«Сүйек жаңғырту» салты.

Казахский национальный университет им. аль-Фараби (kaznu.kz)

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

Философия және саясаттану факультеті Дінтану мамандығының 3 курс студенті Марат Балжан

Жетекшісі: Әлтаева Н. С.

Әр ұлттың өзіне сай ата дәстүрі, әдет-ғұрыпы және ырымдары бар. Ол сол ұяттың жан дүниесін көрсетіп тұрады. Қазақ халқының да өзіне сай ерекшеліктернің бейнесі секілді салт-дәстүрі бар. Олардың мән-мағынасы, берер тәрбиесі мол. Қазіргі таңда осы дәстүрдің бірін білсек, бірін білмейміз.

Соның ішінде ұмытылып бара жатқан дәстүрлердің бірі бұрындары қыз алысып, мың жылдық уәдесін жұтқан құдалардың ара-жігін суыған уақытта жасалатын «Сүйек жаңғырту» салты.

Сүйек жаңғырту – қазақтың бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрінің бірі. Екі әулеттің барыс-келісі азайған қатынасын қайта жиілетудегі бұл дәстүрінің мән-мағынасы мол. Онда арасы суыған екі құда қайта қыз алысады. Яғни, құда бала мен құдашаның отау құруы. Сөйтіп, екі жақтың достығы мен туыстығы қайта жаңғырып отырған.

Бұл салт қыз бен жігіттің келісімімен қазір де жасалып жүр. Ұзақ уақыттан құдалығы жалғасқан немесе көне құдаларды «Сары сүйек құдалар» дейді. Сүйек жаңғырту дегеніміз ол қазақ халқының байырғы көне салты. Бұл салт дәстүр өте ескі болғанымен қолданысқа қолайлы әрі тиімді. Негізінен өте алыстап кеткен ағайын туысты анасы жағынан бауырларды қайта жақындату мен қосуға арналған салт.

Сүйек жаңғырту қазақ халқының байырғы көне салты. Бұл салт дәстүр өте ескі болғанымен қолданысқа қолайлы әрі тиімді. Сүйек жаңғырту негізінен өте алыстап кеткен бұрынғы құдалықты қайта жақындату мен қосуға арналған салт. Бұл салттың түрі әке жақтан алыстаған ағайындарға қолданылмайды. Рулық ерекшеліктерді ескеру ең басты сипат.

Қазір бұл дәстүр екі жастың келісімімен, отбасының берекесіне айналған көпті көрген ата-әжелер бар үйде жаңғырып жатыр.

– Алғашында бір-бірімізді ұнатып жүрдік. Алайда алыс болсақ та туыстығымыз болған соң, біздің отбасын құруымызға туысқандарымыз «рұқсат бермейді» деп ойладық. Бір күні жолдасым әжесінен: «Әсемге үйленсем бола ма?» деп сұрапты. Сол кезде әжеміз мұның ешқандай әбестігі жоғын айтып, «сүйек жаңғыртатын» деп қуанған екен. Жұбайыма сүйек жаңғырту дәстүрін түсіндіріп, жуырда құда түсіп баратынын айтқан. Осылайша әжеміз біздің үйге құда түсіп келді, – дейді «Сүйек жаңғырту» дәстүрі бойынша отбасын құрған.

Түйін: Қандайда бір салт- дәстүр болмасын ол тарихымыздың бір бөлшегі болып саналады. Сол себепты ұмытылып бара жатқан дәстүрлердің қайта жалғасып, жаңғыруы өз қолымызда.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *