Рухани дағдарыс

Жаманбай Маржан,

ҚАЗҰУ-дың 3 курс студенті.

Жетекшісі: Н.Б. Рушанова, аға оқытушы

Қазіргі рухани дағдарыс заманында көптеген ұлттар тарих бетінен ұлт ретінде жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұр. Ұлтты сақтайтын – оның тілі мен діні, тұғыры мықты тарихы, дәстүрі болуында емес пе? Алайда, оны сақтап, халықтың санасында бекем ұстау жолындағы тартыс мәселесі тарих сахнасынан түскен емес. Бала күнімізден “Қазақпыз, ұлтшыл болу керек” дегендей сөздерді жиі еститінбіз. “Қазақ” деген сөздің астарында намысты, жігерлі болу, қайтпас қайсарлық, елге деген махаббат, дінге деген құрмет, рухани байлық, т.б. сол сияқты қасиеттер ойға қонады. Қазақ елі бұрыннан рухани дамуға қатты мән берген. Ал қазір рухани дағдарысқа тап болған секілдіміз. Ұлттық болмысынан ажырап, ұлттық мінез, ар-ұят дегенді ұмыттық. Интернет желісінде ойына келген дүниелерді жариялап, ер балалар әйел кейпінде жыныстарын ауыстырып ұят дегенді ұмытты. Қазақ қалай рухани азбайды. Өнер деп ойына келгенін жасап, сапасыз, мән-мағынасыз әзілдерді өнерге бағалайды. Өнер деген сөздің қасиетінен айырылды. Адалдық, адамгершіліктік ұмытқан секілдіміз. Қазақ деген ел аштықта да, жоқтықта да ар-намысын сатпай, “өлімнен ұят күшті” деп өскен халық емес пе еді?…

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *