Психикалық дамуы тежелген оқушылардың ойлау ерекшеліктерІ

Төкен Жанерке

Ойлау – объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасымен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Ойлаудың басқа психологиялық үрдістерден айырмашылығы, бұл әрекеттің бір қиын мәселені, күрделі ситуацияны шешумен байланысты болды. Ойлау қабылдау сияқты емес, сезімдік тәжірибе шеңберінен асып кетеді. Ойлауда сенсорлық ақпараттар негізінде, теориялық және практикалық қорытындылар жасалады. Ойлау болмысты, тек заттар түрінде ғана емес,олардың қасиеті, өзара байланысы, қарым-қатынасы түрінде, яғни белгілі бір заңдылықтар мен қорытындылар түрінде көрсетеді.
Ойлау 85 адам миының үлкен жарты шарларының қабығында үздіксіз өтіп жататын анализдеу және синтездеу әрекеті. Ойлау процесін іске асыру үшін ми қабығы түгелдей қатынасып отырады. Ойлау процесі үшін ең алдымен мәні зор физиологиялық процестер анализаторлардың мидағы ұштарының арасында туып жататын уақытша нервтік байланыстар.
Бастауыш сынып психикалық дамуы тежелген оқушының бірте-бірте ой өрісінің қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза алуына қарай өзінің ойын құрбылары арасында дәлелдеуге үйрене бастайды. Ол не болса, соған көнбейді, өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не берген жауабына сынмен қарап: пікіріне не ісіне өзгерісінің бағыты тұрғысына қарай алуға үйренеді. Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен немесе бірдемелерді түсіну, түсіндіру керектігінен басталады.
ПДТ балалардың ойлауының дамуын ерекшеліктерін ескере отырып үш топқа қарастырады:
 Бұл ойлау қабілетінің дамуы қалыпты болғанымен танымдық қабілетінің төмендігін көрсетедін балалар;
 Бұл танымдық қабілеті және тапсырманы орындау белсенділігі бірқалыпсыз балалар;
 Танымдық қабілетінің дамудан тыс қалған тапсырманы орындау деңгейі өте төмен балалар.
Қазіргі кездегі ПДТ балалардың ойлау әрекетінің ерекшеліктері туралы айтқанда, Т.В.Егорованың зерттеу материалдарына сүйенуге болады. Ол үлгермеуші бастауыш сынып оқушылардың көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық ойлау түрлерін, жан-жақты толық зерттеумен көп жылдар айналысты. Т.В.Егорованың жасаған тамаша әдістемелерінің көмегімен, бұл балалардың ойлау кемшіліктерінің спецификалық ерекшеліктері анықталды.
11
Көрнекі-әрекеттік ойлау түрінің деңгейі, бұл балаларда қалыпты балалардың деңгейімен бірдей десе болады, психикалық даму тежелуі өте айқын балаларда, сәл өзгеше болуы мүмкін. Балалардың басым көпшілігі, берілген тапсырмаларды дұрыс және жақсы орындайды,тек кейбіреулеріне ынталандырушы көмек керек болады, кейбіреулеріне тапсырманы қайталап түсіндіріп, нақты нұсқау беру қажет болады.
Көрнекі-бейнелік ойлау түрі. Бейнелік ойлаудың қызметі адамның жалпы жағдайлардың нақтылануымен жағдайды өзгертетін өз іс-әрекетінің нәтижесінде алғысы келетін, жағдайды және ондағы өзгерістерді түсінуімен байланысты.
Бейнеде затты бір мезгілде бірнеше көзқарас тұрғысынан көру тіркелген. Бейнелік ойлаудың өте маңызды ерекшелігі – заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттегі емес, “керемет” сәйкестіктерін анықтау. Көрнекі — әрекеттік ойлауға қарағанда көрнекі–бейнелік ойлауда жағдай тек бейне тұрғысында өзгереді.
Көрнекі ойлау және дерексізденген–теориялық ойлау көптеген тәсілдермен бір–біріне өтеді. Олардың арасындағы айырмашылықтар салыстырмалы; Көркем ойлауда бейненің өзі жалқыны нақтылы бейнелей отырып, сонымен бірге жалпыланған функцияны орындайды; ол сыртқы кереғарлықты көрсетпейді, алайда ол маңызды. Кез келген ойлау азды–көпті жалпыланған абстрактілі ұғымдарда жасалады және барлық ойлау азды–көпті көрнекі сезімдік бейнелерге қосылады; ұғымдар және бейне–түсініктер оларда үздіксіз бірлікте беріледі. Адам түсініктерсіз, сезімдік көрнекіліктен тыс ойлай алмайды; ол сондай–ақ ұғымдарсыз, тек қана сезімдік-көрнекі бейнелерде де ойлай алмайды.
Сөздік-логикалық ойлау түрі – ойлаудың ең жоғары деңгейі, сондықтан, көрсеткіштер бірден төмендей бастайды. Сөйтсе де, ПДТ балалардың арасында, ойлаудың бұл түрінің даму деңгейі, қалыпқа сәйкестері кездеседі.
Балалардың тапсырманың тек жартысын ғана орындауға шамалары жетеді. Көп жағдайда балаларға сөздік қордың аздығы, логикалық байланыстарды орындата алмау, заттар мен құбылыстардың өзара қатынасын ұғынбау тәрізді кемшілктер кедергі жасайды. [4]
ПДТ балалардың ойлау операцияларының кемістігін көптеген эксперименттер нәтижелері дәлелдейді. Мысалы, М.В.Зверева мен А.И.Липкина психикалық дамуы тежелген балалар заттарды салыстыруда олардың ұқсастықтарынан гөрі айырмашылықтарына назар аударатынын айтады. Мектептердегі мұғалімдердің жылдар бойы жинақтаған мол тәжірибесі психикалық дамуы тежелген оқушылардың ойлау түрі нақты екендігін көрсетеді. Кемақыл оқушылардың ойлауындағы негізгі кемшілік–қорыту, жалпылау қабілеттерінің төмендігі, бұл оқу процесіндегі ережелер мен жалпы ұғымдарды меңгере алмаудан көрінеді. Олар ережені жатқа білгенімен, көп жағдайларда мағынасын білмейді, өз тәжірибесінде дұрыс қолдана алмайды. Сондықтан ережелерді білуді қажет ететін пәндер –арифметика мен грамматиканы қиындықпен меңгереді.

12
И.М.Соловьев психикалық дамуы тежелген балалардың ойлау қабілеттерін зерттеуде стереотиптік тенденцияларды анықтайды. Бұл тенденция балалардың арифметикалық есептерді шешуде әрбір жаңа есепті өзі білетін бір ғана жолмен шешуге тырысатынынан көрінеді. Мұндай «жабысқақ» ойлау түрі логикалық ойлауға кері «секірулер» туғызады, яғни бірден бірге ауысады. Келесі бір кемшілік түрі –ойлаудағы реттеушілік рольдің әлсіздігі. Яғни бала өзі меңгерген ойлау операцияларын қажетті жағдайда тиісінше қолдана алмайды. Бұл ең алдымен мұғалім үшін қиындық туғызады. Бір жағынан бұл сыни тұрғыдан ойлай алмаумен байланысты. Психикалық дамуы тежелген балалар өздерінің іс-әрекеттеріне сын көзбен қарамайды, өз қателіктерін көрмейді. Себебі, өз ойлары мен әрекетерін обьективті нақтылық талаптарымен салыстыра білмеу –сыни ойлаудың болмауынан деп түсіндіріледі. Бұл психикалық дамуы тежелген оқушылардың басым көпшілігіне тән белгі.
Психикалық дамуы тежелген балалардың ойлау қызметінің дамуында да айқын артта қалушылықпен өзгешеліктері бар. Олардың барша ойлау формаларының артта қалуы байқалады, мектептегі оқудың басталуына қарай мұндай балаларда, әдетте әлі негізгі ойлау операциялары талдау, топтау,салыстыру, қорыту қалыптаспаған.Ойлау белсенділігінің төмендігі тән.
Е.Д.Хромская айтуы бойынша, психикалық дамуы тежелген балаларды көрнекі – бейнелік және сөздік –логикалық түрлері сақталған. Бұл балаларға қарым-қатынасқа тікелей түсуге мүмкіндік береді. Олар элементтердің кеңістіктік қатынасын дұрыс пайдаланады, арифметикалық операцияларды (жазбаша) көрнекі-бейнеленген сюжеттегі реттілікті табу тапсырмаларын орындай алады .

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *