«Сыпайлық сабақтары»өлең

Жанабаева Самалгул Кайргалиевна

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Сыпайлық сабақтары»өлең

Мақсаты:Балаларды адамдардың арасындағы қарым-қатынастың нормаларымен және қоғамдағы жүріс-тұрыстың ережелерімен таныстыруды үйрету.Көркем сөздерді қолдана білуге дағдыландыру.Сыпайлықтың қарапайым әдеттерін тәрбиелеу.

Көрнекілік: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер .

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

 

Оқу қызмет кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылулық   шеңбері.

Бүгінгі оқу қызметіміз   әдептілік тақырыбында өтіледі.

Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.

Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның

мақтанышы боласың.

Балалар зейіндерін аударып, мұқият тындайды.
Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік.

«Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

— «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз?

— Балалар, бүгін біз сендермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.

Мақал-мәтелдер жаттайық;

Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала.

 

Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,

Үйренеміз жақсы мінез әдептен.

Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

-Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік.

Рефлексивті қорытындылаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жалғастыр» ойыны:

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді тәрбиеші айтады, балалар әрі қарай өздері жалғастырады.

1. Үлкендердің алдын-

2. Кішкене баланы-

3. Құстарды-

4. Қыз баланы-

5. Үйге жүгіріп-

6. Үлкен кісіні-

7. Оқу –құралдарын-

8. Сыныпта айғайлауға-

9.Ысқыруға-

10.Құстың ұясын-

сұрақтар қою арқылы балалардың түсініктерін тексеру.

Сендер жақсы жауап бердіңдер, шапалақтау.

 

Не істеу керек?

— Үлкендерді сыйлау керек

— Ата- аналардың тілін алу керек

— Тәртіпті болу керек

— Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек

— Оқу қызметін   жақсы оқу керек

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Әдептілік туралы білулері керек.Түсінігі: Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек екенін түсінеді. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсету керек екенін меңгереді.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *