ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, БАЙЗАҚ АУДАНЫ, БОТАМОЙНАҚ АУЫЛЫНДА «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ – ОТАНДЫҚ ТАРИХТЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ» АТТЫ ЖАСТАР ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ.
“Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырыс аясында «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын ілгеріту жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасының аясында 8-қазан күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ботамойнақ ауылында «Ұлы даланың жеті қыры – отандық тарихты дамытудың жарқын үлгісі» атты аудан жастарының азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру және жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыру мақсатында жастар және ауыл тұрғындары арасында семинар өтті.
Семинар барысында түрлі сұрақтар қойып, сұхбаттар жүргізу арқылы қатысушылардың ұлттық құндылықтарымызды білу деңгейлері анықталды. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсыныстары тыңдалып сұрақтарына жауап берілді.
Шараға жастар және ауыл тұрғындары қатысты.
Іс-шараға жалпы саны 7 адам қатысты.