Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме

Нар көңілдің жастығы ма,
Әлде оянған арман ба,
Жүз жасаған Жамбыл ақын кешегі,
О, керемет, Грузияға барғанда,
«Бір сұлуға ғашық бопты» деседі.
— Міне, нағыз бүгінгінің батыры,
Қатал уақыт қарияны сала алмапты-ау төзіне.
Неткен қайсар сұлулық бұл, —
деп бір орыс ақыны
Жас алыпты көзіне.
Иә, қарттар бар арғымағы арманнан,
Жігерімен дүр сілкінткен даланы.
Сұлулықты сезінуден қалған жан
Бәрінен де қалады.
Жер бетінде жел өшірген із аз ба,
Жігерсіздің өрісі әркез тар болған.
Отызында кемпір болған қыз аз ба,
Жігіт аз ба отыз бесте шал болған?!
Кім жас,
Кім қарт,
Уақыт өзі іріктер,
Ер көбейсін ат қып мінер қиялды.
Қарттық — оттың азаюы,
оты азайған жігіттер
Қай кездеде коғам үшін зиянды.
Бақыттысың әр таң сайын көзіңді
Сұлулыққа суарудан қашпасаң.
Қартайдым деп алдай көрме өзіңді,
Қарттық жаспен өлшенбейді ешқашан.

 

Мұхтар Шаханов

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *