Оқушылардың химия пәніне танымдық белсенділігін арттыру

                            Оқушылардың химия пәніне танымдық белсенділігін арттыру

                                                   Шаяхмет Нұрай Нұрланқызы

                              Ғылыми жетекшісі: Оспанова Гүлзира Серікбайқызы, PhD

Сүлейман Демирел атындағы университет

Қазіргі уақытта  мектептерде педагогикалық процестің тиімділігін арттыру міндеті  тұр. “Мұны қалай жасауға болады? ” деген сұрақ туындайды.                                                                  Қазақстанда жалпы орта білім беретін мектептердің 80% -ында химия пәні оқушылар үшін ең қиын,қызықсыз сабақтардың бірі болып саналады.Не себепті олай?Бізде жалпы білім беретін мектептерде химия сабағы тек сабақты түсіндіру,қиын есептер шығарумен шектеліп қалады.Ал енді бұндай сабаққа оқушылар қалай қызықсын.Бұл ескірген әдістермен қазіргі таңда оқушылардың химияға деген қызығушылын немесе мотивациясын көтере алмаймыз.Бізге жалпы білім беретін мектептерде химия пәні үшін зертханалық жұмыстар қосу қажет.Теориядан мезі болған оқушыларға, халат киіп  әртүрлі эксперименттер жасатқызу,олардың танымдық белсенділігін арттырады.Онымен қоса сабақты өткізуде заманауи трендтер пайдалану.Яғни балалар қазір әлеуметтік желілілерді көп отырады,соны пайдаланып оқушыларға соған қатысты тапсырмалар беретін болса, химия пәніне оқушылардың қызығушылықтары артып қана қоймай, химияны ғылым ретінде тани алатын еді.Және осы нәрселермен шектелмей оқушыларды мектеп әкімшілігінің рұқсатымен, қаладағы әртүрлі өндіріс орындары мен зертханалық орталықтарға апарып,болып жатқан процесстермен таныстыру олардың танымын кеңейтетіні сөзсіз.Жоғарыда жазылған заттарды қолға алсақ,бізден де неше түрлі ғалымдардың шығуы айқын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *