Отан деген немене?

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы №103 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 «ә» сынып оқушысы Мықтыбек Балауса Мамырбекқызы

Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
Біз, Қазақстанның патриотымыз! Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең. Әрбір жанға өзінің отбасы, туған-туыстары, жолдастары ыстық болса, Отанда адам баласына солай ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез-келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс – күймесін»-деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жаныңды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қала бермек.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *