ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерін ойындар арқылы дамыту

Ойын — оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті — ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.
Ойын — оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да ПДТ оқушылар да сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенген жөн. Олай болса ойынды пайдаланудың, маңызы зор.ПДТ балалар үшін мектеп қабырғасында ең күрделі пән математика сабағы болып табылады.Ал осы ойынды математика сабағында қолдана отырып, ПДТ балаларды саналы ойлауға үйретеміз. Нәтижесінде балалардың қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыбына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасай отырып, ПДТ балалардың ойлауына,танымдық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Мысалы, ПДТ балаларды әр түрлі сабақтар барысында сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау», «Өз орныңды тап», «Сан құрамын анықта», «Құстарға қамқорлық», «Жапырақ жинаймыз», «Шырша безендіру» ойындарын ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді.
Ойынның нәтижесінде, баланың бойында: ойлау, ұйымдастырушылық қасиет, тапқырлық, белсенділік, шыдамдылық қалыптасады.
ПДТ балаларды дамытуда дидактикалық ойындырды да қолдануға болады. Дидактикалық ойындар көп жоспарлы, күрделі, педагогикалық құбылыстарды өз алдына көрсетеді: ол бастауыш мектеп жастағы балаларды оқытудың ойындық әрекеті және оқу формасы, емін-еркін ойындық әрекеті, және баланың тұлғалылығын жан – жақты тәрбиелеу тәсілі болып табылады.
Дидактикалық ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындар барысында психикалық дамуы тежелген балалардың есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне, көлеміне қарай іріктеуге әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.
14
Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балаларды оқыту тәжірибесінде дидактикалық ойындардың бірнеше түрі қалыптасқан. Атап айтқанда, түзете — дамыта оқыту сыныптарда төмендегі ойын түрлері жиі пайданылады. «Қай әріпті жоғалттым», «Қай буынды жоғалттым», «Бос торкөзді толтыр», «Қызықты торкөз», «Сөйлем қуаласпақ», «Тыныс белгісін тап», «Екі — екіден жұпта», «Кім тапқыр», «Сөз ойла — тез ойла», «Ойлан, тап», «Кім шапшаң?», «Қай дыбыстан басталады», «Қағып алып, жауабын айт», «Сиқырлы сандық».
Дидактикалық ойындар психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеуін дамытады, сөздік қорын толтырады және белсендендіреді, дыбысты дұрыс шығару қалыптасады, байланысты сөйлеу дамиды, өз ойын дұрыс жеткізу, ойлау, зейін, ес дамиды.
Балалардың сөздік – логикалық ойлауын дамыту үшін мынандай ойындар жүргізіледі: «Ойыншық өзі туралы не айтады», «Барлық жағынан», «Жазылуы бойынша жауабын шеш», «Жартылай суреттер», «Дүкенде», «Кескінді суреттер» , мазайка, конструкторлы ойындар.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *