Сюжеттік- рольдік ойын арқылы балалардың қарым- қатынасын нығайту.

                                        

 

Жамишова Гүлжамила Жусанбаевна

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

Басқұдық селолық округі

«Ай-Шах» жекеменшік балабақшасының әдіскері

Zhamishova76@mail.ru

 

 

 

 

  

 

«Ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес »- деп В.Сухомлинский айтқандай, ойын баланың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Балалар білімді ойын арқылы алады,тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуді үйренеді, ұжымдық жұмыс істеуін дағдыландырады. Балалардың жас ерекшеліктеріне, зейініне сай алынған ойын, олардың ақыл-ойын, есте сақтауын, қиялдауын,байланыстыра сөйлеуін қалыптастырады. Біздің балабақшамызда қолданылып жүрген бірнеше ойын түрлері: дидактикалық, қимыл-қозғалыс ойындары ,ойын жаттығулар, сергітулер,суырып салма немесе сахналық ойындар,ұлттық ойындар, түрлі заттармен және материалдармен эксперимент жасау ойындары, З. Дюнештің логикалық ойлауды дамыту  заттарды пішінімен,түсімен, өлшемімен жуандығымен таныстыру ойындары. Дж. Кюзенердің таяқшалары санау мен өлшеу негізіндегі сандар туралы түсініктерін қалыптастыру ойындары, Монтессоридің қол моторикасын дамыту ойындарымен жұмыс жасаудамыз. Соның ішінен сюжеттік- рольдік ойынды  алатын болсақ ол балаларға тән ойынның негізгі қорын құрайды.Сюжеттік-рольдік ойын өмірден алынады.Ойында шындықтың көрінісі,образы бейнеленеді.Ойынға шартты түрде мақсат қойылады, сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекет бала үшін қызықты.Тәрбиешінің ойын мазмұнын байытып,жаңартып ұйымдастырып отыруы біріншіден баланың ақыл-ойын дамытса, ал екіншіден балаларды жалықтырмайды. Қайта жаңаға жаны құмар балада «білсем», «үйренсем», «тағы да не болар екен» деген ұмтылыс қызығушылық туындайды. Балалар ойын барысында:

  1. Өздерін еркін сезінеді.
  2. Ізденімпаздық,тапқырлық әрекет байқатады.
  3. Сезіну,қабылдау,ойлау,қиялдау секілді түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.

 

  1. Баланың сөйлеу қабілеті арта түседі,сөздік қоры молаяды.

Бала ойын арқылы өзін толқытқан  бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүдесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады.Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы түсінігіне әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы қарым-қатынас барысында:

  1. Адамдар іс-әрекетінің жақсы жақтарын аңғарады, жағымды ойлауды үйренеді.
  2. Жанынындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады.
  3. Бір-біріне көмектеседі, жанашырлық сезімі оянады,қамқорлық жасай біледі
  4. Кешірімді болуға, өзгені ренжітпеуге тырысады.

Сюжетті көрсету ойынында баланың өз бетімен жұмыс істеуін дамытумыз керек. Өмірде де баланың «өзім істеймін» дегенді жиі естиміз, ойында олардың өз бетінше ойнауға құқығы бар,тек тәрбиеші ойынға басшылық жасайды. Сюжеттік ойынды кіші топта ойнату кезінде тәрбиеші жеке ойын жабдығын жасайды.(шымылдық,құрлыс материалдары,рольдерге арналған атрибуттар ) мысал етіп балаларға рөлдің сөзін, дыбыстық еліктеуді көрсетеді.Ортаңғы топта тәрбиеші ойын аймақтарын бөліп көрсетеді, балалар кішігірім шағын топтарға біріге отырып, сюжеттік ойындарды құрастырады. Ойынды ұйымдастыра отырып тәрбиеші серіктес болады. Балаларды рөлдерге бөледі. Ересек топтарда тәрбиеші арнайы ойыншықтар мен заттар орынын иеленген ойын кеңістігін ұйымдастырады. Балалар ойын әрекетін өз бетінше еркін атқарады, ойынды өз бетінше құрастырады, сюжетті даму барысында оны өзгертеді, ойын ережелерін сақтай отырып,бір рөлден екінші рөлге көшеді.

Балабақшамызда балалармен «Шаштараз», «Дәрігер» ,«Аспазшы», «Отбасы», «Құрлысшы», «Құтқарушылар» «Кітапханашы», «Дүкенші» т.б көптеген ойындар өткізіледі. Ойын түрлерін экскурсия жасау арқылы таныстырып,әр мамандықтың атқаратын қызметін, қолданылатын құралдарын аңғартамыз. Балалардың мамандықтар туралы білімдерін толықтырып, сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру барысында зейіндерін дамытамыз.Үлкендер еңбегін бағалауды және мамандық таңдауға қызығушылығын тудырамыз. Балалар рөлдерді өздері таңдап ойынды қызықты өткізуге дағдыланады. Мысалы: «Шаштараз» ойынында балалар бір-бірімен қарым-қатынаста болып    әдептілікті, әдемілікті сезінеді. «Отбасы» ойынында бір-біріне деген бауырмалдылық, туыстық қатынастарын біліп, қонақжайлық, ауызбіршілік тәрбиесін иегереді. «Дәрігер» ойынында науқас пен дәрігердің әрекетіне еліктеп, ойын барысында мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық сезімдері оянады. Осы ойындарды ойнату кезінде балалар жалықпас үшін ойынды түрлендіріп, жаңа технологияларды қолданып дамытып отырумыз керек. Сюжеттік ролдік ойынның жағымды жағы балалар ролдерді өздері сомдайды. Бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге бейімделеді. Ұжыммен яғни көпшілікпен санаса білуге ересектер еңбегін бағалай білуге дағдыланады. Ойын барысында өздеріне берілген ролді аса жауапкершілікпен қабылдап, өздерін бір уақыт ересек санатына қосып,ойлау қабілеттері қалыптасады.Ойындар арқылы балаларды өмірдегі ең қажетті қасиеттерге : өжеттілікке , іскерлікке , жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейміз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *