«Ормандағы үйшік»

Мақсаты: Балалардың театрландырылған іс-әрекет арқылы түсініктерін кеңейту
Балалардың сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ертегі кейіпкерлерін сахналандыру, геометриялық пішіндерді ажыратып, қоян мен бақаның пішіндерін құрастыруға, жемістер мен көкөністерді сипап сезу арқылы ажырату, сұрақтарға толықтай жауап қайтаруға үйрету;
Балаларды достыққа, татулыққа, ұйымшылдыққа, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: үйшік, кілттер, сұр қасқыр, шиқылдауық тышқан
Көрнекіліктер: слайд үйшік, түлкі, қоян, қасқыр, аю, геометриялық пішіндер, жемістер мен көкөністер, түрлі-түсті кілттер
Барысы:
Балалар поезға отырып, ортаға келеді: «Сәлемдесу аялдамасы»
Тәрбиеші: қонақтарға қайырлы таң, доброе утро, Good morning
Енді шеңберге тұрайық
Таңғы шеңбер:
Бала, бала, баламыз
Үйшікке біз барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамыз да, қаламыз
Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі? (қазір қыс мезгілі)
Маған қыс мезгілін сипаттап беріңдерші. Қыста не жауады? Қардың түсі қандай?
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады, қатады
Жып-жылтыр боп жатады
Тәрбиеші: Ормандағы үйшікке қарай барайық
Немен барайық? (автобуспен, трамваймен, ұшақпен, поезбен)
Ендеше қатар-қатар тұрайық
Поезды біз құрайық
Слайд ( үйшіктің суреті, сосын кезекпен жануарлардың суреттеріне назар аудару)
Мына жерде үйшік тұр ғой, бірақ есігі ашылмайды, ал мына жерде кілттер жатыр екен, кәнеки ашып көрейік, ашылмайды, ол үшін біз жұмбақтың шешуін тауып, «Ғажайып аңдар» деген тапсырманы орындауымыз керек
1.Өзі бір қу, жүрген жері айғай да, шу (түлкі). Енді түлкінің жүрісін салайық
2.Қыс бойына жатады
Тәтті ұйқыға батады (аю) аю болып жүрейік
3.Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады (қоян) қоян болып секірейік
4.Сұр түсті, ақсиған көп тісті (қасқыр) қасқыр болып ырылдайық
Балалар әр аңның жүрісін салып отырады
Тәрбиеші: (балаларға маскаларын кигізеді) Тышқан келеді, мына үйшікте кім тұрады екен деп
Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын, пи-пи-пи
Тәрбиеші: Бір уақытта секіріп ұзын құлақ сұр қоян келеді, есікті тарсылдатады,
Қоян: мына үйшікте кім тұрады? Сосын кілтті алып,екеуі есікті ашып көрейін десе, есік ашылмайды
Тәрбиеші: біз қоян туралы тақпақ айтайық: «Ұзын құлақ, сұр қоян»
ал тышқан мен қоян үйшіктің кілтін тапсын десек, біз тапсырманы орындауымыз керек, біз мына «Қояннық сиқырлы құлақтары» деген ойын ойнайық, ішінде не бар екенін табайық (балалар кезекпен қоянның сиқырлы құлақтарынан жемістер мен көкөністерді алып, олардың түстерін, қайда өсетінін айтады
Тәрбиеші: бір уақытта бақылдаған бақа келеді
Бақа: мен бақылдаған бақамын, мына үйшікте кім тұрады? Кілтті алып, ашып көреді, бірақ есік ашылмайды
Тәрбиеші: бақылдаған бақаға көмектесіп, мына геометриялық пішіндерден қоян мен бақаны құрастырып көрейік
(балаларды екі топқа бөліп, геометриялық пішіндерден бақа мен қоянды құрастырту
Сергіту сәті: «Біз бір үйде нешеуміз?»
Біз бір үйде нешеуміз
Кел санайық екеуміз
Бас бармақ –әкем
Балан үйрек – анам
Ортан терек – ағам
Шылдыр шүмек – мен
Кішкентай бөбек – сен
Тәрбиеші: бір уақытта үйшікке түлкі мен қасқыр келеді. Қандай әдемі үйшік, Ыр-ыр-ыр, мен сұр қасқырмын, тілге жаттығу жасайық
Ан-ан, шиқылдауық тышқан
Ян-ян, ақ қоян
Қа-қа, бақылдауық бақа
Кі-кі, айлакер түлкі
Қыр-қыр, сұр қасқыр
Ю-ю, қорбаңдаған аю
Қасқыр: мына үйшік қандай әдемі, кілтті алып ашып көрейінші
Тәрбиеші: енді осы кілттердің құлыптарын тауып көрейікші
Тәрбиеші: енді барлық аңдар есікті аша алмай тұрғанда үйшікке аю келеді
Аю: мен қорбаңдаған аюмын, мен де сендермен бірге тұрғым келеді, дос болғым келеді, мен сендерге мына достық шыршасын ала келдім
Тәрбиеші: рахмет саған аю, ал ендеше балалар біз осы достық шыршасына әдемі ойыншықтарды жапсырып, тілектерімізді айтайық (балалар қолдарына шыршаның ойыншықтарын алып, қандай аңдар келгенін айтып, шыршаға жапсырады.)
Тәрбиеші: Менде ең соңғы кілт қалды, мүмкін осы кілт үйшікті ашып қалар.
Есік ашылады, барлығы қуанып, үйшікке кіреді
Ең соңында «Бүгін қандай көңілді, көңілді күн» деген өлеңді қосып, сабын көпіршіктерімен ойнату

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *