Сыңғырла соңғы қоңырау!

Соңғы қоңырау… Бұл күн мектеп қабырғасында оқып жүрген оқушылар үшін де, ұстаздар үшін де, әсіресе мектепті аяқтағалы жатқан түлектер үшін де ең маңызды әрі әсерлі күн.

Соңғы қоңырау, мектеп қабырғасындағы соңғы күндер, достарыңмен бірге мектеп қабырғасында өткізетін соңғы уақыттар. Кез келген адам үшін мектеп қабырғасындағы уақыттар, достар, ұстаздар мен қимас сәттердің орны тым бөлек.

Өмірімнің өтпелі кезеңдерінің куәсі болған мектебімді,  күлкіменің себепкері болған достарымды, түсіністік танытып, бауыр еті баласындай көрген ұстаздарымды қимаймын.

Ұстаздардың біз үшін алып ұшып тұратыны, айтатын ақылдары, санамызға сіңген ғибратты сөздері, жасаған бұзықтығымыз үшін әлсін әлсін дауыс шығарып қана ұрысатыны, жымиып күлгендері бәрі дерлік санамызда қалатынына сенімдімін!.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *