз жұмбай ұлтшыл болды. Ұлтшыл болған соң, еріксіз байшыл газет болды. Бәрінің ортақ туы «Қазақ» газеті болды». Біздің ата-бабаларымыз мыңжылдықтарды артқа тастап, қауымдастық пен мемлекеттік құрылымдардың сан алуан түрін алмастырып, өмірдің талай тар жол, тайғақ кешуін басынан өткерген. Ұлт болып ұйысқан халықты уақыт құрдымына құлатпай, қадір-қасиетімен бүгінге жеткізуі, сол қажеттілік талабын орындай алғандығынан деп ойлаймыз. Біздің бар болуымыз бен нар болуымыз, сол ата-бабаларымыздың тұтастық туын жықпай, қазақтық қалпына қылау түсірмей, ұлттық ұйытқының қаймағын бұзбай, заманнан заманға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуінің арқасы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰу-нің 1 курс студенті Тоқтасынова Еркежан

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *