Рәміздер күні

Күні:10.12.2018
Мектебі:№8 ЖББ орта мектеп
Сыныбы:2 «Ә»
Сынып жетекшісі: Карабаева Ф.М.
Әдіскер:Сүлейменова С.Ы.
Машықкер:Бөкен Зәкария
Сабақтың тақырыбы:Үмітін елдің арқалап, елінде тұрған рәміздер!
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер – рәміздермен жан-жақты таныстыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау. Оқушылар- ға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой-өрісін кеңейту. Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Көрнекілік:
Қазақстан Республикасы Елбасының және рәміздердің суреттері, қанатты сөздер,интербелсенді тақта.
Сабақтың басы:
1) Ұйымдастыру кезеңі;
2) Психологиялық дайындық;
3) Жаңа тақырыпты енгізу;
Сабақтың ортасы:
1) «Адасқан әріптер» ойыны;
2)»Жалғасын тап» ойыны;
3) Сергіту сәті;
Сабақтың аяғы:
1)»Жылдам ойлан!»ойыны;
2) Балалардың сабақ жайлы ойын білу;
3) Сабақты қорытындылау;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Бүгінгі сабақты мен -Бөкен Зәкария беремін. Балалар, сендер бүгінгі сабақты бастауға дайынсыңдар ма? Балалар бүгінгі сабағымызда біз көптеген қызықты тапсырмалар орындайтын боламыз. Ал ендеше, сабағымызды бастайық!
Психологиялық дайындық: (Арқаға жазылған комплименттер)
— Балалар, ең алдымен тапсырмаларымызды орындамас бұрын, біз бір-бірімізге жақсы-жақсы тілектер тілеп алайық. Яғни, қазір сендер өздеріңе қарама-қарсы тұрған оқушының арқасына жабыстырылған А4 қағазға өз тілектеріңді жазасыңдар.
Жаңа сабақты түсіндіру:
-Ал, енді балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін сендер менің бірнеше сұрақтарыма жауап беріп өтіңдер.
-Біз қай елде тұрып жатырмыз? (Қазақстан)
-Қазақстан қандай ел? (Тәуелсіз, дербес ел)
-Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер? (Ту,Елтаңба, Әнұран)
-Осы рәміздеріміз жайлы не білесіңдер?(Еліміздің нышаны,ең басты құндылығымыз).
-Иә, балалар дұрыс айтасыңдар! Яғни, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы рәміздерімізге арналып, Үмітін елдің арқалап, елінде тұрған рәміздер!деп аталады.Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын,қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Әрбір елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі мемлекеттер қанша болса , сол мемлекеттердің барлығында бірінен- бірін ажырататын және өзіндік бет бейнесін айқындайтын нышан белгілері болады. Оларды рәміздер деп атаймыз. Қазақстан Республикасының рәміздері: Елтаңба, Ту , Гимн.Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы заң 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.Міне оқушылар Елбасымыздың Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленді.

Сабақтың ортасы:
«Адасқан әріптер» ойыны.
-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың алғашқы тапсырмасы»Адасқан әріптер » деп аталады. Бұл ойында әр қатарғабіріңғай сөздер беріліп, сол адасқан әріптерді орналастырып, бүгінгі сабаққа қатысты бір сөз шығару- ларың керек. Жәнеде сол шығарған сөзге қатысты сөйлем құрастыруларың керек.Әр қатарға екі-екі сөзден беріледі.
1-қатарға:
Қ З С А Қ Т Н А А , П Р Е Б И А К С У Л
2- қатарға:
Р І М Ә З, Т Е Ң А Л А Б
3- қатарға:
У Т Е Ә І Л Д С З К, Р Н Ә Ұ Н А.
«Жалғасын тап» ойыны.
-Балалар, бұл ойында сендерге осы Отанымыз жайлы мақал-мәтелдер оқимын. Сол мақалдар арасында бір сөз жеткіліксіз. Сендер сол сөзді тауып үш тілде айтуларың керек.
Отан үшін ——түс күймейсің ( пламя,от,fire)
Отан — басталады . (отбасысемья,family)
Отансыз — ормансызбұлбұл(адам ,человек ,man)
Туған —жерболмас ,туғанелдей ,ел болмас .(жер,земля,Earth)
Жарайсыңдар, балалар! Сендер, мақал-мәтелдерді жақсы біледі екенсіңдер.
Сергіту сәті:
-Ал енді, балалар, бойымызды сергіту мақсатында, сергіту сәтін жасайық. Қазірмаған көмектесу үшін ортаға бір оқушы келуі керек. Мен сол оқушыға бір суретті көрсетемін, ал ол оқушы сендерге мимика арқылы сендерге түсіндіреді. Орнында отырған оқушылар сол бейнені табуы керек.
«Жылдам ойлан»ойыны
-Ал балалар, бүгінгі сабағымызды қорытындылау мақсатында қазір мен бірнеше сұрақтар қоямын. Сол сұрақтарға кім тез, әрі жылдам жауап берсе, соған әдемі сыйлықтар беріледі.
-Біздің мемлекетімізді кім басқарады? (Н.Ә.Назарбаев)
-ҚР тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жыл)
-ҚР- ның қандай рәміздерін білесіңдер? (Ту, Елтаңба, Әнұран)
-ҚР — ның рәміздері күні қашан тойланады? (4 маусымда)
-Белгілі бір іс-шара, мерекелерде ең алдымен қандай әуен ойнатылады? (Әнұран)
-Біздің туымызда не бейнеленген ? ( Қыран, ою, күн)
Балалардың сабақ жайлы ойын білу:
— Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
Егер де ұнаса, бас бармақтарыңды көрсетіңдер.
Егер де орташа деңгейде ұнаса, жымиған түр көрсетіңдер.
Егерде мүлде ұнамаса, мұңайған түр көрсетіңдер.
Сабақты қорытындылау:
Балалар, осымен бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. Сабаққа белсене қатысқандарың үшін көптен-көп рахмет! Сау болыңдар!

Әдіскер:
Мұғалім:
Баға:

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *