Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі

Cыни тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі

      Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

      Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымы мен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 80 – нен асады

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқыту-дың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық техно-логияны меңгеру. Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген.

     Жаңа педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс – әрекеттер жиынтығы.

    Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбекті тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.

       Жаңа технологиялардың басты міндеті – оқушының оқу – танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.

      Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

— Балаға ізгілік тұрғысынан қарау

— Оқыту мен тәрбиенің бірлігі

— Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту

— Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту

— Баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту

— Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндігіне орай оқыту

— Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу

— Оқу үрдісін оқушының сезінуі

        Жаңа технология үрдістерінің талабы – оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс – әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу – танымдық іс – әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу.

      Белгілі бір дәрежеде оқу – танымдық іс – әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды.

      Жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту барысында оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруға бірден – бір әсер етеді. Мұғалімнің рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы топ басшысы, оқушылардың ынта – ықыласын белсенді етуші қалпында көрінеді. Жаңа технология оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтанда олар ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп «әрекет етуге», сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір – бірімен байланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу нәтижесінде бір – бірінің жауаптылығын сезінеді.

        «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын тек білім алу үшін ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының тәрбиеленуіне, жеке тұлға болып қалыптасуына, әлеуметтенуіне, қарым — қатынас мәдениетін қалып-тастыруға септігін тигізеді. «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдалану барысында мұғалім әрбір оқушының өзін — өзі білім алуына ыңғайлы психологиялық-педагогикалық жағдай туғызуы қажет. Осы орайда мен сабғымда көбіне үлестірме және қиынды қағаздарды көбірек пайдаланамын. Оқушыда  қолымен ұстай отырып сыни тұрғыда ойлануына мүмкіндік туады.

      Оқушыларды оқытуда «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын қолдану барысында төмендегідей міндеттерді шешуге болады:

  • оқушылардың өзара бірлескен іс — әрекетін ұйымдастыру, соның нәтижесінде олардың бойында өзара көмек көрсету,
  • еркін түрде өз ойларын көпшілік алдында қорғау,
  • басқалармен өзін салыстырып түзеу,
  • өз — өзіне сыни көзқараспен қарау,
  • сыни ойлауды дамыту,
  • еркін қарым — қатынас жасау,
  • өзін — өзі жетілдіру

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *